Дельта мен омикрон жағдайды ушықтыруы мүмкін - ДДСҰ

Сайт әкімшілігі

30.12.2021, 12:30

1853

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дельта мен омикрон штамдары жағдайды ушықтыруы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

ДДСҰ басшысы COVID-19-дың жаңа штамдары салдарынан көп адам ауырып жатқанын және ауруханаға жатқызу, өлім-жітім саны да артып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Франция, Ұлыбритания, Дания, Италия, Испания, Португалия, Грекия, Кипр, Италия, Мальта, АҚШ, Боливия, Аустралияда кейінгі күндері ауырғандар саны артқан.

«Дельта мен омикрон қазір екі есе қауіп төндіреді. Жұқтырғандар саны артуына, ауруханаға жатқызу қаупіне, өлімнің күрт артуына әкеледі. Омикрон трансмиссивті сипат алып, дельтамен бір уақытта таралуы жағдайды ушықтыра ма деп қатты алаңдаймын», — деді ДДСҰ басшысы Twitter-де өткен брифингте.

ДДСҰ басшысының айтуынша, коронавирус инфекциясын жеңу үшін денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жою қажет.

«Бұл бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелеріне қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан біз бай елдер мен өндірушілердің көшбасшыларын болып жатқан жайлардан сабақ алып, әр ел тұрғындарының 70 пайызын вакциналау үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз», — деп түйіндеді ол.

ДДСҰ есебіне сәйкес, бір апта ішінде Еуропада COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайлары 57 пайызға, Америкада 30 пайызға артқан. Қазір әлемде күн сайын 900 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49