Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты

Сайт әкімшілігі

18.01.2021, 09:11

1830

Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарда қандай неврологиялық асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Бұл ауру салдары әлі аз зерттелген. Олар инфекцияның өткір кезеңінде пайда болуы мүмкін. Асқынулар кешігіп те шығады — яғни олар адам жазылғаннан кейін пайда болады. Бүгінгі коронавирустың болашақта мидың ауыр ауруларының дамуына қандай серпін беретіні белгісіз. Жақсыға үміттенеміз», — деді жоғары санатты невропатолог және медицина ғылымдарының кандидаты Неонила Фомина-Чертоусова.

Коронавирустан кейін адамда орталық жүйке жүйесінде проблемалар да туындайды: ұйқысы нашарлайды, бұлшықеттерге зақым келеді.

«Тіпті ковидпен байланысты инсульт деген ұғым пайда болды. Коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек — шамамен алты пайызға», — деп түсіндірді Фомина-Чертоусова. Ол инсульт вирус жұқтырған соң бірнеше аптадан кейін болуы мүмкін екенін немесе аурудың белгісіне айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Коронавирустан перифериялық жүйке жүйесі жиі зардап шегеді, невропатологтың айтуынша, қауіп тобында жастар да бар. Ол коронавирус жұқтырған адамның кенеттен аяқ-қолы ұйып қалу белгілерін мысалға келтірді. Созылмалы неврологиялық аурулары бар, иммундық жүйені басатын терапия алатын адамдар да қауіп аймағында екені атап өтілді. 

Фомина-Чертоусова неврологиялық аурулары бар адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, негізгі диагноз бойынша ұсыныстарды орындауға кеңес берді. Сонымен қатар, денсаулықты мұқият күтіп, эпидемияға қарсы ережелерді сақтау керегін айтты.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39