Цифрлы жүйенің сиқыры қайда, Жұмағалиев бұған не дейді?!

04.04.2020, 13:20

30


Қазір елде төтенше жағдай. Карантин мерзімікүшейтілгелі бері қарапайым халықтың арасында жұмыссыз қалғандардың саныбаршылық.  Әлеуметтік желіде қайырымдыжандардан көмек сұрап, алақан жайған елдің де қарасы көп. Ел ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев осыбір сын сағатта жұмыссыз қалған әр азаматқа мемлекеттіккөмек ретінде  42 500 теңгетөлейтінін айтқалы бері халықта маза жоқ. 

Шынтуайтында, Үкіметтің берер қырықекі мың теңгесін алудың жүгі  қырықтүйеге артатын жүктен кем болмай тұр. Бастапқыда үкімет  «бұл ақшаныүйден шықпай-ақ аласыз. Egov.kz порталы арқылы электронды өтініш берсеңізболды» деп елдің көңілін бір жайландырды. Бірақ Egov.kz порталы артылғанжүктемені көтере алмай, істен шығып мелшиді де қалды.  Бұдан соң Еңбек және халықты қорғауминстрлігі мәселені шешпек болып, Телеграмм-бот каналын тетікке қосты. Біраққарапайым халық ол жүйеден де электронды өтініш тастай алмай, бізге  хабарласып дамыл бермей кетті. Себебі біз «ЖасАлашта»  телеграмм-бот арқылы да  Egov.kz порталы арқылы да«өтінішті  өзіңіз беріп үйреніңіз» кеңес қалдырған едік.

Ал енді бүгін елімізді «Цифрлы Қазақстанға»айналдырғысы келіп жүрген министр Асқар Жұмағалиев мырза,  жайшылықта электронды үкімет порталына сағатына 600 мың қоңыраутүсетін,  төтенше жағдай енгізілгелі бері сағатына 15 миллион қоңыраутүскенін айтты.

Бұл туралы Асқар Жұмағалиев: «Жүктеме мүмкіндігінше артты.Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаннан кейін электрондық үкіметпорталындағы жүктеме күрт өсті, бірақ сондай жүктеменің өзінде порталәдеттегідей жұмыс істеді. Төтенше жағдай кезінде миллионнан астам қызметкөрсетілді. Қалыпты уақытта сайтта сағатына 600 мың қоңырау соғылатын, алқазіргі қарбалас уақытта сағатына 15 миллион қоңырау түседі. Бұл, әрине, өтеауыр салмақ»,-деді.

Бірақминистрдің  пікірімен келіспейтіндер дебар. Мысалы, қаржыгер Арман Мусиннің айтуынша, 2018-2022 жылдар аралығында жүзегеасырылады деп «Цифрлық Қазақстан»бағдарламасына 141 миллиардтан астам теңге бөлінген. «Осыншама қаржы бөлінетұра, біздегі қызмет оған лайық емес» дейді маман.

«Кеше балаларды онлайн оқытаалмайтындарын Білім және ғылым министрлігі ашып айтты. Біздегі интернеттіңшамасы 2,5 миллион бала онлайн режимінде оқи алатындай емес екен. 2017 жылы «ЦифрлыҚазақстан» бағдарламасы қабылданған тұста «алыс аймақтардағы ауылдарға дейін интернеттартылып мемлекеттік қызметтің 85 пайызы электронды бағытта қызмет көрсетуге көшеді» делінген болатын. Бірақбіздегі электронды қызметке айдың күннің аманында сын айтылып жатады. Алмынадай төтенше жағдайда тіпті сайттары істен шығып, халықты әбігерге салыпжатыр. Қазір тіпті мүлде интернеті жоқ ауылдарда 20 мың оқушы «Қазпошта»арқылы оқығалы жатыр екен. Сонда осы бағдарламаға бөлінген қаржы қайда? Бұғанкім жауап береді»,- дейді қаржыгер Арман Мусин.  

Елімізде 20 мың баланың пошта арқылы оқығалы жатқанын да біз  «Жас Алашта» қозғадық.

Сөйтіп, сын сағатта «Цифрлы Қазақстан»сыр берді. Жұмыссыз қалған көпшілік қазір қырық екі мың теңгенің жырын айтып,уайымдап кетті. Тіпті «электронды өтінішке қарасақ, үлгермей қалармыз» депбұқараның біразы банктерді кезіп, поштаға барып өтініш тастап есепшот аштырыпәлек. Сонда карантиннің қатаң режимі қайда қалды?!

Жалпы, осы цифрлық жүйеге енетін бағыттыбетке алғанымызда «бұл ақылды, жайлы өмірге ұмтылу» дегенді Жұмағалиев мырза көпайтқан еді. Оған біз сендік. «Көз ілеспейтін жылдамдықпен ғаламторға енеміз,цифрлы жүйенің сиқырлы күшін сезінеміз» деп рас сендік. Әтеген-айы, шалғайдағыауылдарды қойып, қаланың ішінде отырған қауымның өзі  ғаламтордың екпіні сын көтермейтінін айтыпжүргелі біраз болды. Сонда расымен де осы саланы өркендетуге бөлінген қаржат қайда кетті?! Цифрлы жүйенің сиқыры қайда? Жұмағалиев мырза, бұған не деп уәж айтар екен?


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11