Бүгінгі «Жас Алашта»: Жаилғанова жақсы бастаманың берекесін кетірді

29.10.2019, 00:51

4

Мемлекеттік қызметтібәйменовшілер қанша мәрте реформалағанымен, А, Б, С корпустарын сан реттүзегенімен, лауазымды қызметкердің артынан ілесіп  жүретін командалық көш еш өзгермеді. Қайтаасқынып, шарықтап кетті. АлЖаилғанова басқаратын мемлекеттік қызмет агенттігі президенттік жастар кадррезерві деген жап-жақсы бастаманы жібектей түте алмай, бекерге жүн қылды.  

Аунап өткен апта Асхат Асанның көзімен: Ел«қалдық қоймасы» десе, билік «байлық» қоймасы дейді.  

 Назарбаев Токиода,Назарбаева Мәскеуде,  ЛукашенкоНұр-Сұлтанда. Тоқаев латын қарпіндегі әліппені жаратпай тастады, қазақтарОңтүстік Корея еліне барып, заңды түрде жалдана алады,  бала ертіп митингіге шығуға болмайды. Бензинакцизі қымбаттайды, елге уран қалдықтарының алғашқы легі де жетті.

«Жас Алаш» тілшісі АҚШ-тан сөйлеп тұр!

АҚШ-тағы Техасштатының астанасы Остиндегі ақпарат құралдарының ішкі жұмысымен танысып жүрген«Жас Алаш» газетінің тілшісі Елнұр Бақытқызы балалар мен студенттер митингісінеқатысып көрді. АҚШ-тағы баспасөз бен оқырман, шеру мен биліктің жайы Елнұрдыңмақаласында.

Ал, авторымыз  Құрмет Қабылғазыұлы Қытайдағы журналистердіңбасына түскен сын-сағатты баяндайды. Қытайдағы жаңалықтар редакторлары ментілшілер кәсіби біліктілігін сынау емтиханын міндетті түрде тапсырмақ. Бұлсынақ не үшін қажет болды? Солшылдық ауру Қытайда қайдан пайда болды?  Жауап Құрмет Қабылғазыұлының мақаласында.

Батька Баталовқа «мат» қойып кетті

Беларусь президентіА.Лукашенконың Алматы облысының әкіміне қалай «мат» қойып кеткені Талдықорғандағытілшіміз Ербол Ілиястың мақаласында.

Түркістанда ет негеқымбаттады? Бақытжан Әбдірашұлы бұл сұраққа жауап іздеді.   

Компьютер жетпейжатқан мектепке интернет не керек? Оралхан Дәуіттің мақаласы.  


Жаркент ауданы тұрғындарының көз жасы.

«Бұған дейін облысәкіміне де хат жолдап, ізінше арнайы комиссия келіп, ескі мектептің жай-күйіментанысып кеткен. Жай кеткен жоқ, оқушыларға орынжетіспейтіндіктен, дәліздерден класс ашып, балалардың сонда оқып жатқанынкөзімен көріп, арнайы хаттама толтырып кетті. Антисанитарлық жағдайда оқыпжатқан оқушылардың жай-күйі де көзден таса қалған жоқ. Бірақ жақын арада жақсыжаңалық болар түрі жоқ».

 

«Құдай жаққан шырақ»

Алмас Нүсіптің «Мекке сапары» атты жолжазбасы діниұстанымдардан тыс, қарапайым адамның көзқарасына негізделген. Ешқандайәсірелеусіз жазылған.

«… Аса біраңсармен келген қажыларда іштей бір тоғаю сезімі болмай тұрмайды. Өйткені,исламда қажылық адамның материалдық мүмкіндігінен тыс, тылсым арқылы бұйыратынбақ есептеледі. Туғанда маңдайыңа жазылса барасың, жазылмаса жоқ… Осы бірішкі тоқмейілсуден арылар жер де Жидда қаласы. Бұл жерде қызмет атқарып жүргенкелгіншілер (бұл мемлекеттегі бүкіл жұмысшы табы сырттан келгендер деугеболады) қажыларға немқұрайлы көз тастайды. Бәлкім, қажылық сапарындағылардыңішіп-жеп қарайтын көзі мен қызығушылығына әбден үйренген, «көріп жүргенқажыларымыз сендер ғана ма» дегендей, елеусіз кеп танытады. Қара нәсілді біртоп жігіт араларындағы әлдебіреудің бас киімін жұлып алып, бір-бірінелақтырысып, тәлкек қылып ойнап тұр. Қасиетті жерде құлшылықтан өзге тіршілікболмайтындай сезімде келгендер бұл көрініске таңданыспен көз салады...»


Олжас Қасым эпиграмма жанрын тірілтті

6-бетте белгіліәдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессорҚұныпия Алпысбаевтың ғалымдық, кісілік келбеті туралы ақын Дүкен Мәсімханұлыныңсырлы эссесі жарияланды.

7-беттегі «Арғымақ» өлеңімен поэзия көкжиегіненкөзге ілінген Серік Ақсұңқарұлының шығармашылық портретін сызған – Мемлекеттіксыйлықтың лауреаты, ақын Темірхан Медетбек.

Сонымен қатар осы бетті жас ақын, эпиграмма жанрынқайта тірілтіп, нәзік юморымен орынды әзілдейтін Олжас Қасымның МаралтайРайымбекұлына, Дидар Амантайға, Елена Әбдіхалықоваға, Қабдеш Жұмаділовқа, ЖәдиШәкенге, Бақытжан Тобаяқовқа арнаған эпиграммалары жарық көрді. 


«Жас Алаш» газетіне жазылуды ұмытпаңыз!

 Басты беттегі «Жас Алаштың» коллажы 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34