COVID-19: Екпе салдыру қауіпті ме, әлде...

Бифат ЕЛТАЕВА

10.12.2020, 19:19

2496

Жыл басталғалы бері  коронавирус  бүкіл әлемді дүрліктіріп, көпшіліктің мазасын қашырып келеді. Дегенмен де көпшілік «дерттің асқынып, өлімнің көбеюіне вакцинаның әсер бар» деп ойлайды. Бұл туралы Қазнетте де жалған ақпарат тарады.  «1918 жылы дәл осы Covid-19 дертіне ұқсас Испан тұмауына қарсы вакцинадан 65 млн адам өлген» деген қауесет те бар.

Дәрігерлер екпеден қорқудың еш қажеті жоғын, ол иммунитетті көтермесе, кері әсерін бермейтінін, жалған ақпараттарға сене берудің қажеті жоқ екендігін айтады.  Бұған себеп ретінде, бір ғасыр бұрын болған Испан тұмауы пандемиясы 1918 жылы басталып, екі жылға ғана созылғандығын, алайда испан тұмауы пандемиясына қарсы вакцинаны 22 жылдан кейін АҚШ әскери күштері жасап шығарғанын мысалға алады. «Сол себепті, Испан тұмауына  қарсы вакцинадан адамдар өлді деген негізсіз.  Covid-19-ға қарсы вакцина да дәл осы секілді бірнеше ұйымдардың тексерілуінен өтіп барып, адамғарға егіле бастайды» дейді.

Бірақ бұл дерек әбден шошынып қалған халықтың көңіліне демеу бола алмайды. Себебі, кеше ғана «Түркия біз алғалы отырған Ресейдің вакцинасынан жаппай бас тартты „деген жалған ақпараттың тарауы да көпшілікті тағы шошытты. Бұл жөнінде Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасы Анкара талаптарына сәйкес келіп, препарат тиісті зертханалық зерттеуден өткен жағдайда сатып алуы мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда бұл да “халықтың көңілін көншітетін ақпарат» дей алмаймыз.  

Олай дейтініміз, вакцинаға келгенде халықтың пікірі бұрыннан екіге бөлініп келе жатыр. Бірі – балаларының екпенің салдарынан сал ауруына ұшырап жатқандарын айтса, бірі – екпеден кейін кез келген аурудың жеңіл өтетінін айтып, жылда салдырып жатқандарын айтады.

Көптеген елдерде БЦЖ вакцинасы рұқсат етілмейтіндігі жөнінде ғаламторда ақпараттар толып жүр. Көбісі вакциналардың қауіпті және пайдасыз екені дәлелденгенін алға тартып, Covid-19-ға қарсы екпе де зиянын тигізбесе, пайдасын бермейді дейді. Мәселен, Вирусолог Галина Черновскаяның айтуынша,  «БЦЖ вакцинасы туберкулезді жоюға қауқары жоқ, керісінше туберкулез тудыратын эксперимент түрі» деп түсіндіреді.Доктор Лариса Брусинаның көпжылдық клиникалық зерттеуінің нәтижесінде, ДЦП (детский церебральный паралич) мен жаңа туған нәрестелерге БЦЖ егуінің арасында үлкен байланыс бар екенін дәлелдеген. Сондай-ақ, американдық зерттеуші дәрігер Харрис Л. Култер вакцинацияның арқасында аутизмнің пайда болғанын дәлелдеп, Америкада 1936 жылдан бастап көкжөтелге қарсы егулердің салдарынан аутизм ауруы пайда болғанын айтады. Одан бөлек, 1984 жылы Британияның ғылыми-зерттеу эпидемиологиялық лабораториясының зерттеуі бойынша көкжөтелге қарсы жасалған егулер тоқтатылғаннан кейін дәл осы аурудан көз жұмушылар қатары күрт азаюы себебінен, 1970 жылы Швеция бұл вакцинадан бас тартқаны жөнінде деректер де өріп жүр. Ресейлік педиатрлардың 25 жылдық зерттеулерінің қорытындысы бойынша, жаңа туылған сәби өзінің алғашқы бірінші жылында көптеген вакциналар санын қабылдайды. Ал дәл осы уақытта баланың өзінің имундық жүйесі қалыптасатын кезең екендігін айтып, шешуші рөлді екпе ойнамайтындығын, вакцина қабылдағандар да аурумен ауыратыны дәлелдеп әлек.

Мұндай ақпараттарға қарап, екпе салдырған миллиондаған халық ақымақ па, әлде жоғарыда отырған шенеуніктердің даудың басы қыруар қаржыға келіп тұрғандықтан, осының бәрін біле тұра жақ ашпайды ма деп те ойланамыз. Бір жағынан экс-денсаулық министрі Елжан Біртанов та вакцинация жасау халықты эпидемия мен инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз тәсіл екенін еске салып, екпе салдыру кез келген мемлекет үшін міндетті екенін тиек етіп, вакцинация міндетті болмаса, перзентхана мен емхана дәрігерлері де екпе жасамайтындығын естіп, көңіліміз бір демдейді.

Екінші жағынан көп ата-аналардан балаларының екпенің әсерінен мүгедек болып қалғанын жиі естіп, тағы алаңдаймыз. Бұл жөнінде дәрігерлердің көбісі екпе салдыру мүгедектікке алып келуі мүмкін, егер бала екпеге дейін толық тексерістен өтпесе дейді. Толық тексерістен өтпеген балада неврологиялық жағдай, қызу көтерлуі кезінде салынған екпе әрдайым теріс нәтиже беретінін және Туберкулез, пневмония, экзема, рахит, менингит, эпилепсия, пиелонефрит, бауыр циррозы, лейкоз, гепатит, панкреатит ауруымен науқастанған балаларға екпе жасалмайтындығын айтады. Оның үстіне, кез келген екпе салынғаннан кейін толық тексерістен өткен сау баланың өзінде түрлі реакция болатындығын, дене қызуының көтерілуі, жылау, мазасы кету, екпе салынған жердің қызаруы, тағы да басқа. Ол ары кетсе 2-5 күнге созылатыны және бұл жағдай ата-анаға да, медициналық қызметкерге де таныс нәрсе екенін ескертеді. Жарайды делік, бірақ ел арасында дәрігерлер өз баласына екпе салдырмайды деген қауесеттер де толып жүргеніне не дейміз? Бұл жөнінде дәрігерлердің өзінен пікір алуды жөн көрдік.

Меруерт Бақыт, дәрігер-терапевт:

— Дәрігерлер өз баласына екпе салдырмайды деген шындыққа жанаспайды. Егер де білікті дәрігер болса, еш ағымға қатысы жоқ дәрігер болса, вакцинаға оң көзқараспен қарайды. Себебі, өзім де балаларыма жасына сай екпелерін уақытылы салдырып отырамын. Әркімнің өз еркі болғандықтан, кейбір дәрігерлер салдырмауы мүмкін. Бірақ көбіне көп дәрігерлер балаларына екпе салдырады. Ал ковидқа қарсы екпеге келсек, Ресейдің Спутник-V  вакцинасы тексеріліп, оның тиімділігі 92 пайызға дейін дәлелденгендіктен, нарыққа көп шығарылып жатыр. Вакцина құрғақ түрде шығарылғандықтан, салқын жаққа да, ыстық жаққа да, жалпы Азия еліне таралады деген ақпарат бар. Сондай-ақ бұл вакцина көп еріктілерге салынып тексерілген. Нәтижесінде, олар да айтарлықтай асқынулар болмаған. Кейбіреуінде қызулары көтерілгенімен, жағымсыз әсер болмаған. Егер біздің денсаулық сақтау министрлігі рұқсатын берсе, салдыруға болады деп ойлаймын, –дейді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33