Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы

Айдархан ӨМІРҒАЗЫНОВ

09.05.2022, 07:20

958

 «Дені сау адам – табиғаттың ең  қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. «Бірінші байлық – денсаулық»  дейміз. Алайда сол сөздің мағынасын терең түсінбейтін секілдіміз. Сондықтан қазіргі таңда барлық оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты  өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп отыр.

    Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден атап айтқанда нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішуден аулақ болу қажет. Негізгі денсаулықты нығайту бағдарламалары білім беру мекемелерінде жүйелі түрде оқытылып отырады. Салауатты өмір салты қағидаларын орындау да оқу орындарының рөлі өте үлкен. Анығында әр оқу орындарында санитарлық-ағарту бағдарламалары тәрбиелік іс-шаралармен ұштасып жатуы керек.

    Бүгінгі оқушы ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-анасы, мектеп, оқу орнындағы қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. XX ғасырда туындаған экологиялық жағдайлар, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі, әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік, рухани және басқа да күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын қиындықтар салдарынан қоғамда адам өлімі жиі тіркеліп, психикалық күйзелістерге ұшырау және түрлі аурулардың көбеюі  жоғары көрсеткішке жетті.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 пайызы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты екен. Сонымен қатар денсаулық қатерінен негізгі факторларына мыналар да енеді; қозғалыс күшінің азаюы салдарынан қимылдың кемуі, дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндіріс және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар мен зиянды әдеттердің көбеюі себеп болады.

   Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақ «Бірінші байлық – денсаулық» деп айта отырып, денсаулықтың маңызын, қадірін ерекше ұғынып барлық игі істерден жоғары санаған.

  Осы орайда жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемділіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр. Жасыратыны жоқ бүгінде елімізде қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 миллиондай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың осындай дертке әуестенуі барлығымызды қатты ойландыруы керек. БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы, атап айтқанда 65 пайызы Орта Азия арқылы, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Өкінішке қарай, осылай өз денсаулықтарына немқұрайды қарап, көптеген азаматтарымыз дәрігердің ескертулеріне құлақ аспай жаман әдеттерден арыла алмай келеді. Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, табиғатта серуендеу, таза ауада жүру және жеке бас гигиенасы жатады. Кешкі тамақтан соң таза ауада 1-2 сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық  кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Сонымен қатар демалыс күндері мәдени орталықтарға барып сахналық көріністер мен музыкалық әуендер тыңдаған абзал. Адам баласы салауатты өмірді еңбек тәрбиесімен де ұштастырғаны маңызды. Өйткені еңбек адамды тәрбиелейді.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру қажет. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де маңызды.

Өркениеттің  жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтеруі мақтаныш! Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Соны ұмытпауымыз керек.  

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру. Олимпиада

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56