Дауыс беру мерзімін ұзарту бойынша ақпарат айтылды

Сайт әкімшілігі

02.10.2020, 15:17

585

«Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу қағидаларына сәйкес, дауыс беру күні орталық ұйымдастыру комитеті бекітетін республикалық Күнтізбелік жоспарда айқындалады. Дауыс берудің белгіленген мерзімі –2020 жылғы 3 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін.

2 қазан сағат 17.00-дегі жағдай бойынша праймеризде 446 297 сайлаушы немесе жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 57%-ті дауыс берді.

Партиялықтар мен жалпы жұртшылықтың партияішілік сайлауға жоғары қызығушылығы бір мезгілдегі сайтқа жүгіну санын едәуір арттырды (100 мың және одан да көп), соның салдарынан дауыс берудің алғашқы сағаттарында сайтқа қол жетімділік пен тіркелу бойынша уақытша қиындықтар туындай бастады.

Ақпараттық жүйеге түскен техникалық жүктемелердің салдарынан партияның көптеген мүшелері дауыс бере алмады. Қоғамдық қабылдаудың колл-орталықтарына 1,5 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Оның ішінде 828-і дауыс беру кезіндегі техникалық қиындықтар мәселелері бойынша.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы партияның ұйымдастыру комитеттеріне партиялықтар мен кандидаттар тарапынан дауыс беру мерзімін ұзарту туралы өтініштері келіп түсті. Өтініштерде дауыс беру жұмыс күндері өтіп жатқандықтан таңдау жасауға уақыттың жетіспеуі атап өтілуде.

Сонымен қатар, ертең, 3 қазанда, сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін сайлау учаскелері жұмыс істейді. Өз кандидатына дауыс бере алмаған азаматтар жаппай учаскелерге келу қаупі бар. Пандемия жағдайында бұл коронавирус инфекциясын жұқтыруға әкелуі мүмкін.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілді. Осылайша, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, үгіт-насихат жұмыстары сенбі, яғни 3 қазан күнгі 14.00-де сайлау учаскелерінің жабылуымен бір мезгілде аяқталатынын атап өту қажет.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:03
Коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сайт әкімшілігі 09:52
Коронавирустың екінші толқыны: Бекшин алматылықтарға нені ескертті?
Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 14:28
Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 20.10.2020, 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.10.2020, 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38