ДДСҰ QazVac вакцинасын неге тіркемей отыр

Сайт әкімшілігі

18.04.2022, 11:37

1040

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының неліктен QazVac вакцинасын әлі күнге дейін тіркемей отырғанын түсіндірді,

«ДДСҰ QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшін­ші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Бас­қа­ша айтқанда, республиканың сани­тар­лық-эпидемиологиялық қыз­меті­нің ма­териалдық-техникалық базасы халық­аралық стандарттарға сәйкес бо­луы тиіс», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, осының барлығын ретке кел­тіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уа­қыт кете­ді деген сарапшылар пікіріне қара­мас­тан, былтыр іс жүзінде 7 ай­дың ішін­де Қазақстан ұлттық рет­теушінің екін­ші деңгейіне шықты.

«Бұл фактіні біз­дің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкес­тігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», — деді Е. Тоғжанов.

Айта кетсек, отандық мамандар әлемде қолданылатын 14 вакцина­ның бірі ретінде QazVac препаратын шығарды. Қазақстан – өзінің вакцинасын әзір­леген әлемдегі бесінші ел. Б.гінде препараттың айы­на 500 мың дозасы өндіріледі, оның тиімділігі – шамамен 86%, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Тегтер: медицина коронавирус вакцина

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01