Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

22.10.2020, 03:42

1924

Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде болған (17 қазан) қайғылы жағдайдың Шығыс өңірде дүрбелең алып кеткені белгілі. Қаратұма ауылының тұрғындары Мақаншы полиция бөлімшесіндегі  Азамат Оразалының тосын өліміне байланысты өткен сенбіде бас көтеріп, наразылықтарын білдірген болатын.

Бұл жағдай жергілікті биліктің ағымдағы жұмысына да кері әсерін тигізгені шындық.   Облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция полковнигі Сағат Мәдиев оқиға орны алған жерге барып, тікелей видеожауап бергені де БАҚ арқылы тарап кетті.

33 жастағы қаратұмалық азаматтың бұған дейін ауыл-аймағына белгілі, көптеген іске белсене араласып жүрген еті тірі жігіт екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Алайда оның мал ұрлығына күдікті деп танылғаны және көп кешікпей, полиция бөлімшесінде қайтыс болғаны көпшілік көкейінде күмәнді күшейтуге түрткі болды. Жергілікті азаматтар жаппай жиналып, аудан орталығындағы ішкі істер бөліміне барып, наразылықтарын білдірген кезде жағдайдың ушығып кете жаздағаны бүгінде жұрттан жасыра алмас шындыққа айналды.

Ал апта басында облыс әкімі Даниал Ахметов марқұм Азамат Оразалы мекен еткен Қаратұма ауылына барып, қара жамылған отбасына көңіл айтып, марқұмның қазасына себепкер полицейлердің жазасыз қалмайтынына уәде берді. Бұған қатысты видеоны облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жариялағанына да жұрт куә:

«Бүгін (20 қазан) жұмыс сапарымен Үржар ауданына арнайы бардым. Осыдан бірер күн бұрын Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде қайтыс болған марқұм Азамат Оразалының анасына, отбасына барып көңіл айттым. Тас түскен жеріне ауыр, сондықтан туған-туыс, бауыр, жора-жолдастарының қайғыларына ортақ екенімізді, бұл жағдай Үкімет басшысының жеке бақылауында екенін жеткізгім келеді.

⠀Қазір ауданда облыс прокуроры, Полиция департаментінің басшысы бастаған арнайы топ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы заң талабына сай, әділ, ашық және жариялы түрде өтеді. Мен алдағы күндері ауданға тағы да келемін. Кінәлі тұлғалар заң бойынша қарастырылған жазасын алады. Кездесуге келген Мақаншы және Қаратұма ауылдары ақсақалдары мен тұрғындарының талап-тілегі де осы» деп жазды өңір басшысы.

   Оқиға барысына сәйкес, қазіргі күні жергілікті полиция қызметкерлерінің 5-і қызметінен босатылып, 3-і абақтыға жабылды.

  Ал ШҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің баяндауынша, бұл оқиға полиция қызметіне дақ түсірген. Қазір адам қазасына ұшыратқан оқиғаның қалай белең алғанына байланысты тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 12:54
«Мен орысша сөйлеуге міндетті емеспін»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12:41
Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:53
Әкімдік мамандары жәрдемақы есептерде жіпке тізгендей тергеп түгендейді-көп балалы ана
Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56