Бүгінгі «Жас Алашта»: Байбек сонда... түк бітірмеген бе?

31.10.2019, 11:13

177

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Алматыға жасаған 2күндік сапарынан сансыз сұрақ жауапсыз қалды. Қ.ТОҚАЕВ пен қала әкімі Б. САҒЫНТАЕВ өзаракелісіп алғандай қаладағы кемшіліктерді тізіп шыққандарына қарасақ, бұрынғыәкім Бауыржан БАЙБЕК түк бітірмегендей. Қызық, Қ.ТОҚАЕВ кезінде Сенаттың, САҒЫНТАЕВҮкіметтің, одан президентәкімшілігінің төрінде отырғанда Алматыдағы «былыққа» мойындарын неге бұрып қарамаған? Ал олардыңсындарына атқарушы биліктің жұмысын қадағалап, бақылаушы «Нұр-Отандағы»Бауыржан БАЙБЕКТІҢ қарымтасы қандай болмақ? Алмас НҮСІПТІҢ мақаласы 1-3 беттерде.


«Сағынтаевтың айтқанын мен айтсам, сотқа берер еді»

Мыңдаған малы бар кәсіпкер Жұмасейіт НҰРБАЕВ ет бағасықымбаттаса, қатты қуанады. Қуанғанда да,еттің қымбаттауынан пайдасы артып кетпейді екен. Қуанатыны сол – ет бағасықымбаттап жұрт шуласа, биліктің есіне сап етіп ауылшаруашылық саласы түседіекен. Еңбегінің тең жартысыналыпсатарларға талатып жүрген кәсіпкер ауылшаруашылық саласының кемшіліктерінжіліктеп шықты.

СапарбаевтыңШымкентке жолдауды насихаттап барып, шашын жұлған қазақ қыздарына қайран қалып,намыс іздегені, ауызсуға жарымай отырған Аягөздің ахуалы, сабағы құрылыспенқатар жүрген Теміртау мектептерінің жағдайы бүгінгі «Жас Алаштың» назарындаболды.

«Жас Алаштың» жаңасұхбат алаңы  – «Алдыңғылардың әңгімесінде»тарих ғылымының докторы, академик Мәмбет ҚОЙГЕЛДІГЕ төр ұсынды.  

Тұщымды сұхбаттаншағын үзінді:

Ананыңқайғысы не деген ауыр қайғы… Маған Азамат (халық әртісі Қасым ЖӘКІБАЕВТЫҢ советбилігіне қарсы шыққан ұлы)  жазған еңсоңғы төрт-бес жол өлеңін берді. Сонда Азамат: «Мен ауруханада жатқанымабәленбай жыл болды. Мен терезенің алдына келіп қонған торғаймен ғанасырласамын. Соған қарап, бостандықтың не екенін түсінемін», – дейді.

******

40-жылдары ӘУЕЗОВТІҢ МҰҚАНОВҚА жазған хаты бар. Сонда: «Сейфуллин екеуіңнің қазақәдебиетіне жасаған қиянаттарың ешқашан ұмытылмайды. Ол айтылатын болады» дейді.Ал қазір соны айтатын заман келді.

 ******

Бізазаттық алғанда халық Алаш идеясын бірден бауырына басты. Жақсы қабылдады. Соларқылы өзінің кім екенін анықтауға тырысты. Осы кезде билік, президент ұлттықолдауы керек еді. Осы рухани күйге жол ашуы керек еді. Бірақ билік уақыттыжіберіп алды. Бұл оның үлкен қателігі болды.


Газет редакторыРуслан ЕРБОТА «Қазақ баспасөзі: Түбінде «УйғурАвази» озады...» аттымақаласындакүнін санап отырған қазақ баспасөзінің бүгінгі жағдайы, «Егемен Қазақстан»газетінің қазақ оқырманы мен басылымдарына жасаған қиянаты Һәм қазақбасылымдарын басып озған «Уйғұр Авази» газетінің ерекшелігін баяндайды.

Көз тиді ме, сөз тиді ме?

«Көз тию» құбылысының қатпарлы қырлары қандай?Тұрақты авторымыз Арай САХАРИЕВА психология ғылымының докторы, профессор Мұқан ПЕРЛЕНБЕТОВТЫ,  дәрігер Сәуле ӘШЕНДІ, емші Анар НҰРҒАЛИҚЫЗЫНсан сұрақтың астына алып, қос қарашықтың құдіретін талдатып шығады. Мақалакөлемді көрінгенімен бас көтертпей, бір демде оқылады.  


ТӘУЕЛСІЗДІКАЙТЫСҚА ДА КЕРЕК

Теміртаудағыоқырманымыз ҚуанышТЫНЫБЕКТІҢ «НұрОтанның» құшағына өткен айтысқа айтар уәжі,  филология ғылымыныңдокторы Ақжол ҚАЛШАБЕКТІҢ «Әуезов әлемі және Абай» атты ұлы жазушыныңшығармашылығындағы хакім рөлін сараптаған терең әдеби талдау мақаласы 6-бетте. 

Белгілі спортжурналисі, спорт жанашыры Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ әлемдік деңгейдегі қазақ бапкеріайдарын бұл жолы атақты Жарылқасын ОҢАЛБЕКОВПЕН жалғастырады. Спорттағы ұстазбен шәкірт тақырыбын көп еңбекпен жүйелеп, бір ізге түсіріп жазып жүргенҚыдырбек РЫСБЕКҰЛЫНЫҢ бұл мақаласы да әдеттегідей салмақты, танымдық дүние.  

31-қазанда жарықкөрген «Жас Алаштың» 87-нөмірінің қысқа қайырымы осылай.

(Басты бетте «Жас Алаш» коллажы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 27.05.2022, 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.05.2022, 22:53
Ботаникалық бақты қайтару үшін митинг өтеді
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47