Демалыс күндері локдаун сақталады

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 05:47

311

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шарасы күшінде қалатынын жария етті, деп хабарлайды«Жас Алаш» .

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшыларының пайымдауынша, мемлекеттердің үкіметтері белсенді түрде басшылық ету жауапкершілігін алып, ал халық шектеу шараларын сақтап, маска киіп, бұқаралық шараларға бармауы тиіс. ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия емес. Тарихтың өзі індеттің өршуі – өміріміздің бір бөлігі екенін ұқтырады. Швейцарияның федеративті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды азаматтары келген кезінде карантин сақтауы тиіс мемлекеттердің тізімінен алып тастағанын атап өту керек», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Швейцарияға басқа мемлекеттерден келген азаматтар карантинге жатқызылады. Ондағы бұл тәртіп 7 қыркүйектен бастап күшіне енген. ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша бұл жағдай – Қазақстанның коронавируспен күресте дұрыс тактиканы таңдап алғанын көрсетеді.

«Аурудың таралуын болдырмай, жағымды динамиканы сақтау үшін бірқатар шектеу шарасы мен демалыс күндердегі локдаундар күшінде қалады», — деді ол.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30