Депутат күзетшісін ұрмағанын айтады

17.08.2019, 09:34

180

Қарағандыдағы қалалық мәслихат  депутатынан  зәбір көрген күзетшінің әкесі  Төлеген КАМЗИН  Бейбіт ДОСЖАНОВТЫҢ бір тиынын да керек жоқ. Ұлыммен менен ел алдында кешірім сұрасын дейді. Өңірдегі «Жас АЛАШ»тілшісі екі тараппен де сөйлесіп көрді.

Төлеген Камзин әуелгіде баласының  жұмыс берушіден таяқ жегенін айтқысыкелмегенін айтады. 26 жастағы жігіттің маңдайының  ісіп кеткенін көрген ата- анасы алаңдап, онысұрақтың астына алған. Сол күні  Бақтиярды(Камзин) депутаттың  тапсырмасымен  үйін және фирмасын күзететін күзет қызметініңбастығы «Строй март»  дүкеніне алып барып,«көлігіңді жөндетіп ал» деп 100 мың теңге беріпті. Мұны алған күзетші ата-анасынаайтпай, көлік жөндеу сервисіне барып автоминасының артқы терезесін салғызыпалған.

«Біз бүгін деполиция бөліміне бардық. Қараймыз тексереміз деп жатыр. Ал  депутат әлі күнге бізбен хабарласып бір ауызсөз айтпады. Менің балам арақ ішіп, темекі тартпайтын момындау жігіт. 2014жылдан 2017 жылға дейін « Строй март» дүкенінде күзетші болып еңбек етті. Тек2017 жылдан бастап оны депутаттың коттеджін күзетуге жіберді. Үш жыл үйінкүзетіп жүрді. Енді мінезі қиын болса жұмыстан баяғыда шығарып жіберер еді. Мағандепутаттың ақшасы керек емес, менің бір ғана талабым бар. Ол жұрттың көзіншеменен және баламнан кешірім сұрасын»,- дейді күзетшінің әкесі Төлеген Камзин.

Қалалық маслихат депутаты Бейбіт Досжанов «Жас АЛАШ»сайтыныңтілшісіне берген сұхбатында күзетшіге қол ұшын да тигізбегенін мәлімдеді. Оныңайтуынша, сол күні  күзетте болғанБахтияр Камзин жұмыс барысында алаңсыз ұйықтап жатқан.

«Менің бұлжайтқа қатысым жоқ. Сауда үйімен жеке жайымды күзететін фирманың қауіпсіздікқызметінің бастығын шақырып алдым да «күзетке қойған адамдарың неге ұйықтапжатады »деп айттым. Сосын көлігін үйдің ішіне қарай кіргізіп қойыпты, «ол негекөлігін қояды алып кетіңдер» деген болатынмын. Мен ол жігітті ұрмадым. Оныкүзет фирмасының қауіпсіздік қызметінің бастығы ұрған. Қазір тексеріп жатыр ғойполиция. Дегенмен дәрігерге қаралу керек болса, мен оны өз қаражатыма емдетіпберемін. Бірақ тағы қайталап айтамын. мен ол жігітті ұрған жоқпын. Ақша бердідеп жатыр, оған да қатысым жоқ.Тек мен күзетшінің екі айлық жалақысынтөлемеймін», — деді  қалалық  мәслихат депутаты Бейбіт Досжанов.

Депутаттың айтуынша, күзет фирмасының бастығы Марат БЕКЖАНОВкүзетші Бахтияр  Камзинді ұрғанынмойындапты.

Фото: dvernoedelo.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58