COVID-19 жұқтырғандарға туберкулез қаупі бар - министрлік

Сайт әкімшілігі

12.03.2021, 10:35

414

COVID-19 жұқтырып, айыққан науқастар басқаларға қарағанда туберкулез жұқтыруға бейім болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті хабарлап отыр. 

"Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы 40 адамда туберкулез анықталған, ал 2021 жылдың қаңтарында республикада 11 жағдай тіркелген. Бірақ, ықтималдық өте жоғары екенін айту мүмкін емес", — деді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері.

Салдар мен асқынуға жол бермеу үшін амбулаториялық-емханалық деңгейде бақылау қажет, салауатты өмір салтын жүргізу ұсынылады. Дәрігерлер зиян әдеттерден арылуға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтану рационын сақтауға, сондай-ақ еңбек және демалыс режимін сақтауға кеңес береді.

«Инфекциянының орташа немесе ауыр түрін жұқтырған адамдарға, сондай-ақ науқас жағдайына байланысты медициналық оңалту курсынан өту ұсынылады. Дене қызуының жоғарылауы, 2-3 апта бойы жөтел, түнде терлеу сияқты клиникалық белгілер болған жағдайда, учаскелік дәрігерге барып, туберкулезді болдырмау үшін тексеруден өту ұсынылады», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұйымның мәліметі бойынша, коронавирус инфексиясын жұқтырғаннан кейін пайда болатын ең көп таралған патологиялардың бірі — қанның қоюлануына байланысты тромбоздар, миокард инфаркті, жүйелік эндотелиит, миокардит, өкпе фиброзы, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты жүрек-тамыр аурулары.

Бұл асқынулар қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік сияқты созылмалы аурулары бар адамдар және 60 жастан асқан науқастарға әсер етеді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24