23.11.2020, 09:40
880
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Жас Алашқа» қаланық полиция департаментіңнің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 292-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сәйкес соталды тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, оқиғаға кінәлі адамға екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыра отырып сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.
Еске салайық, бұдан бұрын Нұр-сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, 1 адам қайтыс болып, 23 адам ауруханаға жатқызылған болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР