«Ұшаққа мінем» деген халықты тағы тонады
05.11.2020, 04:25
1219
ПТР-тест құнын әрең дегенде 11-18 мың теңгеден 9 мың теңгеге дейін түсірді-ау. «Тоғыз мың теңге деген 18 мың емес, әйтеуір, қолжетімдірек», – дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.«Бірақ, – дейді ол, – пандемия енді басталып жатқанда бұлар «тест құны 5 мың теңге болады» деп уәде берген болатын». Қажетті табыстарын үстінен көргендегі құны сол 5 мың теңге болған шығар, құдай біледі.Сосын олардың арандары ашылды. Оның үстіне ұшақпен ұшатындар үшін тест тапсыру міндетті етіп қойылғаннан кейін монополистерден тіпті ұят кетті. ПТР диагностика саласындағы екі монополист енді тұтынушылар нарығының өз қолынан ешқайда қаша алмайтынын біліп, бағаны аспандатты.
«Президент сын айтпаса, осылай тұра бере ме еді ПТР тест бағалары? «Инвиво» клиникаларында тест құны шынымен 18 мың теңге болатын. Кей шетелдерде ПТР-тестілеудің құны осындай десті, бірақ оларда мұндай ақшаға арнайы мамандар бригадасы тестке тапсырыс берушінің қалауымен ыңғайлы уақытта үйіне барып тест жасайды. Бізде удай ақша төлегеніңді айтпағанда, клиниканың алдында ұзын-сонар кезекте тұруың керек.
Таңым бар менің, біздің клиникаларымыз жер бетіндегі ең қымбат реактивтерді тауып алуға не деген шебер еді десеңші. Сондағысы – халқымызды жер бетіндегі ең қымбат тестіден өткізу үшін. Әлде Қазақстан азаматтары жер бетіндегі ең бай адамдар ма еді?» – деп таңдайын қағады саясаттанушы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР