«Дені сау ұлт» жобасы аймақтарға қандай мүмкіндік береді?

Арайлыи ЕРКЕБАЕВА

30.03.2023, 09:15

426

Ресейлік пульмонолог ғалымдардың қатысуымен Қарағандыда Мақажанов атындағы клиникада үш күндік оқыту семинары өткізілді. Дәрігер біліктілігін арттыруға бағытталған семинарға елуден астам медициналық мамандар қатысып тәжірибе жинақтады.

Ресейлік мамандар қазақстандықтарға өкпені жасанды жолмен тыныс алдыруға көмектесетін бірегей аппаратты көрсетіп таныстырды. Мұндай құрылғылардың пандемия кезінде қадірі әбден білініп, зор сұранысқа ие болғаны соншалықты ол тапшы құрылғыға айналды. Дәрігерлердің айтуынша адамдардың көбісі ауруын елемей жүріп алғандықтан, өкпесі зақымданып, тірі қалу мүмкіндігі азайып кетеді. Осындай кезде адамның өмірін сақтап қалу үшін жасанды тыныс алдыру аппаратының маңызы зор. Оның ішінде заманауи тұрғыда озық үлгіде жасалған аппараттың тілін мамандардың білуі де жұмысты жеңілдетпек. Сол себепті отандық дәрігерлердің өзге елдің мамандары мен тәжірибе алмасуы маңызды болып отыр. Семинарды ресейлік дәрігер, ғалым Андрей Ярошецкий жүргізді.

Ол өкпесі зақымданған науқастарды құтқару үшін жедел әрекет етуге көмектесетін мұндай заманауи құрылғылардың әлеуеті зор деп отыр. Мұндай аппаратпен жұмыс жасаудың өзі арнайы біліктілікті қажет етеді. Сондықтан мұндай семинардың дәрігерлердің біліктілігін арттыруға қажет екені сөзсіз. «Тыныс алуды қолдау мектебі» деген тақырыппен ұйымдастырылған үш күндік семинарда үйренгенін дәрігерлер кейін медициналық қызмет көрсету барысында қолданады. «Дені сау ұлт» жобасы аясында отандық дәрігерлердің шетел мамандарымен тәжірибе алмасуы еліміздің әр аймағында жүзеге асуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ 15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ 13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН 07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00