Болашақпен» оқып жүр талай қазақ баласы...

12.05.2020, 13:12

10

   Қазіргідей экономиканыңтұрақсыздығы бір жағынан, әлемді әбігерге салған коронавирус екінші жағынансоққан қысылтаяң шақта тың дүние ұсына алатын көзі ашық ел азаматтарына артыларүміт зор.

Балқожа бидің немересі ЫбырайАлтынсаринға айтқанындай: «Үміт еткен көзімнің нұры балам» деп, осы уақытта «шетелдіңоқуын бітірген біздің білімді жастарымыз қайда, ел экономикасын жандандыруға олардыңбілімін неге пайдаланбасқа» деген ой қылаң береді. Мәселен, 27 жылға жуық уақытбойы мемлекет қаржысын аямай құйып келе жатқан «Болашақ» бағдарламасыменшетелден білім алып келгендердің алды бүгін елге пайдасын тигізіп, көңіл көншітерлікнәтижелер көрсететіндей болды.   

 Былтырғы маусым айында, іріктеудің бірінші кезеңінде елімізден134 азамат «Болашақтың»стипендиясыменшетел асқан.Олардың білім алуы үшінбөлінетін қаражат та ауылдағы қарапайым адамның түсіне кіре бермейтін ақша. «Ақшаесепті жақсы көреді» дегендей, ендеше, сандарды сөйлетіп көрейік: «болашақтықтардың»баратын еліне қарай, бір жылға академиялық оқуға кететін орташа шығын 5 млн 836мың теңгеден бастап, 26 миллионға дейін жетеді. Ең қымбаты – АҚШ оқу орындары. Оныңішіне академиялық оқуының құны, тамағына, өмір сүруі мен оқу әдебиеттерінеқажетті стипендиясы, барып-қайтуына берілетін әуе көлігі билетінің ақшасы кіреді.Алты ай шет тіліне дайындыққа, орташа есеппен 3,5 миллионнан 9 миллион теңгегедейін мемлекет қаражаты жұмсалады. Шетелде өтетін екі айлық магистратурағадейінгі дайындыққа  кететін орташа шығын 2-4миллионның айналасында. Ал тағайындалатын стипендияның саны 2005 жылдан бастап3000-ға көбейгенін ескерсек, сосын, сол 3000-ды жаңағы миллиондарға көбейтсек,содан кейін жобаның нәтижесі қандай болғанын сұрамай көріңіз.  Әрине, қазақстандықтар жастар үшін бұл өтетиімді әрі зор мүмкіндік, бірақ сол білімімен Қазақстанның емес, өзге елдің экономикасындамытуға үлес қосып жүргендер туралы не дейміз?!   

  «Судың да сұрауы бар» дегендей, бүгін қоғамда осынау ғылымгранитін кемірген, басқа елге сапалы білім іздеп барған озық ойлы жастарды жиіесіне алатындар көбейді. Ал ол стипендиаттардың елге қайтып келуінің бірден-бірсебебі ‒ келісімшарттағы 3-5 жылды елімізде еңбек ету арқылы өтеу. Талаптыорындамаған жағдайда оқуы мен күнкөрісіне кеткен қыруар ақшаны мемлекеткеқайтаруға міндеттеледі. Соған қарамастан, амалын тауып, кейбірі тіптімемлекетке қарыз болып қалса да, өмірін шетелмен байланыстырып, елге оралуданбас тартқандар бар. Халықаралық бағдарламалар орталығы 26 жылда  осы бағдарламамен 10 738 маман даярланғаны, олардың ішінен қазіргі кезде 7226 түлек өздерінің шарттағы міндеттемелерінорындағаны, 3331 түлек еңбекпен өтеу мониторингінде екені туралы мәліметбереді. Демек, қалған 181 студенттің бір бөлігі шетелде тұрақтап қалғандар. Мысалы,Нидерландының Wageningen университетінде оқып, бірнеше елге саяхаттап келген ОлжасСерікұлы «мен де шетелде қалар едім» деген ойын іркілмей айтты. Көбі таңдайтынСолтүстік Америка, Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония елдері экономикалықжағынан әлдеқайда тұрақты. «Бізде бизнес саласында табысқа жету ұзақ мерзімгесозылып кетеді, ал дамыған елдерде бұл үрдіс жылдамдау жүреді. Мен жалданбалыжұмыстан гөрі жеке іспен айналысуды қалаймын. Ал шетелдік компаниялардамансаптық өсу мәселесі туралы айтар болсам, ол тікелей адамның қабілеті менталпынысына байланысты. Егер мықты маман болсаң, кез келген ортада озып шығасың.Өзім отбасым мен ертеректе қолға алған жеке бизнесім Алматыда болған соң, елгеоралуыма тура келді», – дейді. 

Орыстілділерайтпақшы, «утечка мозгов» «болашақтықтардың» арасында ғана емес, Назарбаевзияткерлік мектептерінен де байқалады. Мысалы, бүгінде мектеп түлектері үшіншвейцариялық бес жоғары оқу орнына емтихан тапсырмай түсуіне мүмкіндік ашылыпотыр. Одан бөлек, шетелдік ЖОО-лар арнайы грант бөліп тұрады. Бір ғана Таразқаласындағы НЗМ түлектерін айтсақ, The Hong Kong Polytechnic University, М.В.Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург ұлттық зерттеуполитехникалық университеті, Amsterdam University college, Пусан ұлттық университеті, Universityof Toronto, Budapest University of technology and economics, KAIST, InnopolisUniversity және т.б. университеттерге оқуға түскен. Осылайша бүгінгі таңдаеліміздің 91 мың азаматы білім қуып шетелге кеткенін айтып, мәселе көтергенболатын депутат Наталья Жұмаділдаева. Бұл тек елшіліктердің есепке алғандарығана, ал тіркеуде жоқтарын қоссақ, мына саннан да артып кететінін шамалады.Мемлекетіміздегі білдей бір білім және ғылым министрлігі бұған қатыстысараптама жүргізбейтін болып шықты. Ал көрші елдің қауіпсіздік қызметініңмәліметінше, Ресейге оқу іздеп барғандардың төрттен бір бөлігінен астамықазақстандықтар.  

Негізі, бұлмәселе көрші Ресейде де өзекті тақырып. Бұған қатысты президент Владимир Путинмемлекет тарапынан жоғары білікті мамандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдайтуғызып, зертханалар құрып, сәйкесінше тиісті еңбекақысын тағайындау қажетдеген байламға келіп отыр. 

Шетелгежіберген жастарымызға инвестиция құюымыз өз алдына, одан бөлек, тағы бірмәселенің шеті қылтиды. Мәселен, кейбір сынаушылар жоғарыда айтқан «Болашақпен»оқып келгендердің көбі теорияны бір адамдай жақсы білгенімен, тәжірибегекелгенде кемшін түсіп жататынын сынға алуда. Жалпы, «болашақтықтар» өзге елдесол жақтың мамандықтары мен ғылымын меңгеріп алады да, Қазақстанға келгендемүлдем басқа жүйе, басқа заңдылық пен басқа ережелер екенін, жергілікті жердегітәртіп алабөтендігін көріп, оқу оқып, миына тоқығанының мұнда қажеті болмайқалғанын түсінеді. Оқып келген мамандығы емес, жолдамамен жіберген жұмыстыатқаруға мәжбүр болып, моральдық дағдарысқа тап болады. Ақыр соңында не елдегіжұмысқа бейімделеді, не шетелге қайта кетеді деген де нұсқа бар.


Қосымша ақпарат:

Жақында сыбайласжемқорлықпен күрес агенттігі «Болашақ» бағдарламасын қаржыландыруға қатыстыжүргізген тексеру кезінде Халықаралық бағдарламалар орталығы («Болашақ»бағдарламасының операторы) бөлінген қаражатты оңды-солды шашып келгенінанықтады. Аталған орталықтың басқа елдердегі өкілдіктеріне кететін шығынытиімсіз болып шықты. Мысалы, АҚШ-тағы өкілдіктері жан-жаққа ақпарат жөнелту,қабылдауларға барып, кездесулер өткізу сияқты айына жеті іс-шара өткізіп, солүшін 23 күнге өзіне ақша аударып, бірақ есеп бергенде тек жеті күнін ғанакөрсеткен. Бұл жұмыс уақытының 30 пайызы ғана болса, төлемнің 70 пайызы ысырап  болды деген сөз. Оған қоса, қызметтік жалақы,жеке үстеме, сыйақы деген қып-қызыл ақшаны орталық президенті өз бетіншетағайындаған. Есесіне кейбір қызметкерлер еш негізсіз жалақысынан да асыптүсетін сыйақы алып тұрған.

Одан қалды, 2016жылдан бері орталықтың қаржылық есептілігі ескертумен бекітіліп келген. Барлықсыртқы аудит мәліметтердің шынайы әрі тиісті дәрежеде көрсетілгені туралысенімді дәлелдердің жоқтығын атап өткен. Бұған қаржыландырылған әрі оқыпжүргені ақиқат стипендиаттар туралы түрлі деректер дәлел. Мысалы, бүгінде бағдарламажұмыс істеген 26 жылда 10 738 маман даярланды деген статистика берілсе, мұныңалдында, 2018-19 жылдары 25 жыл ішінде 13 244 стипендия тағайындалғаны жәнеоның 2 пайыз стипендиаты ғана оқуын аяқтай алмағаны айтылып жүрді. Орталық ендіөзінің бастамасы бойынша жүргізген сыртқы талдаудан кейін түрлі олқылықтыңорнын толтыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларынаедәуір өзгерістер әзірлеуге кіріскен. Дегенмен бұл  бағдарлама айналасында өрбіген бірінші дауемес екені бәрімізге мәлім. Бәрінен бұрын инвестиция салынған жобаның ақталғанымаңызды. 

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА

          

        

                   








   


    


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39