Болат Назарбаевтың қанша әйелі бар?

18.10.2019, 19:36

5

Ғаламторда, WhatsAppжелісінде тұңғыш президенттің туған інісі Болат Назарбаев бергенкөкпардан түсірілген видео таралып, жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр.

Видеоға қарағанда,  нағыз ас та, төк той, қаз-қатар тігілген киізүйлер.

Тағы бір видеода Б.Назарбаев бір бума долларды төс қалтасынан шығарып, әлдекімгесалфетке сияқты бере салады. Сахнада әнайтып жатқан Мақпал Жүнісованың даусы естіледі. «Құдай-ау не деген той мынау» деп таң қалысын жасыра алмаған видеотүсірушінің айтуынша, әнші біткеннің бәрі осы тойда жүр. 20 қазан палаубасылған. Тәртіп сақшылары Шымкент-Шардара тас жолын жауып тастаған.   

— Көкпар 17 қазан күніШардараға кіре беріс жердегі Жаушықұм деген ауылда өтті. Болат НазарбаевШардара ауданына күйеу бала болып келеді. Сүткент деген ауылдың қызын алғанекен. Көкпардың осы әйелінен туған баласына арнап беріпті. Болат Назарбаевтыңжанында белгілі миллионер Серікжан Сейітжанов пен генерал-майор, ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен Молдияр Оразалиев жүрді. Өз көзімізбенкөргеніміз — көкпардың салымына деп 7 «Нива» көлігі тігілді. Ақшалай салымдар өзалдына. Болат Назарбаевтың өзі көкпарға арнайы тікұшақпен келді, — деді осыкөкпарды көзбен көрген азаматтардың бірі.

Шардара аудандық әкімдігініңқызметкерлері де өңірде осындай дүбірлі көкпардың өткенін растап берді.Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған бір маманның айтуынша, жергілікті әкімдіккөкпарға келушілерді ауызсумен қамтамасыз ету, басқа да ұйымдастыру жұмыстарынжүргізіпті (рас, көкпарды берушілер қызмет көрсеткендердің ақысын жемей,бәрімен есеп айырысқан көрінеді).

Осы тойда Б.Назарбаевпен тізе қағыстырып отырған Серікжан Сейітжанов тасы өрге домалап тұрған кәсіпкер. «Форбс» журналының тұжырымы бойыншаҚазақстандағы байлардың тізімінен түспейді, бірнеше өңірде зауыттары, мұнайбарлау компаниясы, Шымкентте «Риксос Хадиша» қонақ үйі бар. Сейітжановтар менНазарбаевтар өзара құда. Қайбір жылы Сейітжановтың немересі Болат Назарбаевтыңағасының ұлы, генерал Қайрат Сатыбалдының қызын алған. Екі жастың үйлену тойынажүз мыңдаған долларлық торт пісіріліп, ел бір шулаған еді.

Жалпы Болат Назарбаевұл-қыздарының нағашысында дүркіретіп той өткізуді әдетке айналдырған сияқты.Биыл тамызда ол өзі күйеу бала болып келетін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында той берген. Еркежан дегенперзентінің құрметіне берілген тойға 45 миллион теңгенің жұмсалғаны, спорттықшараларда жеңіске жеткендерге су жаңа көлік таратылғаны айтылды.

Ал оның алдында Болат Назарбаевтың ұлының құрметіне өткен Алматықаласындағы тойдың төрінде сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбекпен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың бірге тілек айтып тұрған видеосыда әлеуметтік желіде тарап, жұрттың мазағына қалған еді. Ал қайбір жылдары Алматы облысында Б.Назарбаевтың және бір әйелінің ауылында сүндет той өтіп, тікұшақтан ақша тасталып, халықты мазақтап, қорлаған еді. 

Жалпы, экс-президент Н.Назарбаев та, оның спикер қызы Д.Назарбаева да,мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та даңғаза тойды тоқтату туралы айтып-ақ жүр.  

Бірақ, олардың сөзін Болат Назарбаев құлағына да қыстырмай келеді. 

Суретте WhatsApp желісінде тараған фото

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34