«Дәл осы айтысқа Ринаттың шықпағаны дұрыс болды»

19.06.2019, 14:37

83

Жыл сайынғыдәстүрге сәйкес, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік»атты халықаралық айтыс өткен болатын. Обалы қане, Ырғызбай ДОСҚАНҰЛЫ атындағыхалықаралық Қазақ күресінің Гран-приі үшін балуандар бәсекесі, «Ұлы далақазанаты» атты 140 шақырымдық аламан бәйге дүбірі, әлемдік бокс жекпе-жегісияқты үш тәулікті қамтыған ірі мәдени-спорттық шараның ел асыға күткені осыайтыс еді. Өйткені, «TasGroup» компнаиялар тобының жетекшісі, осы топырақтан түлеген жас кәсіпкер ДулатТАСТЕКЕЕВТІҢ қолдауымен Ақсуатта төртінші рет өтіп отырған  айтысқа Ринат ЗАЙЫТОВТЫҢ да қатысатыны бәрінелеңдеткен болатын. Алайда, дау-дамайы әлі күнге басылмай тұрған Президентсайлауының соңына ала келген бұл айтысқа Ринаттың қатыспайтыны анық болды. Жұртарасында айтыкердің келе алмауын Алматыдағы толқулардың ортасынан табылуыменбайланыстырған әңгіме де өршіп кетті. Одан өзге дәл айтыс өтетін күні Ринаттыңбұл жыр додасына қатысудан шеттетілгені әлеуметтік желілерде талқыланып,ақпараттық сайттарда да тарап жатты.

Оқи отырыңыздар: Р.Зайытов: Германияда бір отбасы бір стақан суға жуынады

Осыған орай «Туғанжерге туыңды тік» атты айтыстың куәсі болған «Жас алаш»тілшісі айтыскер Рүстем ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ мен осы айтыстағықазылар алқасының мүшесі Дәулеткерей КӘПҰЛЫНЫҢ пікірін білген еді.

Рүстем Қайыртайұлы:

-Менің ойымша Ринаттың қатыспауы сол оқиғаларға тікелейқатысты. Өйткені, сол кезде Ринаттың қолын байлап әкеткен болатын. Ал Ринаттыңқолына байланған кісен басқада ақындардың қолына түскені деп білемін. Оны бізбарып босатып алдық. Әйтпесе, қамап ұстамақшы болған екен. Оған тісін басыпжүрген тиісті орындарға жетті бұл әңгіме.Одан соң осы айтыс болатыны, оғанРинаттың қатысатын белгілі болғаннан кейін ендібұлжақтағы халықты көтеріп, еліші қозғалып кете медегенсақтық болған сияқты меніңше. Жалпы, оның қатыспауысаяси жағдайға байланысты екені анық.

Дәулеткерей Кәпұлы:

-Ринаттың келмеу себебін айтпас бұрын осы айтыстың өзіболу -болмау себебіне тоқталған жөн шығар. Облыстық әкімдіктен бұл айтысболмайтыны туралы әңгіме шығып, Жүрсін аға жасыратыны жоқ Президентәкімшілігіне шығып, артынша өзім де хабарластым. Ондағылар дәл осы айтысқақатыспағанын жөн көрді. Бірақ, бұл Ринаттың айтыстан біржолата ысырылды дегендібілдірмейді. Алдағы уақытта да айтыстар болады, оның қатысуына ешқандай кедергіболмайды.  Бір айтатын жайт, мұндайдыбасқа күштер де пайланғысы келуі мүмкін, қалай дегенмен тәртіп те керек.Айтысқа да жаным ашиды, елдің де тыныштығын ойлайтын қарапайым азамат ретіндетәртіп пен тұрақтылық маңызды. Тәртіпті халық дұрыс түсінуі керек. Дәл осыайтысқа Ринаттың шықпағаны дұрыс болды.

Оқи отырыңыздар: Полиция:Ринат рұқсат етілмеген митингіге қатысты


Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51