13.11.2019, 07:11
64
Қазақстан менРесейдің бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға 330 миллион долларбөлінеді. Бұл жөнінде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
Оның сөзінше,Қазақстан бұған дейін Ресеймен «Бәйтерек» зымыран кешенін бірлесіп жасауғауағдаласқан. Осыған байланысқы бюджеттен 330 миллион доллар бөлінбек. Әзіргежобаның қашан басталатыны белгісіз.
Бұдан бөлек, МаминБайқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагаринский старт» кешенін күрделі жөндеуден өткізугебағытталған бағдарлама жасалып жатқанын жеткізді.
Айта кететін біржайт, қыркүйек айында Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» кешенін «Назарбаев»деп өзгертуге ұсыныс жасаған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев қабыл алған. «Интерфакс»ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей тарапының бастамасымен болашақта «Гагаринскийстарт» кешеніне де «Назарбаев» аты беріледі.
Фото: qazweek.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР