COVID-19 вакцинасын сынау кезінде 13 адам қайтыс болған ба, ақиқаты қайсы?!

Сайт әкімшілігі

06.01.2021, 09:36

919

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Moderna компаниясының COVID-19 вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысқан 13 адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаларды талқылауда. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл көрсеткіш вакцинаның аса қауіпті екендігінің белгісі. stopfake.kz сайтының анықтауынша, бұл манипуляция.

Клиникалық сынақтар кезінде «кем дегенде» 13 адамның қайтыс болғандығы туралы блогер Вадим Шегалов бейнероликте айтқан.

Бұған дәлел ретінде ол осы жылдың 17 желтоқсанында жарияланған Тамақ пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) жариялаған есепті келтіреді.

Препараттың клиникалық сынақтарына барлығы 30 мыңға жуық адам қатысты. FDA қорытынды есебінде вакцинаның тиімділігі өте жоғары және 94.1% құрайтыны айтылған. Сонымен қатар, екпе алғандар COVID-19 ауыр түрімен ауырмаған, тек 11 адам ғана аурудың кейбір белгілері болған. Салыстырып қарасақ, COVID-19 плацебо алған топта 185 қатысушыда расталған, олардың біреуі індет салдарынан қайтыс болды.

Алайда, есепте көз жұмған 13 адам туралы жазылғаны рас. Олардың 6-ы нақты вакцина алған топта, 7-уі плацебо тобында болған.

Сондай-ақ, құжатта әр өлімнің себептері көрсетілген. Препараттың алғашқы дозасын алғаннан кейін 21-ші күні еріктілердің бірінің жүрегі тоқтап қалған. Ол 75 жастан асқан және созылмалы кардиологиялық аурумен ауырған. Екінші қатысушының да жасы 75-тен асқан, ол екінші дозадан кейін 45 күн өткен соң көз жұмған. Оның өліміне миокард инфарктісі себеп болған. Сынақ басталғанға дейін ол жүрек ауруы барын ескерткен.

Сынаққа қатысқан тағы екі адам түсініксіз жағдайларда үйде қайтыс болған. Кардиологиялық ауруы бар 70 жастағы ерікті вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 57-ші күні өлген күйде табылды. Гипертониямен және созылмалы арқа ауруымен ауыратын және опиоидты препараттармен ем алып жүрген 56 жастағы қатысушы алғашқы екпеден кейін 37-ші күні жан тапсырған. Өлімнің ресми себебі «бас жарақаты» деп жазылған. Тағы бір марқұм 72-де болған. Ол Крон ауруымен ауырып, қысқа ішек синдромына шалдыққан.

Вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 40-шы күні оны тромбоцитопениямен және жедел бүйрек жеткіліксіздігімен ауруханаға жатқызады. Нәтижесінде полиоргандық жетіспеушілік салдарынан көз жұмған. Тағы бір реципиент препараттың алғашқы дозасынан кейін 21 күні өз-өзіне қол жұмсаған. FDA есебіне сәйкес, бұл көрсеткіштер аталған жас топтары арасындағы өлім-жітім орташа статистикасына сәйкес келеді.

Демек, өлімнің ешқайсысы вакцинадан немесе оның компоненттерінен болмаған. Олай болса, вакцинаның қауіптілігі туралы ақпарат манипуляция болып табылады. Бейнероликте айтылған ақпарат толық емес және автор тарапынан әдейі бұрмаланған.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20