«Демократия бар қоғамда ғана тарихи шындық айтылады»

31.05.2019, 14:52

37

– Талас аға, ғалымның немен айналысып жатқанын сұраудың өзі артық шығар. Әйтседе дәл қазіргі уақытта немен әуресіз, зерттеулеріңіздің ауаны, жай-жапсары қалайболып жатыр?

– Қазір біз қазақ халқының қайғы-қасіретін, негізінен алғанда,зерттеп біттік. Жоңғар шапқыншылығы, Орбұлақ шайқасы, Аңырақай т.б. мәселелер қарастырылды.Қазақ хандары, соңғы ұлт-азаттық қозғалыстар, Кенесарының тарихы біршамазерттелді. Тәуелсіздік алғалы бері XX ғасыр біраз адамды қызықтырғаны белгілі.Оның ішінде Алашорданың тарихы, Алаш қозғалысына қатысушылардың тағдыры, Кеңес өкіметіжүргізген реформалардың қасіретті салдарлары, Қазақстандағы ұжымдастыру, кәмпеске,аштық, тағы басқа қуғын-сүргін, 1921-31 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісінбасып-жаныштау, соғыстан кейінгі кезеңдегі тарихшыларды, рухани қызметкерлерді қуғындау,сталиндік қуғындаудың шарықтау шегі, ұлтшылдыққа айыптау – қазақ тарихында осымәселелердің басы біршама құралды.

Ендігі зерттелмей отырған үлкен бір мәселе – әрине, қазақхалқының өзінің тарихы. Қазақ халқының тарихы зерттелмей отырғанда Қазақстантарихы зерттеліп бітті деуге ауыз бармайды. Біріншіден, қазақ өзінің шығу тегінзерттеуі керек. Екіншіден, бізде әлі қазақ мемлекеттілігінің тарихы дұрысзерттелген жоқ. «Қазақ мемлекеттілігі қайдан басталады?», «Қазақ мемлекетініңбастауы, шынымен, Қазақ хандығы ма, әлде түрік қағанаттары ма?» деп сұрайтындар,«Қазақ мемлекеттілігін үйсіндерден бастайық», «сақтардан бастайық», «тек ғұндарданғана таратайық» деп жүргендер бар. Мінеки, біздің мемлекет құру тарихымыз –осындай күрделі, кең мағыналы мәселе.

– Ал одан бергі мәселелер – кезінде өзіңіз біршама қарастырған ашаршылық,одан кейінгі саяси қуғын-сүргін бүгінде маңызды емес пе?

– Біз мынаны мойындауымыз керек: большевиктер жүргізгенсаяси қуғын-сүргін мен қазақтың 1921-22, 1931-33 жылдары екі рет аштан қырылуы,сан мыңдаған ғасырларға созылған қазақ тарихының жанында, бұл – біріншіден,тарихи тұрғыдан азғантай кезеңді қамтыған тарих. Ол барынша зерттелді. Менің өзімніңжетекшілігіммен ашаршылыққа байланысты 20-дан астам кандидаттық диссертация қорғалды.Бірақ оны кітапханалардың диссертация залынан мамандар ғана оқиды. Былайғы жұртсосын «ашаршылық әлі жөнді зерттелмеген» деп шулайды.

– «Қазақ тарихындағы ақтаңдақтарды шетелдік ғалымдар жақсы зерттеп жатыр. Өзіміздіңтарихшылар не бітіріп жүр, неге солай зерттемейді» дейді жұрт…

– Иә, бұл мәселеде шетелдік ғалымдар алға шығып кеттідеген пікір қалыптасып қалды. Бұған не айтуға болады? Бір ғана менің өзімнің «Қазақстанқасіреті» деген 400 бетке жуық монографиям бар. Соның бір тарауы Қазақстандағыашаршылықтың демографиялық жағдайға әсерін талдауға арналған. Мамандардан,студент, магистранттардан басқа, біздің шығармашылық қауымның соны оқып жүргенінкөрмедім. Ал жаңағы диссертацияларда ашаршылыққа әкеліп соқтырған жайттар әр қырынанзерттелді. Бұл тақырыпта менен басқа кісілердің де, мысалы, К.Нұрпейісовтің, Қ.Алдажұмановтыңшәкірттері де қорғады. Кейіннен тіпті қорғайтын тақырып қалмады. Біз қазір осыашаршылық кезеңінен магистранттарға, докторанттарға тақырып бере алмай отырмыз,бәрі зерттеліп, жазылып қойды. Ал біздің шығармашылық қауым «бұл тақырып қашанзерттеледі?» дейді.

– Қазір баспасөзде де, зиялы қауым арасында да осыған байланысты көтеріліпжүрген негізгі мәселе – Қазақстандағы аштықты геноцид деп бағалауға қатысты да болыптұр ғой…

– 1991-92 жылдары сенаттың жанынан комиссия құрылды. Оныакадемик Манаш Қозыбаев басқарды. Оған Шерхан Мұртаза, Мақаш Тәтімов, Ғайрат Сапарғалиев, Мәмбет Қойгелді, Қайдар Алдажұманов,мен, басқа да бірқатар лауазымды тұлғалар бар, бәріміз мүше болдық. Солкомиссия шешімінде ашаршылықтың геноцидтік сипат алғаны айтылды. 1992 жылы 22желтоқсанда мұны парламент мойындады, былайша айтқанда...

– Жыл басында Ж.Мамайдың «Зұлмат» атты деректі фильмі жарыққа шықты және оғанқарапайым көрерменнің ықыласы ерекше болды. Фильмде Қазақстандағы жәнеУкраинадағы аштық қасіреті салыстырмалы түрде сөз болады және біздің де бұл трагедияныукраиндар сияқты ресми түрде геноцид деп тануымыз керектігі туралы мәселе көтереді...

– Көрдім «Зұлматты». Ашаршылық туралы одан бұрын да екіфильм шыққан. Жанболат Мамай: «Республика басшысы, президент аппараты неліктенгеноцид деп айтпайды?» дейтін шығар. Өйткені парламент өзінің сөзін айтып қойдығой. Оқимын дегендер болса, көруіне болады, комиссия шешімі сол 1992 жылы 22желтоқсанда «Халық кеңесі» және «Егемен Қазақстанда» «Қолдан жасалған қасірет»деген атпен шықты.

– Дегенмен айтып қана қою жеткіліксіз. Соған орай, тиісті шаралар да атқарылуытиіс емес пе еді?

– Иә. Жанболат Мамай фильмде: «Парламенттің комиссиясындабасталған жұмыс аяқсыз қалды», – дейді. Бұл былай: мысалы, парламенттің солшешімінде: «Мұны тарихшылар алда да зерттеуі керек. 2 млн 200 мыңдай адам қырылған,бірақ әлі де анықтап, зерттеу жұмыстарын жандандыра түсуі қажет», – дейді. Осығанорай, Ж.Мамай «Ашаршылықты, қуғын-сүргінді нақты зерттеуге министрлік арнайы қаражатбөліп, жоспарлы түрде, ұзақ жылдарға арналған ғылыми жобаларға грант берсе»десе, дұрыс болар еді. Ал билік үнсіз қалды, билік бұл мәселеге мән бермедідегенге келсек, бұл арада біздің саяси қоғамның ерекшелігін ескеруге туракеледі. Бізде Украинадағыдай демократиялық қозғалыстар баяу. Жасыратын түгі жоқ,біз тоталитаризмнен құтылғанымызбен, авторитаризмнен әлі шыға алмай жатырмыз.Осы сайлау демократияға апара ма деп көп ел үміттеніп отыр. Бірақ демократияныңбірден бола қоюы қиын. Нағыз демократиялық ел – Батыс елдері, мысалы, алысқабармай-ақ қояйық, Түркия. Саяси жағынан біз сондай болдық па?! Түркияға жақындағана барып келдім. 20 млн-нан астам халқы бар ең ірі қала Ыстамбұлда қаланыңмэрі Ердоғанға қарсы партиядан сайланыпты. Бізде Астанада не Алматыда басқапартиядан әкім сайланады десе, сіз соған сенесіз бе? Яғни біздегі демократиялықахуал өте нашар. Міне, осылайша қоғамдағы оқиғаларға баға беруде авторитарлықойлау, авторитарлық көзқарас басым түсіп жатқан кезде және бірпартиялық жүйе үстемболып тұрғанда тарихи шындық толық айтылады деп ойлау бекер. Демократия бар қоғамдағана тарихи шындық айтылады.

– Ал ашаршылыққа, қуғын-сүргінге байланысты зерттейтін нәрсе қалмаса, арнайы грант бөлініп, мемлекеттік тұрғыда қолдаукөрсетілген күнде де, не табылар еді?

– Біз билікті қанша авторитарлық деп сынасақ та, тәуелсіздікалғалы бері тарихшылардың өз пікірін ашық айтуына тыйым салынған жоқ. Біздеашаршылыққа, қуғын-сүргінге байланысты биліктен қорқып, айтпай қалған ештеңе жоқ.

– Біз қорықпаймыз. Ал біздің билік ше? Мысалы, «көп нәрсені ашық айтуғанемесе соған байланысты әлдебір шешімдер қабылдауға, шаралар атқаруға билікРесейден қаймығады» деген де пікір бар…

– Біз бұл жерде «Кеңестер Одағының мұрагері кім?» деген мәселеніңанықталмағанын түсінуге тиіспіз. Мысалы, ашаршылыққа себепкер болған да, қазақтыңзиялы қауымын қуғын-сүргінге  ұшыратқанда Кеңестер Одағы ғой. Ал оның басында коммунистік партия тұрды. Орталығы Мәскеуболды, қазіргі Ресейдің астанасы. Егер Ресей өзін Кеңестер Одағының мұрагерідеп санайтын болса (меніңше, олар солай деп қарайды), онда Қазақстандағы ғанаемес, бүкіл Кеңестер Одағындағы зұлматқа Ресей кінәлі болып шығады. Біздің кәмпескеленгенбайларымыздың, қырылған адамдарымыздың материалдық, моральдық шығындарын ондаРесей төлеуі керек. Украинаның талап еткені де осы. Менің білетінім, біздіңмемлекеттік жүйе Ресеймен осы мәселе туралы әңгіме қозғаған емес. «Сіздер КеңестерОдағының мұрагерісіздер ме, әлде 15 одақтас республика бәріміз бірдей мұрагермізбе? Егер тек сіздер мұрагер болсаңыздар, онда Кеңестер Одағындағы бүкіл жақсылыққағана емес, жаманшылық, зобалаңның бәріне сіздер жауап берулеріңіз керек» дегенмәселенің басы ашылмаған.

– Мұны біз ғана емес, одақтас республикалардың барлығы бірдей мәселе етіп қоюыкерек, солай ғой?

– Иә, ТМД басшылары қоюы керек. Осындайда бір нәрсе анық:Ресейді кінәлау оңай, бірақ оған бірдеңені мойындату қиын. Менің ойымша, еңбасты мәселе мынау: осы зобалаңның бәрін жасаған – Коммунистік партия. Тіптіешкім мұрагер болмаса да, бір мұрагер партия бар, ол – сол большевиктерпартиясы. Сол партияның өкілі қазір бізде сайлауда президенттікке үміткерліккетүсіп жатыр. Кезінде халықты қырып-жойған, бүкіл қасіретті реформаларға жол ашқан– сол партия. Бізден басқа ел болса, коммунистерді түрмеге отырғызар еді. Бізпарламентке отырғызып қойдық. Ол аздай, енді президенттікке ұсынып жатырмыз.

    1929-31 жылдарыашаршылыққа қарсы 372 көтеріліс болды, оған 80 мыңнан астам адам қатысты, мұныкоммунистердің өздері тіркеген. Соның 15-і – Созақ, Балқаш, Шұбартау, Ырғыз сияқтыкөп жерлерде аудан көлемінде Кеңес өкіметін құлатты. Бұл басқа мәселе. Айтайындегенім, осы 372 көтерілісті басып-жаныштау операциясының барлығын коммунистікотрядтар басқарды және қарусыз халықты қынадай қырып тастады. Біздің тарихи санамыздыңартта қалғаны сондай – қазір коммунистер дегеннің кім екенін ұмытып қалдық.Адамгершілікке жат іс-әрекеттері үшін оларға бүгінгі қоғамда орын болмауыкерек.

– Дегенмен бізде коммунистерге және Кеңестер Одағына қатысты «олардың қазаққажақсылығы да болды ғой» деген сияқты екіұдай көзқарастағы адамдар да көп қой... 

– Енді сол «жақсылығы болды ғой» дегенге келейік. ЕгерГолощекиннің орнына билікке коммунист емес адам, яғни Әлихан Бөкейханов келсе,білім министрі Ахмет Байтұрсынов болса, елде мынау әріп өзгертетін шырғалаңболар ма еді? Мысалы, үш мәрте әліпби өзгерттік. Сосын, халықты жаппай орысша оқытарма еді? Қазақ мектебін жаппай жабуға жол берер ме еді Алашорданың басшылары?Сонау 1913 жылы, үкімет те, ақша да жоқ кезде «Қазақ» газетін өзінің төлтілінде шығарды. Іргеде орыстың кириллицасы тұрғанын көріп тұр. Алтынсаринатамыздың ана жақта әріп жасап жатқанын да біліп отыр. Бірақ соған қарамастан,Алашорда өз саясатын жүргізді, тіл туралы да, әліпбиге қатысты да ұлттық бағытынұстанды.

   Коммунистердіңорнына билікке Алашорда келгенде не болар еді? Қызықтың көкесі болар еді! Қазақтыңдаму деңгейі қазір Англияның, Францияның деңгейінде болатын еді. Биліккежібермегенімізбен қоймай, Алашорданы түгел қырып тастадық. Алашорда жасауы мүмкінжақсылықтың жанында коммунистердің істегені түкке тұрмайды.

– Қалай болғанда да, Алашорда билікке келген жоқ және бұл арада бүгінгіхалықтың не кінәсі бар?

– Мен жалпы халықты кінәлап отырғаным жоқ, коммунистердімақтайтын қазақтарды айтып отырмын. Ленин кезінде Алашордаға кешірім жасады. Ә.Бөкейханов«не болса да, халықпен бірге болуымыз керек» деп, Алашорда қайраткерлеріне «коммунистікпартияға өтіңдер, Кеңес өкіметіне жұмыс істеңдер» деді. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсыновпартияға мүшелікке өтті. Байтұрсыновтың 50 жылдығында С.Сейфуллин үкіметтіңатынан барып баяндама жасағанда: «Ахаң большевиктер партиясынан шығып қалды. Қарасақ,мүшелік жарнаны уақтылы төлемегені үшін шығып қалыпты. Бірақ Ахаң большевиктерпартиясында бола да алмайтын еді. Өйткені біз, большевиктер, қазақты байға,кедейге бөліп жақсы көреміз. Ал Ахаң қазақты байға, кедейге бөлмей, бүкіл қазақтытұтас жақсы көреді», – дейді. Мұны Сәкен Сейфуллиннің өзі айтып тұр. Яғнибольшевиктердің көзқарасы – таптық, Алашорданың көзқарасы – ұлттық. Егербилікке келсе, қазаққа қайсысы көп жақсылық жасайды: таптық көзқарас па, ұлттықкөзқарас па? Әрине, ұлттық көзқарас. Өйткені бүкіл саясат ұлтқа жағдай жасау тұрғысындақұрылар еді ғой. Әр нәрсенің жақсы жағы бар. Жердің бір бетінде күн болғанда,бір бетінде түн болады. Ол – табиғат заңы, коммунистердің жасаған жақсылығыемес.

– Ал билікке келе алмағандығына Алашорданың өзінің қандай да бір қателігінемесе кінәсі себепкер болды ма?

– Осы уақытқа дейін біз Алашорданың қателігін айтпайкелдік. Себебі біздің алдымызда Алашорда қайраткерлерін толық ақтау міндеті тұрды.Тәуелсіздік кезіндегі ұстанымымыз – ұлттық ұстаным болды. Ұлт-азаттық қозғалыстарды,Кенесарыны ақтауға тырыстық. Кенесарыны ақтаймыз деп, Е.Бекмахановты ақтадық.Докторлық атағын қайтарып алу үшін екінші кітабында Бекмахановтың Кенесарыныжамандағанын айтпай қойдық. Ұлттық мүдде, ұлттық тарих үшін, амал жоқ, кейбір нәрсеніжасырдық. Соның ішінде Алашорданы тек мақтадық, шаң жуытпадық. Бірақ Мұстафа Шоқай:«Біз қателестік. Себебі біздің бір тобымыз орыстың демократиялықинтеллигенциясына құлай сендік», яғни «орысшыл болдық» дейді. Бұл – әрине, Ә.Бөкейханов,М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың бағыты. Орыстың кадет сияқты партиялары болды ғой,«солардың көмегімен қазаққа автономияны бейбіт жолмен сұрап аламыз деп сендік»дейді. Ал бірақ орыстың демократиялық интеллигенциясы сенімімізді ақтамады», –дейді. Шынымен де, патшаны тақтан құлатты да, олардың өзі шетелге қашып кетті,Алашорда далада қалды. «Екінші тобымыз дұғаға сендік. Дін жолымен Түркістанавтономиясын құрып, ел боламыз деп ойладық. Екі жол да қате болып шықты», –дейді. Міне, Алаш қайраткерлерінің қателігі – осы.

– Ал басқаша жол табу мүмкін бе еді?

– Алашорда қайраткерлеріне бұл өте қиын болды. Бірақ менбылай ойлаймын: сонау 1905 жылы орыс революциясы басталған кезден бастап, қазақинтеллигенциясы орыстан іргесін аулақ салуы керек еді. Қазақстанның дербес елболып шығуын, мүмкін болса, бүкіл түркі халықтарының басын қосу жұмыстарын,меніңше, баяу жүргізді. Сонау XX ғасырдың басында, патшаның тақтан құлауын күтпей-ақ,татар, башқұрт, Солтүстік Кавказ, әзірбайжаны, түрікмені, өзбегі бар – бүкіл түркінібіріктіру жұмысын белсенді жүргізу әрекеті жетіспеді. Бірақ соны біріктіреалмады ешкім. Міне, осы басы бірікпеу бізді қасіретке алып келді. Ал оныбіріктіретін ең мықты күш – біздің Алашорда болатын. Өйткені ол кезде өзбектеде, түрікменде де, әзірбайжанда да біздің Алашорда қайраткерлеріндей өресібиік, білімді интеллигенция жоқ еді. Өкінішке қарай, Мұстафа Шоқай айтпақшы,Алаш қайраткерлері орыстың демократиялық интеллигенциясына сену салдарынан қаттықателесті. Тарих шынайы болсын десек, осы қателікті мойындауымыз керек. Бізмойындамағанымызбен, бізден кейінгі тарихшылар мұның бәрін көтеріп жазады.

– Айналып келгенде, бәрі ауызбірліктің болмауының салдары десеңізші…

– Ол өзі баяғыдан солай. Түркі қағанаттарынан бері кележатқан дерт. Мысалы, Түркі қағанатын Ұйғыр қағанаты, Ұйғыр қағанатын Қырғыз қағанаты,Оғыз қағанатын қыпшақтар құлатты. Сол сияқты бірін-бірі жүндеп, ауызбірлік,ынтымақ болмай жүрген жерде тірлік болмайды. Шыңғыс ханды мақтайтынымыз – ол бүкілдалалық көшпелілерді бір мемлекетке біріктіре алды. Сондай бір күрделі жұмыстаркерек еді.

– Шыңғыс хан демекші, шетелдік тарихшылардың бірі Сталиннің Шыңғыс ханнанда қауіпті болғандығын айтыпты және мұның себебін оның өркениет кемеліне келгенуақытта билік құрғандығымен түсіндіріпті...

– Шетел тарихшыларының пікірі соншалықты өзекті емес. Менбәрін танимын. Сара Кэмероннан басқасы орысша сөйлейді. С.Кэмеронның да жетіліптұрғаны шамалы, бірақ ауызекі тілдесуге жарайтын қазақшасы бар. Шындығын айтқанда,бұлардың көбі – жұмыс таппай, қаңғырып жүрген адамдар. Біреулер ойлағандай, қазақхалқын жақсы білетіндіктен, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының жағдайын жақсытүсінгендіктен, қазаққа деген сүйіспеншіліктен зерттеп жүрген жоқ. Негізгісебебі – олардың қай-қайсысының да елінің тарихы том-том болып жазылып қойған. Өзелдерінде жазатын тақырып таппай, бізге жабысып жүр. Неге жабысады? Тыңзерттеулерді пәленбай мың доллармен қаржыландыратын халықаралық қорлар бар.Содан бұлар қуғын-сүргін, ашаршылық сияқты елді елең еткізетіндей тосын тақырыпіздейді. Яғни олар сондай грант ұтып алу үшін де жазып жүр, қазақтың тарихынзерттеуге көмектесейін деп жүрген жоқ.

– Сонда әлемді елең еткізу тұрғысынан біздегі ашаршылық, қуғын-сүргін қасіретісоншалықты тосын тақырып па? Дамыған әлем бұл жайттан мүлде хабарсыз ба, сонда?

– Нақты зерттеушілері болмаса, дамыған елдердің интеллигенциясықазақ деген ұлт бар екенін, негізінен, енді біліп жатыр. Сондықтан картадан көрсетіп,«мына арадағы қазақты баяғыда солай қырып тастапты» десе, олар елең ете қалады,Америкадағы үндістерді елестетеді. «Ойбай-ау, мынау ешкім естімеген нәрсе ғой,біз саған пәлен миллион қаржы береміз. Қазақстанға бар, зертте» дейді. Ал солшетелдіктердің барлығы маған келіп, кеңес алады.

– Олай болса, сол халықаралық қорларға біздің тарихшылар неге өздері шығып,неге өздері грант ұтып алуға тырыспайды? Мысалы, «айлығымыз мардымсыз», «ғылымижобаға ақша бөлінбейді» дейсіздер ғой...

– Ол үшін, біріншіден, біз жаппай ағылшынша жазуымызкерек. Қазақша жазғаныңның ешкімге керегі жоқ. Екіншіден, ол қорларға сен өз көзқарасыңныңұлтшыл емес екенін дәлелдеуің керек. Ал біздің көзқарасымыздың бәрі ұлтшыл ғой.Біз не жазсақ та, қазаққа жанымыз ашып жазып жатырмыз. Оларда «тарих – адам қызметі»деп жазылады, ол еврей ме, орыс па, басқа ма, ұлтқа қарамайды. Біздің«Алашорда» – оларға көп партияның бірі. Ал біз үшін ол – рухани көсем. Яғни ұстанымымызбасқа. Біз тарихты «тарих – қазақ халқының, қазақ қайраткерлерінің қызметі»деген принциппен жазамыз. Біздің зерттеулерді олар ұлтшылдық бағыттағызерттеулер деп қарайды. 

Осы арада мынандай мәселе бар: арнайымемлекеттік тапсырыспен 100 кітап аударылып жатыр. Жоққа шығармаймын, оныңішінде өте құнды, бағалы еңбектер бар. Бірақ енді қазақшадан да 100 кітап ағылшынтіліне аударылуы керек қой. Мемлекет неге осыны қолға алмайды?! Миым жетпейдісоған, ары ойлап, бері ойлап қойдым… Бізге айтады, «өздерің неге ағылшыншажазбайсыңдар, неге өздерің шетелге барып ағылшынша бастырмайсыңдар?» – деп.Мемлекеттік қолдау болмаса, мен оны қайда барып шығартамын?

– Қазақшасының өзін әрең шығартып жүрмін, «қаржы жоқ» деген желеуменбаспаларда айлап, жылдап жатады дейсіз ғой...

– Иә, соның өзіне демеуші іздеп әлек боламыз. Ал ендіменің кітабымды ағылшыншаға аударса, оның маған керегі жоқ, оны ағылшын оқи ма,американ оқи ма, онда шаруам жоқ, бірақ қазақтың тарихын шынайы танытатын кітапсол болмас па еді? Қазақтың болмысын, шаруашылығын, тағдырын, тіршілігін мен шетелдіктарихшылардан артық білемін, өйткені қасіретін жүрегіммен сезіп отырмын. Тәуелсіздіктіңалғашқы жылдарында «17 кітапты ағылшын тіліне аударамыз» деген. Сол тізімгеменің «Қазақстан қасіреті» деген монографиям кірген. Не болғанын қайдам, бірақсол бойы бірде-бір кітап аударылмай қалды.

– Аударма мәселесіне қатысты, негізі, талпыныс бар, аға. Қазір қазақтіліндегі үздік әдеби шығармалардың бірқатары Біріккен Ұлттар Ұйымының алтытіліне аударыла бастады...

– Мейлі, әдебиеттен бастаған дұрыс та шығар, оның оқырманыда көп. Бірақ әдебиет басқа елдерге рухани тұрғыдан ғана әсер етеді. Ал қазақтыәлемге танытатын – меніңше, қазақтың тарихы мен өнері. Қазақтың тарихын, оның мәденимұраларын ағылшын тіліне аудармайынша, дүниежүзі бізді еш уақытта мойындамайды.Біздің Алашордаға, ашаршылыққа, қуғын-сүргінге байланысты кітаптарымыздыаударып кеп жіберсе, бірде-бір шетелдік тарихшы біздің тарихқа бармайтынболады. Өйткені біз пайдаланған деректерді олар білмейді, біз кірген құпияархивтерге оларды тіпті жолатпайды. Ал менің кітабым сол деректермен ағылшыншасөйлеп тұрса, шетелдік тарихшы қалай батылы барып біздің тарихпен айналысаалады?! Барлығы, міне, осыдан болып тұр. Яғни бүгін «аңқау елге арамза молда» көп.

– Бұл мәселелер төңірегінде өзіңізбен әлі де әңгімеміз жалғасады депойлаймыз. Ой-пікіріңізбен бөліскеніңізге рақмет. Еңбегіңіз жемісті болсын!


Сұхбаттасқан Роза Қараева

Фото: tengrinews.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09