03.09.2021, 13:37
1047
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева балаларға манту сынағының орнына жасырын түрде коронавирусқа қарсы вакцина салынады деген қауесетке жауап берді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Бірінші сынып оқушылары манту сынағын алуы керек (туберкулез микобактериясына антиденелер болуын тексеру сынамасы. — ескерт.). Бірақ ата-ана балаларына коронавирусқа қарсы вакцина рұқсатсыз салынады деп қорқып, бұдан бас тартады», — деді журналист әкімдікте өткен брифингте
«Жыл сайын қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына БЦЖ (туберкулезге қарсы вакцина. — ескерт.) ревакцинациясы жүргізіледі. Бүгінде барлық мектеп дайындалып жатыр, тізімдер жасалады және бұл акция жыл сайын толық көлемде жүргізіледі. Бүгінде қалада балаларға арналған вакцина жоқ, сондықтан бұл — негізсіз», — деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР