БҚО-да сайлауға қатысушылар саны 61,5 пайыз құрады

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

12.01.2021, 14:06

976

Барлық деңгейдегі депутаттар сайлауы Батыс Қазақстан облысының 505 сайлау учаскесінде өтті. Соның 100-ден астамы Орал қаласының үлесінде.

Ауылдағы ағайын әдеттегіше белсенділік танытса, қалалықтар таңдау жасауға асықпады. Сайлау учаскелеріндегі жұрттың қалың нөпірі түске таман байқалды. Бұған бір жағынан сол күні облыста жауын жауып, көшелер мұз айдынына айналғаны себеп болғаны анық. Тіпті, жолаушы тасымалдайтын автобустардың тегін жүргені, алғашқы сайлаушыларға берілетін тарту-таралғы да халықтың сайлауға деген құлшынысын оята алмады. Қатысушылар саны тұрғысынан түс кезінде көрсеткіш 47 пайызға әрең жетіп, учаскелер жабылған кешкі сағат 20:00-де 61,5 пайызбен түйінделді. Бұл 450 мыңнан аса сайлау құқығы бар азаматтардың тек жартысынан астамы ғана сайлауға қатысты деген сөз.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұбайымен бірге шаһардағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде орналасқан №450 учаскеде дауыс берді. Айтуынша, әкімнің Нұр-Сұлтанда оқитын ұлы да өзінің азаматтық таңдауын жасапты. «Бүгінгі ауа райы халыққа қиындық туғызып тұрғанын түсінемін. Бірақ, сайлауға қатысу арқылы біз алдағы бес жылдағы ел тағдырын анықтаймыз. Сондықтан барлық сақтық шараларын бұзбай дауыс беруге келгендерге алғысымды білдіремін», — деді әкім.

Сондай-ақ осы күні бірқатар қоғам белсенділерінің полиция бөлімшелеріне жеткізілгені, кейін олардың барлығының босатылғаны белгілі болды.     

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58