Дариға Назарбаеваны журналистерден алты күзетші қорғады

24.01.2020, 13:03

146

Журналист қызметіне кедергі келтіруге ешкімнің де құқығы жоқ. Алайда, халыққалаулыларымыз дейтін депутаттар ордасы парламент қабырғасында барлықдепутаттарға сұрақ қоюға болмайды екен. Кеше Азаттық радиосының тілшісі ӘсемгүлМҰХАТҚЫЗЫ сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВА сұрақ қоймақ болған еді. Бірақкүзетшілерінің бірі журналисті бас салып, ауызын жапқан. 

«Менде Дариға Назарбаеваға деген жалғызсұрақ болды. Оның ұлының айтқандарына қатысты пікірін білгім келген еді.Өздеріңіз білесіздер Айсұлтан Назарбаев бірнеше БАҚ өкілдеріне бергенсұхбатында «анамнан қауіп төніп тұр» деп айтты ғой. Солай айтуына не түрткіболды дегім келді. Бірақ барлықтарыңыз  видеоданне болғанын көрдіңіздер. Менің сұрақ қоюыма кедергі жасалды. Яғни журналисттікқызметіме кедергі келтірді. Олай істеуге ешкімнің құқығы жоқ.  Әдетте Дариға Нұрсұлтанқызының қасында екіадам жүретін. Кеше спикер алты күзетшісімен жүрді. Спикердің шығатын есігі менлифтіге баратын тұс бес-ақ метр жер. Күзетшілері дәліз жасап  Дариға Назарбаеваға ешкімді жолатқан жоқ. Менсауалымды алыстан қоймақ едім. Қасындағы күзетшісі бірден тап берді. Бұрын даосыған ұқсас жағдайлар болған. Арнайы адамдар сенат басшысына жақындатпайденелерімен қалқалайтын. Бұл жолы ауызымызды жапты», — деді Азаттық радиосыныңтілшісі  Әсемгүл Мұхатқызы.

Журналист әзірге қандайда бір органга шағымданбапты.
22 қаңтар күні экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиеннемересі фейсбукәлеуметтік желісіне бірнеше пост жазған еді. Ол өзінің туған әкесі Рахат ӘЛИЕВемес, Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ екенін және анасынан қауіп төніп тұрғанын жазған еді.Артынша 2008 жылы Қазақстанда сырттай 25 жылға сотталған ҰҚК-нің экс-басшысыӘлнұр МҰСАЕВ әлеуметтік желіде «Айсұлтан Рахат Әлиевтің ұлы» деп мәлімдеп жәнедәлел ретінде арнайы құжаттарды жариялады.

Фото: mir24.tv


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58