Дариға Назарбаеваға ашық хат: Шенеуніктің кесірінен мүгедек болдым

29.07.2019, 15:17

24

ҚұрметтіДариға Нұрсұлтанқызы! Мен судьялардың әділетсіздігінің құрбаныболған, шенеуніктің жолережесін өрескел бұзғандығының  кесіріненқазіргі таңда  «3  топ  мүгедегі»болыпқалған   Арал қаласы тұрғынымын.

Ашыпайтқанда  06 ақпан 2019  жылы Қызылорда облысы Арал аудандық сотыныңсудьясы  Н.Бекетаевпен ҚР ҚК-нің345-бабының 2-бөлігімен айыпталып сотқа берілген Қуанышов Құттыбай Әбдірахманұлына қатысты ақтау үкімі шығарылған қылмыстық іс бойыншажәбірленушімін.

26наурыз 2019 жылы Қызылорда облыстық сотында қаралған апелляциялық сототырысында да Қуанышов Құттыбай Әбдірахманұлына қатысты шығарылған ақтау үкімікүшінде қалды.

Қазіргітаңда ҚР Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірдім, дегенмен әділ шешімшығаратынына күмәнданамын.

Жүргізуші К.Қуанышовтыңкінәсі қылмыстық іс құжаттарымен, сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптамақорытындыларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан.

Жүргізуші К.Куанышовқа еңжеңіл жаза Үкім етілседе оның қызметтікмансабына нұқсан келетін болғандықтан, яғни Арал аудандық Мәдениет Үйініңбасшылығынынан шеттетілетін  болғандықтанақтау Үкімішығарылып отыр.Бұл ақтау үкімі заңсыз және негізсіз.

 Аралаудандық сотының екінші судьясы Г. Нұрымбетова жүргізуші К. Куанышовтың туысыболғандықтан ақтау Үкіміне  судья Г.Нурымбетованың ықпалы болғаны анық. Олай дейтінім, Апелляциялық сототырысында судья А.Наримов сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен келіспесе, сот сараптамалықкомиссиясын неге құрмады? Сараптама қорытындыларын, сот сараптамасына қайтақарауға неге ұсынбады?

Бұлақтау Үкімнен кейін біздің Мемлекетімізде  қылмыскердің  жазаланбай тайраңдап жүруі қалыпты жағдайболғаны  ма деген  ой келеді.

К.Куанышовтың кінәсі қылмыстық іс құжаттарымен,сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен, жәбірленушіжәне куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан.Түсінбегенім,дәлелденген қылмыстық іске   қалайша ақтау Үкімі шығарылады ?

СудьяН.Бекетаев пен судья А.Наримов  ақтауүкімін шығару барысында, мағанқатысты жинақталған әкімшілік іс құжаттарын, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының1-бөлігімен «заңсыз» толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманыжәне әкімшілік жазаға тарту туралы қаулыны заңсыз негізге алды.

Мағанқатысты ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен қабылданған қаулы Арал АПБ-ніңбастығының орынбасары Ж.Карибаевтың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен  бұзылған болатын.

Судьяларкүші жойылған хаттаманы негізге алып, Прокуратура мен Ішкі Істер бөлімінің  қызметкерлерінің тергеп, анықтаған еңбектерінжоққа шығарып, заңды өз беттерінше бұрмалап, еріктеріне салғанына қарағанда, АтаЗаңымызды белден басу оларға үйреншікті жағдай сияқты.

Олай деуімнің себебі жүргізуші Қ.А.Қуанышовтың сотқа дейінгі тергеп тексерубарысында кейбір  жауаптары сот үкіміндекөрсетілмей қалған.              

 Сот Үкімінде нақты куәгердің жауабыемес, оқиға орнында жоқ адамның айтқан негізсіз сөзін дәлелге алып, оқиғаболған күні «Ақтөбе  облысындағы ағасытелефонмен кешірім бергізген» делінген. Жүргізушінің де сот процессінде кінәсінтолық мойындағаны туралы бірде-бір сөз жазылмаған. Бұл негізсіз жазылғандарҮкім емес, алып қашпа  әңгімеге көбірекұқсайды.

Айта кететін тағы бір жағдай Үкімде судья Г. Нұрымбетова жүргізуші Қ. Қуанышовтыңтуысы екені  дәлелденбеді депжазылған.Алайда апелляциялық сот процесінде судья Г.Нұрымбетова туысым екенірас бірақ бұл іске араласпады деп мойындады, бірақ бұл сөздерде Үкімдекөрсетілмеген.

Қазіргі уақытта Еуропалық парламенттіңПрезидентіне, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына, ЕП делегациясының жетекшісінеөтініш хат жолдадым.

Жоғарғысотта Үкімді күшіндеқалдырса  Халықаралық сотқа.Еуропалықсотқа шағым түсіруге мәжбүрмін.

Жоғарыдағылардыескеріп:

Жүргізуші Қ.А.Қуанышовтың әрекетінде ҚР ҚК-нің345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерініңжоқтығы туралы  Қызылорда облысы Аралаудандық сотының 06.02.2019 жылғы ақтау жөніндегі Үкімінің және Қызылордаоблыстық сотының  қылмыстық істержөніндегісот алқасының 26 наурыз 2019 жылғы № 1а -46 санды Қаулысының күштерінжойылынуына, жаңадан шешім шығаруға, менің уәждерімді мұқият зерделеп, ақ қарасынанықталуына,әділ шешім шығаруларына ықпал жасауыңызды сұраймын.

Құрметпен, Ақнұр Тукешова.

Фото: tengrinews.kz





Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49