«Денис Теннің қазасынан кейін полиция қызметінде реформа болған жоқ»

19.07.2019, 20:48

194

Танымал спортшы Денис Теннің қазасынан кейін полиция реформасын талап еткен белсенділер Алматыда баспасөз жиынын өткізді. 
Жиында сөз сөйлегендер еліміздің қорғаныс саласының бір жылдан бергі жұмысына көңілдері аса толмайтынын жеткізді. Айтуларынша, Денис Теннің қазасынан кейін  Ішкі істер министрлігі, полиция қызметкерлерінде мардымды өзгеріс бола қоймаған. 

"Қазір біздің ұлттық қауіпсіздігіміз кризисті жағдайда тұр. Мұны тез арада қолға алмасақ болмайды. Біздің мақсатымыз полиция қызметкерлеріне қоғамнан қолдау бар екенін жеткізу. Олар дұрыс жұмыс жасау үшін бәріміз күш біріктіруміз керек. Бұл реформаны біз бірлесіп жасаймыз! Біз полиция қызметкерлері ең көп мемлекеттер қатарына жатамыз. Ал, олардың шын мәнінде қазіргі деңгейі қандай? Қазақстандықтардың көп бөлігі осы полиция қызметкерлерінің жемқорлығынан зардап шегеді. Әрбір екінші адам өзіне қауіп төнгенде тиісті орындармен жылдам байланыс жасай алмайтынын айтады. Көптеген қателіктер бар. Солар түзетілуі керек" — дейді Ерлан НҰРПЕЙІСОВ.


Қорғаныс саласының жұмысы туралы тағы бір айтылған сын Ішкі істер министрлігінің заман көшіне ілесе алмауы болды. Жиында сөз алған Әсет НАУРЫЗБАЕВ техникалық жағы әлсіз екенін атап өтті. 
"ІІМ бұрынғы кеңес үкіметінің деңгейінде қалып қойған. 101 номеріне қылмыскердің жанында тұрып қалай хабарласасыз? Ал, 101-ге SMS хат бармайды. Сонда не істеуіміз керек? Осыған байланысты қосымша ойлап табылған. Бірақ, ол қосымшаны қолдану өте ыңғайсыз. Егер сіздің өміріңізге қауіп төніп тұрса қосымшаны жүктеп отырмайсыз ғой. Бұдан бөлек бірдеме жасап шығару керек. Бізде жақсы IT мамандары бар. Біз полиция реформасының қарқынды түрде жүргенін қалаймыз" — дейді Әсет Наурызбаев.
Сондай-ақ, белсенді Наурызбаев 4 тамыз күні бейбіт митинг өткізу туралы жоспарларын да айтып кетті. Ол үшін әкімдіктен рұқсат алып жатыр екен. Митингіні өткізетін орын ретінде Республика сарайының алдындағы Абай ескерткішінің маңы таңдалған. Бейбіт шеруге полиция реформасының қарқынды жүзеге асуын қалайтын барлық азаматтар қатыса алады деп отыр. 
Бұдан бөлек баспасөз конференциясында Айберген РАЕВ, Гүлшат НҰРПЕЙСОВ сөз сөйледі. ІІМ реформасын талап етумен шектелмейтіндерін, қоғам санасының өзгеруі, азаматтардың белсенділігі мемлекет үшін маңызды роль ойнайтынын жеткізді.

Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 18:13
Сыр өңірінде құрылысшылар күніне орай бірнеше ірі нысанның іргетасы қаланды
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:23
"Олар диагноз қоя алмайды", Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49