Дәріханадан табылмаған дәрі қоймада неге толып тұр?

21.07.2020, 06:51

218


     Кесел деңгейіөршіген қиын сәтте жұрттың басты уайымы дәрі-дәрмек болды. Қарағандылықтарвирусты емдейтін дәріден бөлек, дене қызуын түсіретін қарапайым парацетамолды таппай,сан соғып қалды. Кейінгі уақытта облыс билігі көптеген дәріханаларға бұлдәрілердің түсіп жатқанын мәлімдеуде. Дегенмен тұрғындар «дәрі әлі де болсатапшы» деп зар қағуда. Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет жұртдәрі таппай қиналып отырғанда, еліміздегі көптеген қоймаларда дәрі-дәрмектің біразуақыт тұрып қалғанын мәлімдеді.

      Осы орайда, халықтың қолы дер кезінде дәрігежетпей отырғанда, қоймаларды дәріге толтырып қою кімге және не үшін қажет болдыдеген заңды сауал туындайды. Алайда бұл сауалға шенеуніктер де, тексерушіорындар да тұшымды жауап бере алмайды. Өйткені бұл мәселе әлі де тексеріліпжатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  тексерісі бойынша Қарағандыоблысындағы қоймаларда 600 мың орамдағы парацетамол мен аспирин табылған. Албұл кезде қоймада тұрған парацетамолды жұрт табанынан тозып дәріханаларданіздеп жүрді. Қоймада толып тұрған дәрілерді тез арада дәріханаларға жөнелткен.Тіпті мемлекет басшысы пәрменді тапсырма бермесе, қоймада толып тұрған дәрі-дәрмектіешкім тексермейтіні анық еді. «Жұрт таба алмай жүрген дәріні қоймаға тығып қоюдеген барып тұрған сорақылық деп ойлаймын. «Соғыс жағдайындамыз» дегенпрезидент осындай бассыздыққа жол бергендерді қатаң жазалауы тиіс», – дейдіқарағандылық   қоғам белсендісі Жексен Әбдірахманов.
      Қарағанды қаласында бүгіндедәріханалардың жұмыстары да тексерілуде. Өйткені көп жағдайда дәріханада дәрібағасы аспандап тұрады. 5 шілдеден бастап дәріханаларды тексерген мобильдіктоптар  заң бұзған 45 жайтты анықтаған.Оның ішінде тоғыз заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 1,2 млн теңгеайыппұл салынды. 36 дәріханаға қатысты фактіні тауарлар мен көрсетілетін қызметсапасын бақылау департаменті қарап, қандай шара қолданатынын анықтайды.Дәріханадағы мамандар дәрі-дәрмек бағасын шектік деңгейден асырып, қымбатқасатқан.
 

Арайлым ЕРКЕБАЕВА


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31