COVID-19-дың төртінші толқыны басталды - БАҚ

Сайт әкімшілігі

21.07.2021, 09:09

433

«Елде коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталып, алдыңғы жағдайлардан анағұрылым тез қарқынымен тарап жатыр», — деді Франция үкіметінің өкілі Габриэль Аттал.

Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 125 пайызға артқан, олардың 80 пайызы дельта штамын жұқтырған. Ресми мәлімет бойынша, Париж сауда орталықтарында азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталады. 9 шілдеде Франция билігі «дельта» штамын жұқтыру жағдайы елде басым екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, ол республика үкіметі COVID-19-бен күресу шараларын қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдағанын айтты. Енді карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға 1,5 мың еуро айыппұл салынып, жағдай қайталанса бұл сомма 9 мың еуроға дейін көтерілуі мүмкін.

Бұған дейін Франция билігі карантин режимі 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланғанын хабарлаған еді. Алайда 9 мамырда үкімет коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай 10 шілдеге дейін созылатыны туралы заң жобасын қабылдады.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58