Чистильщик болудан Амандық Баталов шаршапты

01.11.2019, 15:07

18

Көрсетілетінмемлекеттік қызмет сапасы, арыз-өтініштердің қаралуы және мемлекеттікоргандардың ашықтығы жөнінен республикада Алматы облысы Маңғыстау мен Ақмолаоблыстарымен бірге соңғы үштікті түйіндеп тұр екен. Нақтырақ айтқанда Амандық БАТАЛОВбасқаратын Алматы облысы мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғаларменбайланысын анықтайтын рейтингіде ең соңғы орында. Мұндай хабарды 31-қазандағыжиында облыс шенділеріне ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматыоблысы бойынша департаменті басшысы Серікбай НҰРҒИСАЕВ пен ҚР Баспрокуратурасының статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысыбойынша басқарма басшысы Жұлдыз БҰЛАМБЕКОВА жеткізді.

Мемқызметтүрлерінің қалай жүріп жатқанын анықтайтын қоғамдық мониторингті тәуелсізсараптама орталығы жасаған. Негізгі анықтаушы құрал ретінде анонимді хаттар,тұрғындардың қоңыраулары мен қызметшілердің жұмысына қатысты ескертулері есепкеалынған.

«Соңғы 9 айда Алматы облысы тұрғындарынан70 мыңға жуық өтініш түскен. Көбі жер тұтыну, тұрғын-үй және ауыл шаруашылығымәселелеріне қатысты. Бірнеше заңбұзушылықтар анықталған. Мемлекеттікқызметтердің 174-і уақытынан кешігіп көрсетілсе, 24 қызметшіге әкімшілік құқықбұзғаны үшін хаттама толтырылған. Ал жыл басынан бері 40 мемқызметкер тәртіптікжауапкершілікке тартылып үлгерген» -деді, ҚР Бас прокуратурасыныңстатистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысы бойынша басқармабасшысы Жұлдыз БҰЛАМБЕКОВА. 

Прокуратура өкілімұндай жауапсыздардың біразын жұмыстан босатуды сұрады. Мәліметтеріне сенсек,өз жұмысына салғырт қарайтын және халықтың өтінішіне кешігіп жауап қататындаркөшін Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы және ДәуренЖүнісов басшылық ететін облыстық білім басқармасы бастап тұр. Ал шалғайдағыКеген, Ұйғыр және Райымбек аудандарында әкімдер мүлде қабылдау өткізбейтін бопшықты.


«Алматы облысыныңәкімдігі мен шенеуніктері халыққа қызмет көрсету барысында көптегенкемшіліктерге жол беріп жатыр» деп Серікбай ӨРІКБАЙҰЛЫ баяндамасын жалғап кележатыр еді жүйкесі сыр берді ме, Амандық БАТАЛОВ оны тоқтатып тастауға мәжбүрболды.

«Егер халыққа қызмет көрсету сапасы бойынша ең соңғыорында екеніміз рас болса, осында отырғандардың бәрін қуып жіберейік. Соншаперсоналды не үшін ұстап отырмыз? Маған жүз рет дәлелдесеңіз де, айтып отырғаныңыздыңешқайсысына сенбеймін. Сарапшылар барлық жағдайға обьективті қарауы тиіс. Бізалғаш боп қоғамға ашық болу мақсатында сервистік әкімдіктер құрдық. Мен әкімбасыммен халық арасында көп жүрем. Оларды қабылдап, үнемі тиісті жауаптар алуүшін атқарушы билікке тапсырмалар берем», -деді Алматы облыс әкімі Амандық ҒАББАСҰЛЫ.

«Ары қарай ештеңе тыңдағым келмейді» деген әкімнің сөзін білдей Мемлекеттік қызмет істерінің облыстық департаментін басқарып отырған шенді қалай көтерсін?! Серікбай Өрікбайұлы да әкімге ренішін білдіргендей сыңай танытты.




 «Біз де жұмыс жасап жүрміз, Амандық Ғаббасұлы. Арасында поштаңызға қараңыз,мен сізге ай сайын жұмыстарымыз туралы хат жолдап тұрам»,- деп отала бастағансәтте Амандық БАТАЛОВ әңгіме ауанын басқа арнаға бұрып үлгерді.

«Мен барлық уақытта «чистильщиктің» қызметін атқараалмаймын. Футболда сондай қорғаушы барын білетін шығарсыздар. Ол қауіптішабуылдардан құтқарып отырады. Дәл былай жұмыс істеуге болмайды. Сондықтан текхалықтың өтініштерін қабылдап, солардың талап-тілектерімен жұмыс істейтін жаңаорынбасар тағайындауды жөн деп санаймын», –деді облыс әкімі.

Осылайша барлықсалада алдыңғы қатардамыз деп санайтын, әрі көшбасшылыққа ғана ұмтылатын, облысәкімі мен оның командасы күтпеген жерден «нокдауын» алды. Алатын жөні бар, Рұстам АЛПЫСБАЕВ басқаратын ішкі саясат басқармасы халық пен билік арасын жақындатудың, прокурормен агенттік өкілі айтқан әлгіндей қоғамдық кездеслердің өтуін ұйымдастырып, қадағалаудыңорнына клубмеңгерушісі секілді арбажарыстырып, қойылым қойып, әлеуметтік желідегі әлеулайым мен хәлеулайым тауысаалмай жүр емес пе!

Айтпақшы, ресмиөкілдердің айтқан сынын көтере алмай, Баталов теріс айналып отырған бұл жиынға бір орган «алаяқ» деп айыптап, енді бірі «сүттен ақ, судан таза» депақтап әлек болған Баталовтың орынбасары Бағдат Мәнізоров та қатысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16