Бүркенген қыздың бүкпесіз шындығы

30.10.2019, 14:19

57

— Қызым! Алла анаң менкүйеуіңнің жанының қайсысын бірінші алайын деп сұраса, не деп жауап берер едің?

— Әрине, сенің жаныңды біріншіал дер едім. Сен намаз оқымайсың. Сенімен араласуға болмайды. Мен үшін сеніменараласу үлкен күнә.

— Құлыным-ау! Аяқ астынан бұлайөзгеріп кеткене дұрыс тәрбие бермедім бе? Өтіп жатқан өміріңе үңіліп, жітіназар салмадым ба? – деп те өзімді жазғырамын. Оралшы өз үйіңе! Сіңілің деқатты сағынды...

— Жоқ. Сендер кәпірсіңдер. Сентіпті базардан ет сатып алып, «харам» тамақ жеп отырсың. Сенімен бірдастарханда отырып, тамақ ішуден бас тартамын. Намаз оқымаған адамның сойғанмалы «харам».

— Мен саған бір емес, екі мәртеөмір сыйладым ғой. Өмірге әкелгенімді міндетсініп жатқан жоқпын. Тіпті қажетболса екінші бүйрегімді де беруге әзірмін.

— Маған бұл бүйректі сен бергенжоқсың. Бүйректі сен арқылы маған «Аллах» беріп тұр.

Бұл осыдан шамамен үш жыл бұрынболған әңгіме еді. Аурухана төсегінде таңылып, қатар жатқан қызына қойған анасыРайгүл Асылханованың (белгілі себептергебайланысты кейіпкерлердің аты-жөні өзгертіліп алынды)сұрағы. Өтініші дееді. Бірақ одан қайран болмады. Қазір екеуінің сол күнгі сәті тек көз алдындасақталып қалды. Бүгін де міне, сол қызының тұрып жатқан үйін алыстан сығалапотыр. Қызымен жаңа ғана сөйлескендей әрбір сөзін күбірлеп қайталайды. Сұрақтарында қайыра қояды. Естіген жауабы есіне түсіп еді, көз алды тұманданып, отырғанжерінде құлап қала жаздады...

2016 жылы Астана қаласындағыауруханалардың бірінде жатқан қос ананың арасындағы әңгіме осылайша қысқааяқталды. Құрсағында тоғыз ай көтеріп, толғағы жеткен күні, Алладан амандығынтілеп жатып тапқан қызының анасына айтқаны. Өзі де ана ғой. Тек бала көтерубақытынан айырылғаны болмаса. Өзін өмірге әкелген және сол 2016 жылы тағы даажалдан арашалап алып, екінші рет өмір сыйлаған анасына жүрегі жібіп, бір жылысөз айтпады. Безбүйрек қызының берген бұл жауабы, ана жүрегіндегі сенімге дегенкүшін әбден әлсіретіп жіберді.

Райгүл Асылханова 57 жаста.Өскемен қаласында тұрады. Екі қыздың анасы. Қазір қаланың қарбалас тіршілігін,не өз өмірінің қым-қуат тірлігін сөгерін білмей әлек. Қателікті қай жерде, қалайшажіберіп алғанын түсінбей дал. Өкінеді. Бармағын тістегеннен басқа амалы жоқ.

Үлкен қызы Арайлым Асылханованы1984 жылы дүниеге әкеліпті. Мәпелеп бағып, аялап өсірген. Орта мектепті оқытыпаяқтатқан соң, Өскемендегі колледждердің біріне білім алу үшін берген. 2006жылы ол оқу орнын да құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдатқан. Қолынан келгенінқаршадай қызынан аямады. Жұмысқа да орналастырып, табыс табуға жағдай жасады. АлайдаАлланың ісіне шара бар ма?! Арайлым ауруға шалдығады. Инсулинге тәуелді қантдиабетінің диетасына отырады.

Бұл қос бірдей қызын жалғызасырап отырған ананың иығына артылған тағы бір жүк еді. Сынақ үшін берілгенсырқат шығар деген үмітпен шыдап бақты. Жатса да тұрса да бір АлладанАрайлымының аман-есен сауығып кетуін сұрады. Талай уақытқа дейін тәуір-ақтөзді. Сірә, сол уақытта сол төзімін туған қызының өзі тауысып, тіпті тоздырыпжіберетінін сезбесе керек. Себеп сол, ауырсынып жүрген қызына абайлапқарағанымен, жан дүниесінде не болып жатқанына үңіле алмағандай сезінеді өзінқазір.

Арайлым сырқаттанған соңайналасындағылардан өзін шеттеп, тұйықтала берді. Көшеге көп шықпады. Әрі оғанденсаулық та мұрсат бермеді. Ауруы асқынып, екі бүйрегі істемей қалды. Міне осысәттен бастап, дәрігерлердің көмегінсіз өмір сүру мүмкін болмады. Бүйректіауыстыру қажет екені ашық айтылды. Оны өзі де жақсы түсінді. Анасына да көпұзамай бұл өмірден кететінін жиі айтты. Ана байғұс қайтсін?! Жұбатудан басқаамал таппады. Науқас қызы аптасына бірнеше рет гемодиализ алуға мұқтаж болыпқалды. Бойындағы қанды арнайы аппарат арқылы тазалатып жүрді.

Бүйректі ауыстыруды ойлағанменқаржы қол байлау еді. Аядай ғана шаңырақтың астында жұпыны өмір сүріп жатқанжандар үшін донор болатын адамды іздеу, аспандағы айды алуға ұмтылумен бірдейіспетті сезілді. Талай түн ұйқысыз өтті. Талай таң қос жанарлардан аққан жаспенатты. Көңілсіз, күңіренген күндер өтіп жатты. Осылайша өмірден әбден үмітін үзіп,жаны қысылған Арайлым құдайдан көмек сұрайды. Мешітке баруы көңілге медеуболды.

Құдайға құлшылық қылуға біржолабет бұрған Арайлым бастапқыда киім киісі мен жүріс-тұрысына мән берді. Намазғажығылуды өз бетінше үйренуге тырысты. Ғаламтордан қарап, түрлі діни сайттарды ақтарды.Осындайда ақылшының да табыла кететіні айдан анық емес пе?! Дін жолындамындеген ер азаматпен танысып, кездесіп те үлгереді. Міне сол күнгі бейтанысжанмен кездесу бірге туғандарынан бас тартуға тікелей себеп болды. Оны өзініңшешесіне де айтпаған.

Алас ұрып іздеген ана қызын үшкүн бойы таппайды. Тек үйіне үш күннен соң өзі оралады. Сұмдықтың көкесінбейшара шеше сонда көрді. Басынан аяғына дейін қара жамылған қыз анасыныңзарына қаймықпады. – Қателігіңді кешірейін, бұл қылығың мұсылмандыққа жатпайды– деген, сөзіне де құлақ аспады. Сондағы бар айтқаны: — мен тура дін жолындажүрген азаматпен отастым. Шариғат заңы бойынша үш күн соның жанында түнепкелдім. Ендігі өмірім соның етегінен ұстаумен өтеді – деп, кетіп қалды.

Анаға бұл үлкен соққы болып тиді.Арайлымның ауырғандағы бұған дейінгі уайымы әлдеқайда жеңіл көрінгендейсезінді. Енді қайтсін?! Тұңғышынан бұлай тірідей айырылатынын білмеді ғой. Еңірепжылағандағы көз жасына етегі толып, әр нәрсені бір ойлады. Осыған дейін қызыныңдос болған жігіті де жоқ қазір. Арайлымның ауру екенін естігеннен бері ат ізінсалуды ол да қойған. Бәлкім бұл да өрімдей жас қыздың өмірінің өзгеруіне әсереткен шығар.

Осыдан кейін бір апта өткендеқызы қысылып телефон шалады. Өскемендегі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенінайтып үлгерген. Жан ұшырып жеткен ана алғашында дәлізде шашылып жатқанкиімдерін көрді. Өткенде ғана шешіп тастауын қалай өтінгені көз алдына бірден келді.Ойы онға бөлінсе де ана байғұс қайтеді?! Амалсыз өзі жинады. Паранжасына сіңгенжағымсыз иіс қолқасын қауып, көңіліне тағы да қаяу салды.

Ананың аялы алақанынан білместікпенкеткен сырқат қыздың жұбайлық өмірі бір апта ғана болар ма еді?! Егердәрігерлер араша түспегенде. Дәлірек айтқанда шешесінің өзі келмегенде. Анажолы тұрмысқа шыққанын айтып, өз үйінен бір түйір дән де ауыстүймей кеткенАрайлым, келген соң төсек тартып жатып қалған-ды. Күйеуін құлай сүймесе деҚұдай жолындағы құлшылық өмірі басталды деп түсінген. Енді ол үшін ерініңайтқаны бәрінен де маңызды. Жоғары. Әрі оны орындау міндет және үлкен сауап.Сондықтан да: — дініңе қарсы шықса, әке-шешеңе қарсы шық! – деген, бұйырығынбұлжытпай орындаған. Дәрігерлердің алмастырып беретін қаны да жайында қалды.Оған да жаңағы Арайлым мен жолдасы ұстанған діни ағымдағы салынған тиым себепболса керек. Дүниенің көп бөлігі «Харам» болып саналды. Бөтен үй,бөгде діни наным-сенімдегі адамдардың ортасына түскен Арайлымның денсаулығыосыдан кейін қиындай бастаған еді. Денесі ісіп, тіпті төсек тартып жатып қалды.Тек өлім аузына жеткенде, қиналған қыз жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткенбеті сол болатын.

Арайлым ауруханада үш күнес-түссіз жатты. Анасы да аурухананың есігін күні-түні күзетумен болды. БірАлланы медет етті. Бар білген дұға-тілегін айтып, қызының аман қалуынжалбарынып сұрады. Бәлкім қызымның бір білгені бар ма еді – деп, ойын онға,санасын сан саққа жүгіртті. Жан-тәнімен жалбарынған жалғыз басты ананың тілегіқабыл болды ма әлде, қызының су ішері болды ма әйтеуір есін 72 сағаттан соңжиды. Жансақтау бөлімінен шығып, жай палатада дәрігерлердің қамқорлығынаалынды. Бірақ ақхалаттылар анасы мен қызын қуанта қоймады. Жедел түрде бүйрегіналмастырмаса, ауру әбден асқынып кеткен деді. Ана байғұс іштен шыққан шұбаржыланды қалай қарап отырып, өлімге қисын. Баласы үшін өзінің бір бүйрегінберуге шешім қабылдайды. Басқа дәрмені қалмаған Райгүл дәрігерлердіңақыл-кеңесімен толып жатқан түрлі медициналық тексерулерден өтіп, сараптаманыңқорытындысын асыға күтті.

Көңіліне күдік пен үміт қатарұялаған ана қызын ертіп, Астанаға да жетті. Ондағы бар ойы дереу операцияжасату еді. Ең бірінші мақсаты баласын талай жылғы тартқан ауру азабынанқұтқарып қалу. Жер басып жүрсе, жан баласының қателеспейтіні бар ма?! Осығандейінгі айтқан сөзі мен жасаған балалық қылығын кешірер. Тек аман болса болғаныдеп тіледі. Көкейіне, Алланы танудағы дұрыс жолды да таңдар деген үміт ұялады. Дәрігерлер,жасатқан медициналық сараптамалардың қорытындысы дұрыс деген соң, кеудесіндегі үміттіңоты тіпті лаулай бастады. Ендігі арманы, аурухана төсегінен екеуінің де қолұстасып қатар тұруы.

Ақхалаттылар бірінің дені, ендібірінің жаны ауырып келген қос жанды көп ұзатпай ақ төсекке қатар жатқызды.Бүйрек ауыстыру операциясы бірнеше сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Сауыққаншасақтықпен қараған дәрігерлер біраз күн бақылап, күтініп жүрсе көрержарықтарының әлі де көп екенін айтып шығарып салды.

Райгүлдің жүрегі бұл сұмдықтыңаяқталмағанын аурухана есігі тарс жабылғанда бірақ сезді. Қызы артынақайырылмастан кете барды. Сол кеткеннен мол кетті. Қазір үйіне қайтатын дабелгі байқалмайды. Артында аңырап қалған ана сол ауруханада бірге болғаннанбері қызының қолын ұстауға зар болып жүр. Талай рет үйлеріне барып, баласыныңжағдайын білмекке тырысты. Бірақ биік дуалмен қоршалған үйдің ішіне кіру мүмкінболмады. Тек жабық есіктің екі жағында тұрып сөйлеседі. Онда да әңгіме ұзаққасозылмайды. Арайлымның айтатыны: — келме. Бізге жолама. Мені өліп қалды депойла. Сен харам ет жейсің. Теледидар көріп, түрлі әуен тыңдайсың. Сондықтан бізсенімен араласпаймыз.

Сырттағы әлем псевдо салафизмдіни ағымына сүйенген бұлар үшін жат. Намаз оқымайтын адамдармен араласу үлкенкүнә. Оның үстіне күйеуі Игорь Романовтың қаупі мен уайымы көп. Арайлыманасымен сөйлессе көзі ашылып, кетіп қалады деген күдігі де жоқ емес. Сондықтанда өзінің уысынан шығармай, қасында қамап ұстап отыр.

Айтпақшы Игорьдың бұл жолғақалай келгені беймәлім. Тек төрт рет сотты болғаны анық. Бәлкім темір тордың аржағында отырғанда псевдо салафизмді уағыздаушылар миын улаған болар. Бұл ой даАрайлымның анасының басын талай қатырды. Әр келген сайын білмекке талпынады.Бірақ одан нәтиже шығар емес. Тіпті бір күні тәртіп сақшылары: — онда бараберсеңіз сізге шара қолданамыз – деп, ескерту жасаған. Төбесінен жәй түскендейболған ана байғұс өзі де арызданатынын айтқан. Алайда полицейлер қызыныңқазіргі мына қылығына байланысты ештеңе істей алмайтындарын ашық мойындаған.Яғни күйеуін қолдап, анасына қарсы арызданып отыр. Бұл жағдайда еліміздің заңыбойынша екеудің арасына есі кетіп түскен болып саналады. Сондықтан құқыққорғаушылардың сөзін тыңдамасынан басқа лаж жоқ.

Басқа амалы қалмаған ана кешірімсұрап та барып көрді. Күйеу бала етіп қабылдайын. Тек қызымнан айырмашы. Біргеараласып, ел қатарлы өмір сүрейік деген ұсыныс та жасады. Амал нешік, қыз бенкүйеу қарсы шықты. Қызының көңілі сонда да жібімеді. Себеп сол баяғы. Өміргеәкеліп, ана сүтін емізіп, бүйрегін берсе де қызына ол көк тиындық құны жоқекен. Қайта «Кәпір» болып шықты.

...- Қызым!...

— Әрине, сенің… Міне ауруханадаайтылған әңгіме тағы да ойға оралды. Санасы уланған қызын қалай арашалап алудыңжолын таппаған ана бұл жолы да орнынан әрең тұрып, өз үйіне баратын жолғаамалсыз түсті. Сіңілісі Маржан да әпкесін әбден сағынды. Бірге өткізген балалықкүндерін жиі айтып отырады. Енді оған бүгін не айтып барады.


P.S.Кейіпкеріміздің өзі Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, ал қызыШемонаиха ауданында тұрады. Баяндалған жайттардың бәрі болған. Ал қаншамажылдан бергі болған жайттардың бәрін баяндап біту мүмкін емес. Тіпті бұл үйге дінмәселесімен айналысатын теологтар да бара алмайды. Күшпен кіре алмайды. Оғанқұқықтары жоқ. Еліміздің заңы бойынша кім қай дінді ұстанса да өз еркі. Текбелгіленген баптарды бұзбаса болды. Міне бұлар да сол. Сондықтан құқық қорғауоргандары тек бақылап қана отыр.

Бұл материалды жариялағандағыбар мақсатымыз теріс діни ағымның жетегінде кеткен жандарды жазғыру емес. Қайтакөрген қиыншылықтарын жеткізу арқылы өзгелер сабақ алса екен деген ниет қана.Қазіргі мына әлем желілердің салып жатқан әуресі де аз емес. Ата-ана болып ұлмен қызымыздың қастарынан жиі табылсақ, бәлкім мұндай жағдайларға болашақта жолбермеспіз.

Айтпақшы «Жусан»операциясының арқасында елден безіп, Сирияға кеткендер де қайтарылып жатыр емеспе?! Онсыз да аз ғана қазағымыздың қатарын олар дұрысталып толтырса құба-құп. Оныңжанында жаңағы біз айтқан жайттар ел ішінде ғой. Бүкіл ел болып, жөнге салу баршаныңбасты борышы секілді.

Фото: francais.rt.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42