Д. Кенжетай: Исматулла тақсыр бостандықта

26.07.2019, 21:04

229

«Сопылар ісі»бойынша 14 жылға сотталған Исматулла ӘБДІҒАППАР бостандыққа шықты. Бұл туралы facebook.comжелісінде Досай КЕНЖЕТАЙ жазды.  

«Бірі келіп, бірі кетіпжатқан дүние. Біреу базарға бара жатыр, ал біреулер базары тарқаған, қайтыпбарады. Қу тірлік, құжынаған. Бірақ бір әділет түбі жеңеді екен кеш теболса… Бүгін қасиетті жұма қарсаңында бір бауырым «Сматулла тақсырдыабақтыдан босатыпты. Кезінде сіз ол кісі күнәсіз деп жар салып едіңіз» депсүйінші сұрады… Ия сүйіншің дайын бауырым… ол кісіден бүкіл ел атынанкешірім сұраймын. Осынша уақыт қиянат жасадық… Бірақ онда елге деген биліккедеген реніш жоқ. Бәрі Алладан деп біледі. Бәріне өзім кінәлі дейді. Міне бұлтаза сопылық хәл. Аман болсын, Тәңір ұзақ ғұмыр берсін!!!», — деп жазды Досай Кенжетай.


2011 жылы Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралықсотының судьясы Қасым ҚАЛМАҒАМБЕТОВ сопылық ағымның жетекшісі ИсматуллаӘбдіғаппарды 14 жылға бас бостандығынан айырған еді. «Сопылар ісінде»экстремизм, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, заңсыз медициналық қызметпенайналысу сынды айыптар тағылған еді.

Исматулла Әбдіғапарға араша сұрап сол кездегі президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА бір топ зиялы ашық хат та жолдаған. Олардың қатарында ШерханМҰРТАЗА, Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Мекемтас МЫРЗАХМЕТ, ҒаббасҚАБЫШҰЛЫ, Несіпбек ДӘУТАЕВ сынды қаламгерлер болған.

Әзірше сопылар жетекшісінің бостандыққа шыққаны туралыресми ақпарат жарияланған жоқ.

Фото: azattyk.org


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19