«Дейді, дейді» дегенге...

20.01.2020, 08:43

48

Құрметті Марал аға! Сізбен жазушылық жарыстырып, тілбезегелі отырған жоқпын. Өткен жылдың соңындағы мақалаңызды Балнұр Қыдырбектенбастағаныңызбен, арасында мені де ұмытпай қосып отырыпсыз.   Рахмет!Еске алатын жақсы күндер көп-ақ еді. Бір жақсылық таппағандай, теккемшіліктерді тізбелеп шыққан екенсіз, қалыптасқан болмысыңыз солай шығар. Амалқайсы!? Бірақ, ашу-ызаға беріліп кеткендіктен өтірік пен жаланы тым қалыңдатып «соғып»жіберіпсіз. Жас адам ғой ештеңесі кете қоймас деген шығарсыз...  Кішілікке салып үндемей қалуға да болар еді.  Өткендегі бір мақалаңызды солай көтердім де.Енді үндемесем, жұртшылық айыбын мойындап үнсіз отыр деп қалар.    

Сонымен:   

Басдиректорлыққа бауыр басып қалатындай ол оп-оңай жұмыс па екен? Жоқ әлдемиллиондап ақша жымқырып, араным ашылып па? Бұл не сөзіңіз? Бұл сіздіңдүниетанымыңыз болар бәлкім, мен әзірге ондай дертке шалдыға қойған жоқпын.

Қызметсізжүргенде жұмысқа алып едім деп соғасыз. Мен ешуақытта қызметсіз болған емеспін.Сіз шақырған 2011 жылы «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің директоры болатынмын.Актерлік, драматургиялық, әншілік, дубляж, сіз айта беретін асабалық, т.б. қырларыммені  ешуақытта  жұмыссыз қалдырған емес.  2011-ші жылдың соңында Индия, Кашмирсапарынан оралған соң «Алаш айнасы» газетінде мақала жарияладым. Қызметұсынатын әңгімеңізді «Мұхаммед Хайдар Дулати бабаңның әруағы саған риза.Ойбай-ау өзің тәп-тәуір тарихшы екенсің ғой!..» деп бастағаныңызды қалай ұмытыпқалғансыз?

Байғалижұмысты ұқсата алмады дегеніңізді қалай түсінеміз? Жалғыз ғана ғимаратқабайланысты мәселені еске алайықшы. Бұл ғимаратты маған президенттің өзі бергендеп соншама жыл көпіріп отыра бергенсіз. Тегін түгі де жоқ. Ол ғимарат қалалыққаржы басқармасының иелігінде. Іргетасы баяғыда шөгіп, жерге сіңіп кеткен.Қабырғалары мен едендері шіріп, көктеніп біткен. Көктем мен күздің жаңбырындабөлмелерге шелек қойып отыруға тура келетін. Қызметкерлердің жағдайы адамаярлық жағдайға жетпеп пе еді?  Әр жылсайын коммуналдық қызмет көрсету (су, электр жүйесі, өрт қауіпсіздігі,канализация, т.с.с) мекемелерінің бәрімен қайта шарт жасасу қанша әуре-сарсаңеді? Ол аз болса шарт мерзімін ұзарту үшін   «қалалық қаржы басқармасының» есігінтоздырмаушы ма едік? Қайтсем қызметкерлердің жағдайын жақсартам деп жарғаққұлағы жастыққа тимей, жөндеу жасатқан кім еді? Сол уақыттарда жұрттың бәріалып жататын кезекті демалыс дегенді білдім бе? Өкініштісі сол; соншалықты еңбегімізақталмады. Қаржы басқармасы оны жарымжан балалар орталығына беретін болыпшешті. Жаңа қоныс таппай тыныштық болмайтын болған соң жапа — тармағай ғимаратіздеуге көштік. Ақыры Абай көшесіндегі «Баспалар үйіне» көшіп келдік. Бұрынғығимараттың жылдық аренда құны 3,5 миллион болса, бұл жерде 2,8 миллион екен.Бұрынғы ғимаратта үш бірдей күзетші ұстасақ, бұл жерде ортақ күзет.  Одан қоғам ұтылды дей алмаймын. Ақсаусақтаратаулы бұйрық берумен шектеліп жүргенде, бүкіл қара жұмыстың ортасында жүргенмені қалай байқамағансыз Марал аға?

«Байғалибасқарған жылдары қоғам жұмысы құлдырап, авторлар ақшасының жиналуы күрт кеміпкетті» дейсіз. Аузыңыз қалай барады ағатай-ау!? Олай болса 2018 жылы өткенжалпы жиналыстағы баяндамаңызда, «Егер осыдан бес жыл бұрын, яғни 2013 жылыҚоғам мүшелерінің саны 2000-дай болса (анығы 1700), кәзір 3240-тың үстіне шықты»деген сөзіңіз тағы да өтірік пе? 2013 жылы сыйақы мөлшері 473,9 миллионға дейінтөмендеп кетсе, оны соңғы 2017  жылы588,6 миллионға дейін көтере алдық. Жалпы, осы 5 жыл аралығында 2 713миллиондай теңге жиналыпты. Бұл алдыңғы 3 бесжылдықпен салыстырғанда рекордтықкөрсеткіш саналса керек» — деген сөзіңіз баяндамаңызды айтпағанда, қоғамның 20жылдығына шыққан буклетте тұр. 

Сондағыжарияланған бес жылдың динамикалық өсім көрсеткішін де алдыңызға тартайын;

2013ж — 473 894 574,

2014ж – 531 785 986,

2015ж – 586 839 313,

2016ж – 532 639 181,

2017ж – 588 623 097.

Менбасқарған жылдары қоғамның тоқырағаны осы ма?

Байғалидыңкесірінен «КОСИС» деген бағдарламадан айырылып қалдық деп соғасыз. Оның кесірінеден болғанын анықтап берейін, сонау 2008 жылдары 6000 евроға орнатқан сондайбағдарлама айдаладағы швейцария емес өзімізден де табылғандай екен. Кейінашылған қоғамдардың бәрі сол бағдарламалармен-ақ жұмысын атқарып отыр. Үлкенқателік сол. Басында азғана жарнаға қанағат етіп отырған Ричард Хаузер(бағдарлама иесі) 2017 жылы бағаны халықаралық стандартқа бір-ақ көтеріп жылдықжарнаны 12000 евро деп белгіледі. Бағдарламаның әрбір жаңартылуы тағы 12 000евро. Ондай жағдайда бас тартпағанда не істеуіміз керек еді? Осының бәрін біргеақылдасып шешім қабылдағанымызды шынымен-ақ ұмытып қалғансыз ба?

Беделікөтеріліп, киноға түскіш болып алды депсіз… Киноға түсу үшін бедел керек пеекен? Авторлық қоғамда істейді деп киноға түсіре бере ме? Ағатай-ау сізге неболған? Рольге тағайындаудың да өз шарттары бар емес пе? Қоғамға келгенге дейін14 фильмге түскен екем. Қоғамға келген соң да өзімнің кәсіби мамандығымдытоқтатпағаным рас. Кәзіргі уақытта түскен фильмдерімнің саны 40 — тан асыпты.  Кезекті демалыс кезінде, сенбі, жексенбіде,жұмыстан бос уақытымда немен айналысатынымды өзім білетін шығармын. Қоғамдақызмет атқарған кезімде себепсіз жұмысқа келмей қалған бір күнім болса оныкөрсетіңіз.

Бұрынбір кітап жариялап көрмеген адам кітап шығарғыш болып алды дейсіз.  Марал аға, басқа басқа, бұл сіз білетін нәрсеемес пе?  «Ерке едім әні желге ұшқан»атты кітабым 2000 жылы, «Адам боп өтсем сол арман» 2003 жылы, «Армансыз жанныңарманы» 2007 жылдары басылып шыққан болатын. 2005 жылы «Театр-Өмір» аттымәдениет министрлігі шығарған қос томдық  жинаққа пьесаларым кірген.  Қоғамда қызметте жүргенде шыққан үш томдыққақоғамның, немесе сіздің ықпалыңыз болған емес. Көркемдік кеңестен өтіп мемлекетқаржысына 2000 данамен шыққан жап-жақсы жинақ, әлдекімдердің кітабы сияқтыгаражында шіріп жатпай қолдан-қолға таралып кетті. Кітаптың тұсаукесерініңөзінде «Осылар қызық-ей» —деп күңіреніп, іштарлығыңызды білдіріп алғансыз. Жақында «Өткендерден өнеге» атты  тағы бір жинағым баспаға дайындалуда. Оған  да бірнәрсе айтатын шығарсыз. Мейлі айтыңыз.

Жазушылародағына мені өткізген де сіз болып шығыпсыз. Үш адамның бірі болып ұсыныс жазғаныңызды бұлдағаныңыз ба бұл? Сізболмасаңыз басқа біреу жазар еді ғой. Онда Киногерлер, Театр қайраткерлерінің одағынамені өткізген де сіз шығарсыз? «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, т.с.с. атақтарды ертерек алғаным  қандай жақсы болған. Әйтпесе оларды да меналып бергем деуден тайынбассыз мына түріңізбен.  Балнұр Қыдырбектің де, басқалардың да Мемсыйлықалуына атсалысқан екенсіз, жүдә рахмет.  Анаукеудеңіздегі «Ұлт қайраткері», Айман қызыңыздың, Серіктің кеудесіндегі «Қазақөнерінің қайраткері» деген төсбелгі де өзінен-өзі келген жоқ еді… Оны айтудыңөзі артықтау әрине. Бірақ, сіз ұялмаған нәрседен мен неге ұялуым керек?

Айтпақшы,драматургиялық шығармаларды ұмытып кетіпсіз. Олардың көбісі осы қоғамдажүргенде жазылды ғой. Оларды да театрлар беделім көтерілген соң қойғаны ма?Марал аға мен сізді үлкен парасат иесі деп қателескенімді әлі де мойындай алмайжүрмін. Ол мен үшін ауыр!  1998 жылыАстанада, 2007 жылы Оралда, 2017 жылы Арқалықта, 2018 жылы Өскеменде қойылған«Қанды азу», 2008 жылы Шымкентте, сосын қалалық өзбек театрында қойылған«Мұхаммед Хайдар Дулати», Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы театрда қойылған«Базарың тарқамасын», Жамбыл театрында қойылған «Таң сыры», Шымкент қалалықтеатрында қойылған «Ана жүрегі» туралы да айта кетуіңіз жөн болар еді. Оған:Н.Өнербаев, Г.Сиқымбаева, Г. Ақүрпекова, Қ. Бекішев, Ө. Айниязов, С.Аппазова, А.Тойлыбаев,Б.Лақаева, А.Әшімхан, Е.Құдайберген, А.Кәукен, С.Ербол, С.Әлдекенов, т.б.әншілердің орындауындағы әндерімді қоссаңыз дұрыс болар еді. Қоғамда қызметатқарған адам шығармашылығын, басқа жұмысының бәрін тоқтатсын деген талап барма еді? 

Екеуміздіңде түп атамыз батыр болыпты. Жаға жыртыспақ болған… Кек қайтарғалы жүрдегеніңіз не сөз? Батыр аталарымыз ерлігін өзінің дұшпандарына көрсеткен болар,сіз айтқандай батырлығын өз туысқанына жасай ма екен? Бата орнына қате сөйлегенбұл қай қылығыңыз? 82 жастағы ақсақалдан кек қайтарып мені жын ұрып па? Кекқайтаратын болсам мұндай мәймөңкенің қажеті қанша? Сізді қайдам, мен бұлісімізді батырлыққа балай алмаймын. Қайта әрбір жазған мақалаңыз үшін жерболдым ғой. Қалай түсінбейсіз!?

ТаңдауыБалнұрға түсіпті дейсіз. Сіздің ойыңызша Балнұр қолынан жетелесе еріп кете беретін өз еркі өзінде жоқ адамба?  Әлдеқашан өз тұлғасы қалыптасқан,қоғамда өз орны бар тұлға емес пе? Бір ғана «Қалқаман — Мамыр» операсы негетұрады, қалғандарын айтпағанда. Шығарма құнын білмейтін адам емессіз, оқырмандысоншама ақымақ, сіздің айтқаныңызға бас шұлғып сене береді дейсіз бе? Оныөзіңіз шақырып, өз ұсынысыңыздан бас тартқаныңыз тағы рас. Марал аға, сексенненасып мұншалықты төмендеуден сақтасын деп Жаратқаннан тілеймін!.. Аманболыңызшы!

«СөйтіпБайекең 5 жыл бойы тізгінді жеке ұстады» деуге қалай аузыңыз барады?  Мен қашан тізгінді жеке ұстаппын?  2013 жылғы жалпы жиналыста 75 жаста едіңіз.Сөзіңізге қарағанда  көпшілік сізгежата-жабысып, менен үркіп ат-тондарын ала қашып, әйтеуір «төрағалықтан»әупіріммен аман қалыпсыз.  Мұндайсценарийді сіздің қалай ұйымдастыратыныңызды білмейтін адамға айтсаңызшы. Жиналысқакелген бүкіл авторларды дауластырып қойып, өз ойыңызды оп-оңай іске асырыпотыратын қашаңғы тәсіліңіз ғой.

МеніБас директорлыққа тағайындап, жиналысқа мақұлдатып алғанмен, бүкіл тізгіндіөзіңізде қалдырмап па едіңіз?  Өтірікдесеңіз Жарғыны қараңыз. 2013 жылғы жиналыстан соң Авторлық Кеңестің төрағасыда, Қоғамның төрағасы да өзіңіз болып қалғансыз. Ақымақ болған — Авторлар.  (Жарғыдағы «Төраға» деген жердің бәрі«Құрметті төраға» деп ауыстырылған). Бірақ, ол  жиналыста көкейіңізді тескен тағы бір нәрсе қоғамның«ТОЙОТА КАМРИ-40» автокөлігі болатын.  Жиналыстыңалдында солай жасауымды талап еттіңіз де, менің аузыммен оны өзіңізге сыйлатыпалдыңыз (Бұған дейінгі атыңызға аударып алған мұндай көліктердің саны да азболмаса керек).  Аңғал өнер адамдарыныңаузын ұрып, екі жеп биге шыға беру қашанға дейін жалғаспақ?   

70жасқа келгенде кетпек болдым, авторлар жібермей қойды, 75-ке келгенде кетем дедімавторлар жібермеді дейсіз.  Осы өтіріккеөзгені қойып, өзіңіз сенесіз бе? Онда міне 83 — ке аттағалы тұрсыз, авторлар демалыңызшыағатай, көк шайың да, көк жастығың да дайын деп отыр. Өле-өлгенше құрметтітөрағамыз болып отырыңыз, өткенді қозғамай-ақ қояйық деп біз отырмыз, кенеше жабысыпалақ-жұлақ етіп отырған сұрқыңыз мынау. 26-шы желтоқсанда өткен жиналыстазалдағы авторлар шуылдап, мінбеден әрең кетірді. Ендігіңізге не жорық?

Кетеалмайтын сияқтысыз. Қайта кетпеу үшін барынша жанталасудасыз.

ОСЫНША ЖАНТАЛАСТЫҢ АРТЫНДА НЕ ТҰР?

Сізқатты алаңдаулысыз. Сөзіңізді сөйлейді-ау дегендерге ақша ұсына бастадыңыз.Біреуіне 400 000, біреулеріне 600 000, тіпті кейбіреуіне 800 000 теңгеденбергенсіз. Қолма-қол ақша беріп отырғаныңызды көрген адамдар бар, кейбіреулерідәл кәзір менің жанымда. Қажет болса куәлік беруге дайын. Сізден ақшаалғандардың ішінде ол туралы маған өз аузымен айтқандары да бар. 27-ші наурызда,яғни жиналыс болатын күні авторларды жаппай шақырып 45 000 теңгеденүлестіргенсіз. Ондағыңыз авторлар ақшаға алданып жиналысқа бармай қалсын дегеной. Авторларға қаламақы аударуға тиіс бүкіл республика аумағындағы мекемелердіңбәріне хат жолдап, қаржы мен құжаттарды бізге бермеуін талап етудесіз. Соныңкесірінен сегіз ай бойы авторлар қаламақысыз отыр. Бұлай етуге не себеп? Соттақалайда жеңіп шығу үшін бір емес үш бірдей адвокат жалдап отырсыз. Олардың бәрітегіннен тегін қызмет атқарып жатқан жоқ. Апырау мұның бәрі қайдан шығып жатқанқаржы? Осынша жанталастың сыры неде? Жаныңызда алты жылдан аса біргежүргендіктен — сізді жомарт, қолы ашық адам еді десем, жұрт күлер. Көпшілік те мұныкөрмей отырған жоқ.

Байғалибүлдірген дүниені қалпына келтіруім керек дейсіз. Не бүлдіріппін? Пәленбайтелерадиоарналар басқа қоғамдарға ауысып кетіпті, оған Байғали кінәлі дейсіз. Сізне, арамызда ұйықтап жүріп-жүріп енді оянғансыз ба?  Мен келгенге дейін кететіндер кетіп болмап паеді? Мені қансырап құлағалы тұрған қоғамды түзеу үшін, еңсесін көтеру үшіншақырмап па едіңіз?  Мен сонда оларналарды шақырып алып қоғамнан қуыппын ба? Жоқ әлде мәжбүрлеп қоғаммен арадағыкелісім-шартты бұздырыппын ба?  Керісінше,кеткен арналардың есігін тоздырып, қайтардым емес пе? («Қазақстан» арнасынабайланысты оқиғаны қалай ұмыттыңыз?). Сізге кәзір бірнәрсе түсіндіру оңай емессияқты. Дегенмен, бұл жағдайлардың түп-төркіні мүлде басқа жақта екені есіңізгетүсер деп үміттенемін. Кез-келген пайдаланушы мекеме еліміздегі қаптап кеткенавторлық қоғамдардың  ішінен қалағанынтаңдап, өзіне ыңғайлысына кетіп жатты. Авторлық және орындаушылық келісімшарттыбір мекемемен жасау тиімдірек деп шартты бұзған арналарға не істеуім керек еді?  Шаужайынажармасамын ба?   

Аспаннантүскен жоқсыз, осы жылдардың бәрінде қоғамның төрағасы, авторлық кеңестіңтөрағасы ретінде бәрін бақылауда ұстап отырдыңыз.  Тіпті кейбір жылдық қорытынды есепке де төрағаретінде өзіңіз қол қойғансыз. Оныңүстіне қоғамдағы қаржы жөніндегі орынбасарым – қызыңыз  Айман,  «Ғалам Мюзиктегі» бухгалтер қызыңыз Рабиға, бұрынғы хатшыңыз Аида басқанқадамымды аңдып отырмады ма? Енді келіп бұлай сөйлеуіңізге  жол болсын.

Солжерден абыроймен кеткен адам аз еді, байқашы! —дегендердің сөзіне онша мәнбермеген едім. Расында да әр жылдары барын салып қызмет жасаған адамдарды деркезінде босатып, қайта оралмастай айып арқалатып отырған екенсіздер. Авторларғагонорар төлетпей, астыларыңызға басып отырған құжаттарда неше түрлі былықтардыңбарлығы белгілі болып қалды. Банктен шыға келген мына бір деректің өзі төбешашымды тік тұрғызды. Қайтыс болған бас бухгалтер Гүлмира Әбішева мен,қызметтен кеткен менің атымнан  78миллион теңге 24 — ші мамырға дейін қалай аударылып отырған? Сіздер байқамайқалдыңыздар дейік, банк қызметкерлері сонда қайда қараған? Бұл істің де тезірекжабылуы үшін «Алмалы аудандық полиция бөлімінде» қызмет атқарған, отставкадағыполковникті адвокат етіп жалдауыңыз тағы да белгілі әдіс. Мұндай сұрақтар әлі декөп туындайтын сияқты.  Өйткені, бұлжанталасудың астарында жымқыру мен қымқыруға толы сырлар көп. Маған дейін деталайлар менің орнымда болған. Жұмысты істетіп алып, сезікті нәрселерді сезебастағанда әртүрлі себептермен олардан  құтылыпотырғансыздар. Бір отбасының иелігіне көшкен үлкен қаржы айналымы бар мекемедеондай құбылыстардың болмай тұрмайтыны үйреншікті жайт десек те, жасы келгенадам үшін ұят әрине.  Тықыр таянғанынсезе салып, Балнұр мен Байғали өткізген жиналыс заңсыз деп байбалам салдыңыз. Жәнеақиқаты күмәнді, әлі ақ-қарасы анықталуға тиіс сотта «жеңдік» деп атойсалдыңыз. Қай жауыңызды жеңіп қуанып жүргеніңізді түсінбедік. Дегенмен ақиқатқажүгінейік, Одан бұрын өткен (07.11.2018) жалпы жиналыс заңды ма екен сонда?Оның заңсыздығын, кворум жоқтығын айтпағанда тіпті министрлікке де тіркелмегенғой.  Жалпы жиналыс өткен соң солжиналыстың хаттамасы бір ай мерзімде әділет министрлігінде тіркелуі керек.   Негетіркемегенсіздер?  Хаттама тіркелмегенсоң, ол жиналыс та заңсыз болмақ. Демек,  сайланған төрағалығыңыз да заңсыз, өтірікболғаны ғой. Ешқандай төрағалық құзіреті жоқ адамның мекемелерге хат жолдап, басдиректордың орнынан босатылуына бұйрық шығарғаны қалай?

Байғалиғабалама жасамаған жақсылықты жасап едім дейсіз. Ағатай-ау, сізге жасағанжақсылықты мен де әкеме жасаған емеспін. Басқаны айтпағанда,  қалған ғұмыры жалғыздықтың азабынан жапашекпесін деген қамқорлығымды  қалайұмыттыңыз? Ол сутенерлық емес, шынайы перзенттік жан шырылым еді ғой. Соғанмені мәжбүрлеген қызыңыз Айман еді ғой. Бірақ, сіз кімнің қадірін білушіедіңіз? Жаныңыздағы жақсылардың бәрін бездірдіңіз.  Осынша құлдырағаныңыз қалай Марал аға? Өзіңізқатарлас сыйлы ағалардың бірі боп, бата беріп, ақыл айтып отыратын-ақ жөніңізбар еді…   Басқа жағынан айыптасаңыз да менің адалдығымашәк келтіруге арыңыз қалай барады?  Әрбіріссапарға барып қайтқан сайын артылып қалған ақшаны тиынына дейін санап бухгалтерияғатапсыратын қылығыма таңырқағандар аз ба еді? Менің бойымнан пайдакүнемдік,менен жемқорлық көрсеңіз ашып айтсаңызшы.  Ұжым мүшелеріне тілім тиген немесе дөрекіліккөрсеткен жерім болса олар оны айтсын. Болмаса, бос жаламен қаралай бергеніңіз тымқаталдық сияқты. Сіздің қаталдығыңыздан қашанғы қаймыға береміз, ойлансаңызшыаға!

Бірлі- жарым ағалар «сендердікі дұрыс емес, сендер басқа адамның бақшасына түсіпжүрсіңдер» – дейді. Көпшілікте жаңсақ пікір қалыптасып қалған. Қоғамдықмекемені жекеменшікпен шатастырады. «Қазақстан авторлары қоғамы» қоғамдық ұйым.Оны бір ғана адам меншігінде ұстап отыруға хақысы жоқ. Рас, тәуелсіздік алғансоң Марал аға осы мекеменің ары қарай жұмысын жалғастыруға еңбек сіңірді, тіптіалғашқы аздаған шығындарын да өз жанынан жұмсады. Кейін, өзі айтқандай олшығынды он, он бес есе қайтарып алды. Сондықтан мұны әңгіме етудің өзі ұят.

ҚұрметтіМарал аға, авторлық қоғамның сізге, сіздің авторлық қоғамға өкпеңіз жоқ. Ендігіақ батаңызды беріп, ақылыңызды айтып төрде қалыңыз. Өзгенің бәрі өтірікші,арттағылардың бәрі алаяқ емес. Өз құйрығыңызды өзіңіз жалмайтындай не көрінді!?

Қысқасы,өткендегі мақаланы өте сауатты жазғаныңызбен өтіріктен аяқ алып жүргісіз. Аңқауелге не айтсаң да сене береді деген астамшылдықтан болар мұныңыз? Өтіріктісудай сапырғаныңызда  алды алпысқа келгеніні-қарындастарыңыздың көптің көкейіндегі бейнесі өзгеріп кетпейді. Сізден соңда өмір бар.  Сізді осынша жалғандыққажетелеп отырған қандай ашу-ыза?

Олызаның себебі, жоспардың бұзылуы. Ол жоспар – қоғамның билігін отбасыныңуысынан шығармау болатын (Ол туралы 2013 жылы басқа адамның аузымен мағанескертілген). Әр сайлау сайын әркімді бас директор етіп, өзіңіз біресе«төраға», біресе «құрметті төраға» болып, терезеден сығалап жүруіңіздің сырысол-ақ. Байғалиға 5 жыл басқартып, Серікке 5 жыл басқартып, айналдырып әкеп қызыңызАйманды төраға етіп отырғызу еді мақсат.

Өзіңізайтқандай сұңғылалық шешім. Айман әрине автор емес, бірақ бұл жолы юристі (бұрынғыполиция қызметкері) бас директор етсеңіз, бес жылдан соң «Көрдіңіздер ғой, қоғамды  юристің басқаруына болады екен, есепші басқарсанесі бар» деген сөзіңізге авторлар да дайын болар еді. Көкейіңізді тескенавторлық қоғамның болашағы емес, осы қоғамның билігін отбасылық қолдан шығармауекенін авторлар баяғыда-ақ сезіп, білген.  Хан боп тумай хандарға еліктеу, елді алдапқойып, биліктен ажырамау үшін арын да, барын да саудаға салу жақсылыққаапармайтынын ұғынатын уақыт жетті ғой. Осы айтқандарыммен тоқтамға келсекжақсы…  

Меніңойымша авторлық қоғам тек қана пайдаланушылардан сыйақы шығарып беріп отыратынмекеме емес,  авторларға рухани демеукөрсетіп, олардың шығармашылық дамуына да ықпал етіп отыруға тиіс. Авторғақажеті орындаушы, орындаушыға қажеті автор. Солардың бірін-бірі табуына ықпалжасап отырса кәне. Өмірінде бір кітабын, бір ән жинағын шығара алмай кететін авторларқаншама. Соларға қол ұшын беріп баспалармен де, басқалармен де байланысжасауына қол ұшын беру біздің міндет. Мүмкіндік болса тасада қалып жатқаншынайы дарын иелерін телевидение, радиоға ұсынып халыққа танылуына қамқор болукерек. Отандық авторлардың энциклопедиясын шығару, авторлардың мекен-жай,телефон анықтамалылығын шығару да алдағы күннің үлесіндегі шаруа. Әринеавторлық қоғамның шаруасы онсыз да бастан асады. Менің бұл ойларым біреулерүшін бос сөз сияқты көрінер. Ал, шетелдік қоғамдардың бәрі баяғыда-ақ аталғаністермен айналысып кеткен. Оларға барған сайын кеңес дәуірінің деңгейіндеқалып, ақша табу мен ашқарақтықтан арыла алмай келе жатқан сарсаң санамыз үшінұялуымыз керек.

Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері «ДАРЫН» мелекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚазАҚбас директоры Байғали ЕСЕНАЛИЕВ


 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52