Дәрігерлер дертті болса, басқасына не жорық?

09.04.2020, 12:17

15

 Ақпарат жәнеқоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев қытайвирус туралы әңгіме болса, «текқана ресми ақпаратқа сеніңіздер» деп жиі ескертіп жатады. Бірақ бүгінде қайақпараттың ресми, қайсысының ресми емес екенінен оп-оңай жаңыла бастадық.Өйткені нақты ақпарат таратуда бірізділік жоқ. Емделушілер арқылы коронавирусжұқтырған дәрігерлердің саны әр ақпарат көздерінде түрліше жазылып жүр. Телеграммжелісіндегі «Коронавирус-2020» ботта еліміздің бас санитары Айжан Есмағамбетова«індет жұқтырған дәрігер саны – 120» десе, дәл сол күні, сол желіде денсаулықсақтау министрлігі «67» деген мәлімет таратты. Қалай десек те, бізде дәрігерлердіңемделушіден індет жұқтыру дерегі жоғары болып тұр. Оған не себеп?

— Білуімше, жалпы, коронавирус жұқтырған медициналыққызметкерлер: санитар, медбике, дәрігері бар – барлығы 120 адам. Оның 67-сідәрігер. Бізде дәрігерлер мен медицина қызметкерлері індет жұқтырғандарментікелей жұмыс істейді. Ал медицина қызметкерлерінде коронавирустан қорғайтынқұралдар мен киімдер жеткіліксіз. Өткенде сыртқы костюмдер мен маскалартаратылды. Бүгінде сол киімдердің ана жер, мына жері сөгілді, жыртылды,тесілді. Оны әзір ауыстыратын мүмкіндік жоқ. Өйткені мұндай қорғаныс киімдерінбіздің елде шығармайды. Оны АҚШ, Еуропа және Қытайдан алдырады. Қазір олардыңөзіне мұндай киімдер жетпей жатыр. Сондықтан қолда барды ғана ептеп отырмыз. Бізмұндай жағдайға мүлдем дайын болмай шықтық. Сондықтан медицина қызметкерлерініңіндетті жұқтырып алуына осындай факторлар әсер етті деп ойлаймын, – дейді Нұр-Сұлтанқаласындағы теміржол ауруханасында коронавирус бойынша анализ қорытындысынжасап отырған дәрігер Ғабит Нұрханұлы.

    Әрине, дәрігер сөзініңжаны бар. Өйткені былтыр желтоқсан айының соңында Қытайда эпидемия басталғандабіздің билік індетті Қытайдан келеді деп күтті. Мемлекет арасындағы шекарағақатаң санитарлық бақылау орнатты. Ресей мемлекеттік думасының депутаты ВладимирЖириновский де «Қазақстанмен шекараны жабуымыз керек. Вирус Қазақстан арқылыкеледі» деп байбалам салды. Ол кезде сақтық шараларын күшейту үшін «қауіптіелдердің» категориялары жасалды. Оған Азия құрлығындағы Қытай, Оңтүстік Корея,Таиланд, Жапонияны енгіздік. Яғни вирус Қытай болмаса, осы елдердің біріненкелуі ықтимал еді. Ал Еуропаға ашылған қақпамызда бақылау шараларын әлсіретіпалдық. Соның кесірінен елге алғашқы індет Германия мен Франциядан ағылды.Ресейге дерт әкелген алғашқы екі адам Сібірге жұмысқа келген Қытай азаматтарыболса, кейінгілері Италиядан келіп жатты.

     Біздің азаматтыққорғанысымыз да көп нәрседен мүлт кетті. Бактерологиялық және химиялық қатергеқарсы қолданатын құрал-сайманымыз жоқ болып шықты. Тіпті қажет кезіндеқарапайым маскамен толық қамтамасыз ететін фабрикалар да аз екен. Індет бізгекеліп жеткенше, қордағы бүкіл қорғаныс құралдарын саудагерлер сыртқа шығарып,екі-үш бағасына сатып жіберді. Сырттан сатып алып, олқылықтың орнын толтырайықдесек, шет мемлекеттер мұндай құралдарды сатуға үзілді-кесілді тыйым салды.Италия мен Чехия арасында «маска дауы» бұрқ ете қалды. Қытайдан Италияғагуманитарлық көмек ретінде жіберілген пәленбай миллион масканы Чехия үкіметіконтрабанда есебінде тәркілеп алды. Өткен аптада Францияның Прованс-Альпіаймағы үшін Қытайдан сатып алған маскасын әуежайда тұрған жерінен АҚШ екі есебағасына сатып алып, бір дау туды. Одан соң Канада мен Германия масканың үлкенпартиясына ақшасын төлеп, жөнелтілгелі тұрған жерінен АҚШ тағы да екі есебағасына сатып алған. Мұндай халықаралық «маска дауы» үйреншікті нәрсегеайналды. Тіпті АҚШ, Германия, Франция сияқты мемлекеттер шетелге қорғанысзаттарын сатуға тыйым салатын арнайы заңдар қабылдады.

Осы мәселелер сабақ болды ма, біздегі бірнеше кәсіпорынмаска тігуге бет бұрды. Бірақ химиялық және бактерологиялық қатерге қарсыкиімдер тігуді әлі қолға алған жоқ.

     Коронавируспенкүресіп жатқан дәрігерлеріміз қазір отбасына, туған-туыстарына абайсызда індетжұқтырып алмау үшін өздерін-өздері оқшаулап жатыр. Ол үшін мемлекет арнайықонақүйлерден бөлмелер жалдаған. Мұның барлығы құптарлық мәселе.

    Тағы біркемшілік – денсаулық сақтау министрлігі мен қорғаныс министрлігі бірлесеотырып, осындай алашапқында медицина қызметкерлері мен сарбаздарды індеттенсақтандыру үшін кешенді шаралар қарастырмаған. Атап айтқанда, сақтанудыңжолдары жайлы лекция оқу, тренингтер өткізу, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізудіқолға алған жоқ. Мысалы, Қытайда 80 мыңнан астам адамды емдеумен айналысқандәрігердің тек 1700-і ғана коронавирус жұқтырды. Ал 130 мыңнан астам науқастыемдеген Италияның 10 мыңнан астам дәрігері осы кеселге шалдықты. Қазір індетжұқтыру бойынша Молдова дәрігерлері алдарына жан салмай келеді. Онда 752 адамкоронавируспен ауырса, олардан 215 дәрігер жұқтырып алған. Бұл – елдегі бүкіліндет жұқтырғандардың 28 пайызынан астам. Өте жоғары көрсеткіш. Ал біздегідәрігерлердің емделушілерден коронавирус жұқтыруы білімсіздіктен емес,біліксіздіктен болса керек. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі осымемлекеттердің қателігі мен жетістіктеріне сүйене отырып, медицинақызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шараларды қолға алуытиіс.  

     Дәрігерлердіңайтуынша, елімізде коронавирус індеті әлі шырқау шегіне жетпеген. Індетжұқтырғандар күн санап көбейіп келеді. Ал түкпірдегі Жаңақорған, Миялы,Қызылқоға, Мақтаарал сияқты аудандарда жағдай мүлдем күрделі көрінеді. «Нұр-Сұлтан,Алматы сияқты орталықтарда дәрігерлерге қорғанысқа арналған киім-кешек пенқұрал-сайман жетпей жатқанда, ол аудандардың жағдайын көзге елестетудің өзіқиын», – дейді Ғабит Нұрханов.

    Сондықтан қалыңқазақтың арасына жаппай тарап кетпей тұрғанда алыс аудандардағы ауруханаларғабасты назар аударып, көмекті аямау керек.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің сегіз өңірінде  емделушілер арқылы кесел жұқтырған медицинақызметкерлерінің саны қазір 120 адамға жетті. Оның біреуі ауыр халде, тоғызыныңжағдайы орташа ауыр, қалған 57 дәрігерде індеттің айқын белгілері жоқ, жеңілтүрде екен.


   ТоқтарЖАҚАШ



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:51
Қазақстанда қандай қылмыс жиі жасалынады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.09.2020, 09:34
«Бесоба» синдромы сабақ болмады ма?!
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27