Бүгінгі "Жас Алашта": Жазушылар одағы Әбділда ТӘЖІБАЕВТЫ танымай ма?

14.11.2019, 12:51

193

Әу баста, екі сиыр әңгімесі шыққанда бұл — саяси кризис деп едік. Енді солсаяси кризистен сүт кризисіне қалай жеткенімізді бас мақалада Алмас НҮСІПталдайды.

«Киев пен Мәскеу Нұр-Сұлтанды менсінбеді». Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ оның себеп,салдарын тарқатып көрді.  

Кезінде Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезовтер қызмет еткен қасиетті қара шаңырақ–  қазақ ғылыми-зерттеу мәдениетинституты жекеліктің қолына кетті. Тақырыпта айтылғандай: «Ақаң ашқан орданыАндрей келіп жапты». Осы институт қалай жекелікке өтті, үкімет солай тендерарқылы 100 миллион теңге берді. Бұрын-соңды «ақша жоқ» деп келген үкіметқалайша қаржы таба қойды? Оралхан ДӘУІТТІҢ мақаласы.

«Жас Алаш» қайта қайта жазып жүріп Мойынқұмдағы каналды ақыры тазалатты. Енді, әкімде, тұрғындар да, «Жас Алашта» риза. Жамбыл облысындағы тілшіміз  Нұрболат ӘЛДИБЕКТІҢ  бітірген бір ісі осы болды.  

Үкіметті басқарып тұрған кезінде бюджет қаржысын игере алмайтын әкімдер менминистрлерге сын айтатын Бақытжан САҒЫНТАЕВ Алматыға басшы боп келгелі ақшажұмсай алмай жүр. Дүние кезек дейміз бе, әлде, жүйе шіріп біткен бе? Ақтөбеде Бердібек САПАРБАЕВ егіп, өнбей қалған ағаштарды ресейлік мамандар арнайы келіп, санамақ.   

Ақтөбе секілді Атыраудың да экологиясы бүлініп тұр. Медицина ғылымының докторыЖұбан ТІЛЕУБЕРГЕНОВ Атырауда соңғы жылы 108 сәбидің шетінеп кетуін «Атырауда емалу түгіл, дем алу қиын» атты мақаласында талдап шықты.

«Жас АЛАШ» газетінің  «Қазақ пен қала»проза байқауына шығармаларды қабылдау мерзімі жақындаған сайын (25 қараша),поштамызда тыным жоқ. Көлемі мен сапасы келетін шығармалар газет бетінежарияланып та жатыр. Еркін ЖАНТАСТЫҢ «Эфтаназия» әңгімесі оқырманды бей-жайқалдырмаса керек.

«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» шыққан 13-томдыққа Жұбан, Мұқағали менФаризалар ұстаз тұтқан Әбділда неге енбеген? Жазушылар одағы ай қараған ба?Әлде, олар Әбділданы танымай ма?

Жазушы Қуандық ТҮМЕНБАЙДЫҢ «Көзбояуы жоқ көріністеріндегі» бір ойы осындай.

Әдетте жетістікке жеткен спортшының ғана аты ел ішіне шығып, құрмет, атақ,даңқ бәрі соған тиесілі болады. Ал, спортшыны баптаған бапкер көлеңкеде қалады.«Жас Алаштың» «әлемдік деңгейдегі қазақ бапкерлері» айдарын жүргізіп кележатқан белгілі спорт журналисті, спорт жанашыры Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ бүгін баршамызды күрес бапкері Жұмабек МЕЙРАМҒАЛИЕВТІҢкөпшілік білмейтін жұмбағымен таныстырады.     

«Жас  Алаштың» 91-нөмірін қысқа қайырмасыосылай шықты. Қытайдан қашып келген қазақтарға қатысты сот ісі, азық-түліктіңқымбаттауы, келіні ашқан партияға қайын атасының қатысы және де басқа аталмай қалған мақалаларгазет бетінде.


Айтпақшы,газеттің электронды нұсқасына жазылу қайта іске қосылды.  

Газеттің э-нұсқасынажазылу біріншіден өте арзан. Екіншіден, көшеден дүңгіршек іздеп әурегетүспейсіз. Үшіншіден, пошта қызметін күтіп сарылмайсыз.

Э-нұсқасынажазылсаңыз, әлемнің қай жерінде жүрсеңіз де «Жас Алаш» әрқашан жаныңызда!


zhasalash.kz/page/gazetimizdinh-elektrondy-nusqasyna-dgazylynhyz!    

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:52
Прокурор 10 жылға соттамақ болған Шкарупа ақталып шықты
Сайт әкімшілігі 10:34
Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Аңдатпа


  • Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
    10:34
  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23