Д. Ахметов: Лениннің кесірінен миллиондаған адам қырылды

23.07.2018, 16:57

167

Зырян ауданына жасаған іссапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов өңір орталығындағы көптеген көшелердің атаулары әлі де «қызарып» тұрағанын айтып, оларды өзгерту қажеттігін алға тартты.

Аймақ басшысы кезінде өзі декоммунистік партия қатарында болғанымен, өткен ғасырдың басындағы ауқымды саяси қуғын-сүргінге нақ осы «қызылдардың» кінәлі екенін атап көрсетті. Бұл туралы Жас Алаш  altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

–Ленин, Киров, Орджоникидзе, Дзержинский деген секілді атауларға неліктен жабысып қалдық? Нақ осы «қайраткерлердің» кесірінен миллиондаған адамдар қырылды. Біз өскелең ұрпақты достыққа, тәуелсіздікке баулуымыз керек. Ендеше көшелерді Достық, Тәуелсіздік деп атайық. Бізге өз заманымыздың қаһармандарын дәріптеу қажет. Айталық, Сағадат Нұрмағамбетов осындай құрметке әбден лайық. Зырянның өзінен шыққан қаншама соғыс батырлары бар. Ұлыларымыз – Абай, Әуезов бар, Жамбыл бар, Лермонтов пен Пушкин бар.Қаншама даңқты жерлестеріміздің – жұмысшылар мен инженерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің есімдері ескерусіз қалып жатыр. Осы бағытта жұмыс істейік, – деді Даниал АХМЕТОВ.

Зырян қаласы көшелерінің атаулары ауыстырыла бастады. Жуырда 28 көше өзгертілмек.

Жергілікті қоғамдық кеңестің ұсынысына сай, Советская Тәуелсіздік, Ленин Астана болып ауыспақшы.

Лениногорская – Шиелі, Комсомольская– Зыряннан шыққан Кеңес одағының батыры Павел Кольцов деп өзгертілуі ықтимал.

Канавная, Пролетарская, Ворошилов көшелері Бастау, Спорт, Еңбек көшелері атанбақ, Советская тұйық көшесі Көлеңкелі болып өзгермекші.

Ең бастысы қаланың өз атауын ауыстыру мәселесі де қаралуда, кеншілер қалашығы Алтай атануы мүмкін.

Фото: sputniknews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00