«Дара жол» бағдарламасы және қысыр әңгіме

26.07.2019, 19:31

76

Қазақстан телеарналарының бірінен көрсетілетін «Дара жол»деген бағдарлама бар. Жүргізуші оған еліміздегі танымал қайраткерлерді –жазушыларды, ғалымдарды, саясаткерлерді шақырады. Демек, олар көпшіліктіңалдына шығып алып, қоғамның даму жолында көлденең тұрған, өзекті саяси-әлеуметтікмәселелерді қозғайды дерсіз. Жоқ, мүлдем олай емес. Әңгіме тек тұрмыстық және жеке басқа ғана қатыстылартөңірегінде өрбиді. Танымал қайраткерлер жиналып алып, өздерінің отбасы,балалары, жеке жетістіктері туралы, достармен бас қосқандағы «қызық» әңгімелерінайтады. Жүргізушінің оларға қоятын жетектеуші сұрақтарының сыйқы мынадай болыпкеледі:

– Сіз зайыбыңызбен қашан, қай жерде таныстыңыз?

– Алғаш кездескенде сіз оған гүл сыйладыңыз ба?

– Қанша балаларыңыз, немерелеріңіз бар?

– Олар сіздерді қалай сыйлайды?

– Таңертең келініңіз сізді қалай қарсы алады? Сәлем жасайма?

– Немерелеріңіздің қайсысын жақсы көресіз?

Танымал қайраткерлер мұндай сұрақтарға құлшына және тәптіштейжауап береді. Қоғам, даму, мәдениет, ғылым, демография, тағы басқа әлеуметтің  алдында тұрған өзекті мәселелер туралы тісжармайды. Ойға ой қосатын жаңа идея, шығармашылық табыс, саясатта, ғылымда, мәдениеттепікірталас тудырып жүрген мәселелердің маңына бармайды.

Қазақтар мұндайды қысырәңгімедейді. Ол еріккен, бейсауат адамдардың жиналып алып, айтатын іскетатыр ойлары жоқ болған соң, уақыт өткізу үшін әрнені сөз етіп отыруын көрсетеді.Сананы тұрмыс аясынан шығармаудың кең таралған әдістерінің бірі осы. Бұқаралықақпарат құралдарының ішіндегі ең көпшілікқолды түрі – теледидарды пайдаланып,танымал қайраткерлерді қатыстырып, ақпарат таратудағы метаморфозаның тағы бірмысалы осындай.

Осы бағдарлама бойынша 2018 жылдың желтоқсанында эпизодтыңшебері атанған киноактердің өмірін арқау еткен берілім көрсетілді. Оған белгілірежиссерлер, актерлер, бенефицианттың достары мен таныстары қатысқан екен. Бұлберілімде де қазіргі қазақ киносының мәселелері туралы ешкім ауыз ашпады. Кино өнерініңтақырыбы, мазмұны, көркемдігі, мұраты, өзектілігі, көңіл аударатын мәселелері,рухани жаңғыруға қосып жатқан үлесі сияқты мәселелердің бірі де сөз болған жоқ.Кино өнерінің халықтың көзіне түсіп жүрген қайраткерлері жиналып алып, өздерініңқашан және қалай танысқаны, кімнің қанша ақша табатыны, төбелескені, түсірілімбарысында арақты қалай жасырып әкеп ішкені… туралы қысыр әңгімемен уақытоздырды.

* * *

Көркемөнер шығармаларының идеялық бағыты мен мазмұнын өз  қолайына қарай өзгерте отырып, бұқаралықсананы реттеуді Кеңес кезіндегі билеушілер жақсы білген болатын. Кеңестікидеология қазақтың шарасын қоқыспен толтырып кетті. Бұл құбылысты қазіргі билікөз пайдасына – биліктен кетпеу ниетін жүзеге асыруға тиімді қолданып отыр. Қазақсауатсыз болуы керек, әсіресе, саяси-құқықтық жағынан. Бұған қоса, өзінің мүддесінеқайшы әрекеттермен айналысуы керек. Нәтиже ойдағыдай, қазіргі қазақтар өзін өзікөктетпейтін, биліктің басынуына қарсы дәрменсіз, сүреңсіз массаға айналыпотыр.

Дарақы күлкі тудыратын бұралқы сөзге, әдетте, интеллектімен мәдениеті төмен, бейсауат адамдар үйір келеді. Қазақша телеберілімдерде өлмелікемпірдың аяқ астынан билеп кетуі, асханаға тамақ ішуге келген адамдарғааспаздың картоп тазалап беруін талап етуі, бірдеңе сатып алғаны үшін келушініңкассаға мен «көбірек төлейінші» деп тұрып алуы,… сияқты қарапайым қисыннан тысқылықтарды көріп, қазекең «қызық екен» деп, мәз болып күліп отырады. Осы жердеменің ойыма Австралияның жергілікті тұрғындарын зерттеген біреудің әңгімесі түсіпотыр. Онда бір топ аборигендер жиналып, біреуі аң аулауға барғаны туралы әңгімеайтып отырады. Әңгіме желісі бойынша аңшы бір ағаштың бұтағында отырған құсты көріпті.Әлгі «құс ширк-ширк деп шиқылдайды» дегенде аборигендер ішек сілесі қатып күледіекен. Австралия аборигендерінікі жөн-ақ – жаһандағы өзге халықтармен салыстырғанда,олардың интеллект деңгейі төмен екендігі белгілі. Ал біздікіне не көрініпті. Қисынсызсөзге күлген адамды қазақ «әйелдің қары күлкіші, ердің қоры күлкіші» деп, қаттыкүстаналаушы еді. Сонда қазақ теледидары бұқараны қарлық пен қорлыққа бағыттайтынболғаны ма?

Сананы қисынды ойлау жолынан тайдырудың ақталған құралдарыныңбірі – жалған ақпарат. Жалғанды естіген адам алдымен ашуланады. Одан кейін оныелемеуге тырысады. Біртіндеп үзіліссіз жалғанға оның құлағы үйренеді. Ақыры ол өзінжалған ақпарат санасын билеп алғанын байқамай қалады.

Жалғанды үнемі қайталай беру адамды оған сендірудің кеңтаралған әдісіне айналған. «Шындық шалбарын киіп болғанша, жалғанның жарты әлемдіаралап үлгіретіні» рас (У. Черчилль). Жалған бәрімізге қарсы басты қаруғаайналып, күрес жүргізіп келеді және жеңіп те келеді

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: itube.kaztrk.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05