22.01.2021, 09:28
1572
Қарағанды облысының Ұлытау ауданына қарасты, Мибұлақ ауылына өткен жылдың желтоқсан айында «Теле-2», « Алтел», « Билайн», «3 D» интернет желісі орнатылды. Ауыл шетінде тұрған тырнадай сорайған сұлбасы көрінетін қондырғы мұнда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында орнатылған. Алайда, қондырғы небары екі тәулік жұмыс істеген. Содан кейін байланыс жүйесінің сапасы төмендеп, интернеттен ажырап қалған. Ауылдың атқамінерлері жауапты органдарға мәлімдеме жасап, жазбаша өтініш хат жолдаған. «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасың»деген сөз бекер айтылмаған. Өркениетті өмірді өздеріне орнатқан шенеуніктерден әзірге еш хабар жоқ.
-«Бұрын бізде «Билайн» қондырғысы болатын. «Жомарт» кен орнындағы станциядан тартылған интернет табақшасын мектептің шатырына әкеп қондырдық. Ел «билайн» операторы арқылы телефонмен сөйлесіп жүрді. Былтыр жаңа қондырғы қойылғаннан кейін, бұрынғы істеп тұрған жүйеден де айырылып қалдық. Қазір ауылдың бір шетінде байланыс ұстаса, екінші жағында мүлдем жоқ. Болған күннің өзінде, қуанышымыз тал түске дейін ұласады. Халық хабар-ошарға зәру болып отыр»-дейді, қиналысқа түскен Мибұлақ ауылының әкімі Қалдыбек Кәкімжанов.
Дамудың даңғыл жолынан қалыс қалған «интернетсіз ауылдың» өрендері қалай білім алып жүр? Мибұлақтағы мектепте «ASTEL» компаниясының қабылдағышы тұр. Бірақ, мұғалімдер бір мезетте ғаламтор желісіне қосылғанда, қондырғы шыдас бермей істен шығады. Осыдан кейін, оқушылардың пұшайман күй кешіп отырғаны айтпаса да түсінікті. Елдімекенде смартфон ұстамайды, тек қалааралық Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайда қарап отыр? Шалғай ауылдағы мәселеге мойын бұруға құлқы жоқ қос министрліктегілер енді не сылтау айтар екен?
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР