«Депутат баламды ұрды»

16.08.2019, 10:20

252

Қарағанды  қалалықмәслихатының депутаты Бейбіт ДОСЖАНОВ Бақтияр ҚАМЗИН есімді азаматқа қол көтердідеген шағым түсті. 26 жастағы жігіт қалалық маслихат депутаты әрі «Строй март»сауда үйінің  бас директоры БейбітДосжановтың зәулім үйінің аймағын күзетеді екен. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Күзетші түнде өзін жайсыз сезінгендіктен ұйықтапқалыпты. Ол түн ортасында өзіне тиген соққыдан оянғанын айтады.

«Мен  қатты айқайдан және басымнан тиген соққыдан шошыпояндым. Депутат маған «жұмыс уақытында ұйықтап жатырсың» деп кіжінді. Мен еңбек режимін бұзғаным үшін кешірімсұрадым. Әрі аумақты толық қамтып тұратын бейне бақылау камерасының тұрғанын,айтарлықтай ештеңенің болмағанын түсіндірдім. Ол мені түсінгісі келмей ұраберді. Маған жұмыс беріп отырған адам әрі үлкен кісі болғандықтан оған  қарсы келе алмадым. Депутат мені бірнеше ретұрып, үйдің қақпасынан әрі шығарып жіберіп есікті жауып алды»,-деп мәлімдейдікүзетші Бақтияр Қамзин.

Қалалық маслихат депутатынан зәбір көрген күзетшітаң атқанша бір қабат киіммен далада тұрған. Ұялы телефоны іште қалғандықтанжақындарына хабарласа алмапты. Таңертең ауысымға келген екінші күзетшімен үйаумағына кіргенде қақпа ішінде қалып қойған көлігінің артқы терезесініңсынғанын аңғарған. Сондай-ақ көліктің басқа тұсында майысқан жерлерде болыпты.


Күзетшінің әкесінің айтуынша, қалалық маслихат депутаты әлі өзінің бұл қылығынакешірім сұрамаған.

«Егеркүзетші жұмыста ұйықтап қалса, таяқтың астына алудан басқа жаза бар ғой. Тіптіболмаса жұмыстан шығарып жіберсін. Менің баламды ұруға және оның жеке мүлкін құртуға  депутаттың құқы жоқ»,-дейдікүзетшінің әкесі Төлеген ҚАМЗИН.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмышфактіге қатысты өздеріне шағымның түскенін мәлімдеді.

«Күзетшінің  54 жастағы әкесі баласын біреулердің соққығажыққанын айтып арыз жазды. Бүгінде бұл фактіге қатысты тиісті сараптаматағайындалды. Тексеріс жұмыстарына сай процессуалдық шешім қабылданатынболады»,-деп мәлімдеді  Полиция департаментініңмемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.

Фото: patriot-su-rf.ru



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56