COVID-19: 19-шы сәуірдегі жағдай

19.04.2020, 08:36

247


Қазақстанда 1654науқас

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, оның ішіндеНұр-Сұлтан қ. – 3, Алматы қ. – 6, Жамбыл облысы – 2, Ақмола облысы – 1,Қарағанды облысы – 1, Атырау облысы – 3, Қызылорда облысы – 4, Павлодар облысы– 4.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласыбойынша 369 адам, Алматы қаласында – 512 адам, Қарағанды облысында — 90 адам,Ақмола облысында — 82 адам, Атырау облысында — 79 адам, Жамбыл облысында — 60адам, Шымкент қаласында — 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматыоблысында — 41 адам, Ақтөбе облысында — 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында- 29 адам, Павлодар облысында — 22 адам, Маңғыстау облысында — 12 адам,Қызылорда облысында — 147 адам, Батыс Қазақстан облысында — 46 адам, Түркістаноблысында — 57 адам, Қостанай облысында — 15 адам, жалпы 1654 науқас тіркелді.



Әзірбайжандакарантин ұзартылды

Әзербайжан үкіметікоронавирусқа байланысты республика аумағындағы ерекше карантин режимін 4мамырға дейін ұзарту шешімін қабылдады,

Осыған байланысты елүкіметінің 2 сәуірдегі қаулысында аталып өтілген барлық шаралар 4 мамырға дейінсозылады. Атап айтқанда, жүк тасымалын қоспағанда Әзербайжан аумағына барлықкөлік түрлері үшін кіруге және шығуға шектеу қойылып, барлық білім берумекемелерінде оқу процесі тоқтатылды.

Келесі аптадан бастаптұрғындарға ұзартылған карантин режимінен кезең-кезеңімен шығу жоспарыұсынылады.

Түркияда ең қартадам жазылды

Түркияның 107 жастағытұрғыны Хавахан Карадениз СOVID-19 коронавирусынан айыққан әлемдегі ең қартәйелдердің бірі болды,

Карадениз мықты иммундықжүйесінің арқасында СOVID-19-дан бір аптаның ішінде емделіп шықты.

Кейуана өз жасына қарамастанкүн сайын таңертең ерте тұрып, намаз оқиды. Ол тамақтануға аса мән беріп, таңғыасқа сары май, қаймақ, бал, сүт пайдаланады. Әжейдің холестерин және қантдеңгейі қалыпты нормада, ол тәттілер мен жемістерді жақсы көреді. Әйелгеешқашан ота жасалмаған, оның есте сақтау қабілеті жақсы.

Әлемде

 COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2 млн 332мыңға жақындады, деп хабарлайды coronavirus2020.kz 

19 сәуір сағат 9:15-тегі жағдай бойынша, әлем елдеріндекоронавирусты жұқтырғандар саны 2 331 892 адамды құрады. Қайтыс болды 160 763адам, жазылып шықты – 597 194.

Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 739 913 адамшалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 28 892. Екінші орында Испания(науқастардың жалпы саны – 194 416, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 3577),үшінші орында Италия (175 925/ +3491) тұр.

Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:

Франция: 151793 / +3824

Германия: 143724 / +2327

Ұлыбритания: 114217 / +5525

Қытай: 82735 / +16

Иран: 80868 / +1374

Түркия: 82329 / +3783

Бельгия: 37183 / +1045

ТМД елдері 

Ресейде індеткешалдыққандардың жалпы саны – 36 793. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар –4785.

Кейінгі орындарда келесімемлекеттер тұр:

Беларусь: 4779 / +0

Украина: 5106 / +444

Молдавия: 2378 / +114

Қазақстан: 1630 / +84

Өзбекстан: 1490 / +85

Әзербайжан: 1373 / +33

Армения: 1248 / +47

Қырғызстан: 506 / +17

Грузия: 388 / +18

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39