ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті

Сайт әкімшілігі

20.09.2020, 07:24

549

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылды. 

ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюггенің айтуынша, Еуропалық Одақта коронавирус жұқтыру саны көктемде эпидемия шыңында байқалған көрсеткіштерден асып түсті.

"Қазір апта сайынғы науқастардың саны наурыз айында пандемия Еуропада алғаш рет шарықтау шегіне жеткен кездегі саннан асып жатыр. Еуропа елдерінің жартысынан көбінде соңғы екі аптада коронавирус өршіп жатыр", — деді Клюгге.

Ол қазіргі уақытта вирус 25 жастан 41 жасқа дейінгілерде анықталып жатқанын айтады. 

Сондай-ақ, Ұлыбританияда, Францияда және Испанияда билік коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын мәлімдегені айтылады. Бұл елдерде науқастардың рекордтық көрсеткіштері тіркеліп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19