Браконьерлермен күрес тоқтамайды

31.10.2019, 17:58

22

Қорықтіршілігі жыл он екі ай тоқтамайды. Өйткені   әр маусымның өзіндікерекшеліктері мен міндеттері бар. Әрине, қорықшылар ісіндегі қордаланғанмәселелер бүгін ғана пайда болған жоқ. Ұлттық табиғи байлығымызды қору ісі сеніптапсырылған қорықшыларға қастандық жасау, оларға қарсы оқ ату, адам құрлыкөрмеу, браконьерлердің тым еркінсіп кетуі, мұның бәрі бұрыннан бар жағдайлар. Талаймәрте жазылды да, айтылды да… Тек билік бұл мәселеге бұрын аса қатты назараудармады. Соңғы кездері бірінен кейін-бірі қаза тапқан қорықшылар оқиғасыбұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қатты талқыланды да бұлмәселе бүгінгі күннің басты жаңалығына айналып шыға келді.

Сонымен 13 қаңтарда кешке Toyota Land Cruiserкөлігіндегі белгісіз үш адам соңдарына түскен инспекторлар Ницык пенНұрғалиевке қарсылық танытып, шабуыл жасаған. Арада екі сағат өткенде полиция мен инспекторлар шабуылдан жараланғанинспекторларды тапты. Басынан ауыр жараланған ЕрланНұрғалиев 14 қаңтарда елордадағы №1 қалалық емханағажеткізілгеніменбір күннен аса ес-түссіз жатқан ол 15 қаңтарда қайтыс болды. Броконьерлердің дандайсыпкеткені соншалық олар алдымен сөзбен тәжікелескен соң, қорықшыларға қолжұмсаған. Яғни, олар Ницыкты бірнеше рет шүйдесінен, кейін мылтықтың дүбіменбетінен ұрған.

23 шілдеде «Охотзоопром» инспекторы 43 жастағы ҚанышНұртазинов браконьерлер қолынан қаза тапты. Тағы бір қорықшы Самат ОспановқаДжерзинск қаласындағы ауруханада операция жасалды. Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрлігі таратқан ақпараттарға қарағанда 23 шілдеде шамаментүскі сағат 11-де қорықшылар Ақмола облысы Жарқайың ауданы аумағында киіктердіатып жүрген браконьерлерді байқап қалып, соңына түскен. Бірақ, «Нива» көлігіндеотырғандар қорықшыларға оқ атып, осының салдарынан екі инспектор жарақат алған. Өкінішке орай,инспекторлардың бірі кеудесінен оқ жарақатын алып, дәрігерлер келгенше жантапсырды. Екінші инспектор кеудесі мен иығынан жарақат алған. Қаза тапқан Қаныш Нұртазинов Қарағанды облысы Ұлытауауданы Қоскөл ауылының азаматы еді. Марқұмның соңында әйелі мен төрт баласықалды.

Осы оқиғағабайланысты 45 жастағы еркек пен оның 20 жастағы ұлы күдікке ілінді. Ақмолаоблысы полиция департаменті «45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы Арқалықтұрғыны екені анықталды. Олар полициядан жасырынып, қуғыннан құтылмақшы болған.Дегенмен, ақмолалық жедел қызметкерлердің  жұмыла әрекет етуінің арқасындаолар Қостанай облысының аумағында ұсталды» деген ақпарат таратты.

Биылғы жылдың 25-қазанында Қызылорда облысындабраконьерлерді аңдуға шыққан «Охотзоопром» мекемесінің тағы бір қорықшысы қазатапты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі таратқанақпараттарға қарағанда бұл жағдай 2019 жылдың 25 қазанда түнгі сағат 02:00шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында орын алған. Кезекті рейдтікшара жүргізу кезінде браконьерлерді қуып бара жатқан «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ныңинспекторы көліктің аударылу себебінен қайтыс болды.

Бұл оқиғаның алдында Жамбыл облысының таулыаумағында тұтанған өрттен орман қорықшысы қаза тапты. Қайғылы жағдай, қызылжалынды сөндіру кезінде орын алыпты.Қырғызстанмен шекараласаумақта құрғақ шөптің тұтануынан болған өртті сөндіруге екі күн бойы 80-ге жуықадам мен ондаған техника жұмылдырылса да, тілсіз жау бой алдырмаған. Болжамбойынша  200 гектар жерді жалын шарпыған. Өртті сөндіремін деп өзі ажалқұшқан азамат – Ақыртөбе орман шаруашылығы мекемесінің орманшы-қорықшысы еді. Қайыңдыауылының тұрғыны, 5 баланың әкесі, 46 жастағы Асылбек Алтаев өрт сөндірукезінде тау шыңынан құлап кеткен.

Міне, осындайқайғылы оқиғалардан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшылардыңбеделін көтеру бағытында бірқатар іс-шараларды қолға алып, киіктерді атқаныүшін жазаны күшейту қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы қаскөйлерұсталып, сотқа тартылатынын айта келе, киіктерді атқандарға жазаны күшейтудітапсырды. Ал, Мәжіліс депутаттары «Охотзоопром» инспекторы ЕрланНұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынды. «Бүкіл қоғам берген антынаберік ұстанып, мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қайтысболған біздің қорықшыны мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұрап отыр. Ол өмірініңсоңына дейін антқа берік болды. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстаптұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өзбатырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күресжолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі — Петр Ницык те марапатқа лайық депсанаймыз» деді бұл жөнінде мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков.

Әрине, аңаулау, саятшылық жасаудың тарихы тым тереңде жатыр. Аң аулауды кәсіп еткенадамдар жайлы талай-талай жақсы дүниелер де жазылды. Бір кездері қолына мылтықұстаған жандар көбінесе тамақ табу үшін, отбасын асырау үшін аңды атуға мәжбүрболса, бүгінгінің аңшылары қызық үшін, құмарлықты басу үшін ғана оқ ататынболды. Тіпті, аң қуған топтың еліріп кеткендіктері соншалық жолында кездескенқорықшыларға да қорықпастан оқ ататынды шығарды. Бұрынғының аңшылары аңныңсоңына жаяу немесе атпен, болмағанда шаңғымен түсетін болса, қазір бұл іскезаманымыздың озық технологиясын барынша пайдаланып, мықты көліктермен аңдытопырлатып қуып, автоматпен бірін қалдырмай қырып салатын болды. Бүгінгізаманда аш жүрген ешкім жоқ. Сондықтан аң аулаудағы о бастағы мақсат та өзгеріпкеткен. Негізі Қызыл кітапқа енген ақбөкендердің мүйізін алу мақсатындабраконьерлік жасау ұйымдасқан қылмысқа жатады. Сарапшылардың пікірінше, «Қарабазарда» мұндай өнімнің бір килосын бірнеше мың еуроға бағалайды. Осыдан кейінбүгінгінің аңшылары қора-қора киікті басындағы екі тал мүйізі үшін топ-тобыменқырып тастаудан еш тайсалмайды. Мүйіздерін кесіп алады, ал, жансыз денелерітеңкиіп-теңкиіп далада қалады.

Енді бұлбраконьерлерге тыйым бола ма? Олар қашанғы тайраңдай береді? Инспекторлар менқорықшылар жануарлар дүниесін қорғау және браконьерлікке жол бермеу міндетінатқарып жүргендеріне қарамастан, қылмыскерлермен кездескенде ештеңе істейалмайтындарын айтады.

— Олар адамөмірін бағаламайды. Жазалау жоқ, сондықтан тайраңдайды. Мемлекет бұған мәнберуі керек, инспекторлардың өкілетін күшейтіп, олардың қауіпсіздігін ойлаукерек. Олар не үшін өмірлерін қатерге тігеді? Қорықшыларға да өкілет керек.Оларды инспекторлармен теңестіру қажет. Қорықшының мүлде құқығы жоқ: тоқтатып,тексеріп, аудандық бөлімге жеткізуге құқылы емес, — дейді бұл жөнінде Теміртаудағықалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының басқарма төрағасы Алексей Мигушин.

Мигушинніңайтуынша, браконьерлердің инспекторлар мен қорықшыларға қол жұмсаған кездеріжиі кездеседі. Тіпті, браконьерлік бойынша істер көп жағдайда полицияға дажетпейді.

— ЖақындаАлматы облысында қарақұйрықты өлтіргені үшін бір браконьерді жазалады. Ол адамбұған дейін қабандарды атып, қашып кеткен болатын. Полицияға бұл туралы жаздық,деректерді ұсындық, бірақ оны жазаламады. Алматыға барып, бес қарақұйрықтыатқан соң бес жылға сотталды, — дейді Алексей Мигушин.

Қорықшыларғабайланысты қайғылы оқиғалардан кейін инспекторларға жиі шабуыл жасалатыны,алайда браконьерлік бойынша істің «сотқа жетпей қалатыны» немесе «түрліобъективті және субъективті себептерге байланысты сиырқұйымшақтанып кететінін»ауыл шаруашылығы министрлігі де мойындады. Ал, «Охотзоопром» мемлекеттікмекемесі Қызылорда филиалының басшысы Берік Жорабеков далалы жердебраконьерлердің әрекетіне тосқауыл қою және оларды ұстау кезінде көптегенқиындықтарға тап болатынын айтады. Мысалы, мемлекеттен берілген автокөліктербраконьерлердің көліктеріне жете алмайды.

— Көліктеріміздіңқозғалтқыштарының көлемі 4-4,5 литр болса, браконьерлер мемлекеттікстандарттарды өзгертіп, автокөліктерін 5,7 литр қылып жасап алады. Заң бұзып,көліктерін әлдеқайда биік қылып, көтеріп алады. Мемлекеттік стандарттардабелгіленген тәртіпке бағынбайды. Далалық жерлерде оларға жетіп, ұстап алу өтеқиын. Заң бұзғандарды тоқтатамыз деп көліктерімізді қиратып жатамыз. Олардыұстау оңай шаруа емес. Былтыр бірнеше браконьерді ұстап, іс материалдарынөткізгенбіз. Іс соңына дейін жетпеді. Ішкі істер органдарына бірнеше рет шағымжазғанбыз. Мысалы, 2018 жылы қарақұйрық, он үш бас киік табылған автокөліктіұстадық. Бірақ көлікті егесіне қайтарып бергенін естідік. Осындай бассыздықтартоқтатылса деймін. Сонымен қатар, жақында Жалағаш, Қармақшы аудандарындағыдалалы жерлерде қарақұйрықты аяусыз қырып жүрген браконьерлерді «Охотзоопром»мекемесінің Қызылорда филиалы инспекторлары зорға ұстаған. Оларды ішкі істероргандарына өткізген. Бірақ браконьерлердің «істері дәлелденбеді» дегенсебеппен автокөлігі егесіне қайтарылып, қозғалған іс тоқтатылыпты. Бұл ішкіістер органдары жұмыс істемей жатыр деген сөз емес. Заңды күшейту керек. Джипмінген қарулы адамдар далалық жерде қандай мақсатпен жүреді? Браконьерліктіанықтау мен олардың әрекетін дәлелдеуді жеңілдетсе екен. Оларды ұстау – біздіңміндетіміз. Бірақ одан ары тергеу әрекеттерін жүргізіп, қылмыстарын дәлелдеу,заң шеңберінде жаза тағайындау – ішкі істер органдарының міндеті ғой. Шындапкелгенде жазадан құтылып жатқандар біздің жұмысымызға миығынан күліп қарайды.Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра береді, — деп күйінеді Берік Жорабеков.

Яғни, көшеде,далада жүрген джиптердің мемлекеттік стандарттарға сай әлде сай еместігінтексеру керек. Егер сай емес болса жазаға тарту қажет. Сонымен қатар,браконьерлікпен ұсталды ма, көлігін сол сәтте тәркілеу керек емес пе?

Қорықшылар оққа ұшып, қаза тапқаннан кейін«Охотзоопром» инспекторларына қосымша қару-жарақ, атап айтқанда оқ өтпейтінкеудешелер, карабиндер мен шоқпарлар таратыла бастады. «Охотзоопром»  мекемесінің бас директоры Ерзат Әлзақовтыңайтуына қарағанда қосымша қару-жарақ беру туралы шешімді ішкі істер министрлігімақұлдаған. Дегенменде Әлзақов қарудан басқа радиобайланыс жүйесін де жаңартуқажет екенін айтады, себебі техника ескірген.

Бессаусақ бірдей емес екені сияқты бір қорықшылар жануарлар әлемін қорғауда басыноққа тігіп, өмірімен қош айтысып жатса, керісінше аңды қорғаудың орнына оныңқұрып бітуіне барынша ат салысып жүрген қорықшылар да бар. Мысалыға «Охотзоопром»мекемесінің өңірлік бір филиалының инспекторлары 200-ге жуық киіктің мүйізінкесіп алуға көмек көрсеткен. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданып, қаскөйлер меноның жақтастары қамауда отыр. Полицейлер бұдан бөлек 154 бас ақбөкенніңөлексесін тапты. Браконьерлік әрекет биыл наурызда тіркелді. Сорақысы солқылмыстық топтың құрамында қос қорықшы болды. «Охотзоопром» қызметкерлері екітанысына киіктерді тарсылдатып атуына жағдай жасап берген.

— «Охотзоопром» өңірлік филиалықызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Мұнымен қоса, мүйіздерді сатып алғанадам да белгілі болды. Ол контрабандалық жолмен Ресей аумағына тасымалдап,сосын Қытайға сатуды жоспарлаған. Айғақ ретінде оның гаражынан 217 мүйізтабылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, — дейді бұл жөнінде Ақмолаоблыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Осылайшамемлекетке бұдан 1 миллиард 435миллион теңгеден аса шығын келтірілді. Одан бөлек, киіктердің жылда жүздепатылуы оның көбеюін тежемей ме? Өйткені өткен ғасырдың 60-70 жылдарында 1 жарыммиллионға жуық бөкен мекендеген. Текелерініңқалыптасып, кәдімгідей ұрпақ беретін жасына жету үшін кем дегенде 2-3 жылдайуақыт керек екен. Сондықтан текелердің сақталуы оның популяцисынаүлкен рөл тигізеді.Ал қазіргісанаққа сәйкес 334 мыңнан астам ақбөкен бар. «Бұл салыстырмалы түрде жақсыкөрсеткіш» дейді мамандар. Бірақ бассыздық тиылмай, киік басынкөбейтем деу бекершілік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16