Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

25.06.2018, 23:23

87

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма? Осынша қаржыға курорттық аймақ саналатын Бурабай ауданында үш қабатты үлкен полиция бөлімі ашылды.Соңғы технологиямен жабдықталған ғимаратта 150 кабинет, үлкен және кіші мәжіліс залдары, асхана бар. Тіпті, спортзал мен тир бөлмелері де салынған.Бөлім ғимаратының аумағында сондай-ақ, уақытша ұстау изоляторы, көлік қоятын бокс және бақылау-өткізу пункті жұмыс істейтін болады. Саптық жаттығумен айналысуға да мүмкіндік қарастырылған.Бөлімдегі қызметкерлер үшін су жаңа 20 қызмет көлігі сатып алынды. Ал, баспанасыз жүрген 100 тәртіп сақшыға бөлім ғимаратының маңынан көп қабатты үйдің пәтер кілттері табыс етілді.«Төрт жылдан бері Бурабай аудандық ІІБ қызмет етемін. Қазақстан полициясының 20 жылдығына орай үш бөлмелі пәтерге ие болдым. Мен секілді жас жанұялар үшін бұл үлкен қуаныш. Бағыма орай, жаңа әрі кең пәтерге ие болып жатырмын », – дейді жас полицей Азат Жақыпов қуанышын жасыра алмай.Бурабай курорттық  аумағында 30 аттан  жасақталған тәртіп сақшылары қызмет ететін болады.Олар автокөлік жүре алмайтын орманды және таулы  жерлердің тыныштығын күзететін болады. Аттарды күтіп баптау үшін ғимарат аумағында соңғы үлгідегі ат қоралар да салынған.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 14:30
Ұлттық құқықты дамытатын кезең келді
Сайт әкімшілігі 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:01
Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:06
Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.04.2021, 16:45
Ашаршылық кезінде ашылған балалар үйі неге жермен-жексен?
Еркежан АРЫН 22.04.2021, 15:50
COVID-19: емдеуде халықаралық тәжірибе алмасу – маңызды қағида

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25