Депутат өзін полицияға әлі шақырмағанын мәлімдейді

19.08.2019, 13:02

56

Өзінің күзетшісінсоққыға жықты деп басы дауға қалған Қарағанды қалалық мәслихат депутаты БейбітДОСЖАНОВ бүгін тілшілерді жинап, баспасөз жиынын өткізді. Депутат өзінің үйжайын күзеткен  күзетшіге « қолымның ұшында тигізбедім » деген сөзінен танар емес. Айтуынша түнгі сағат екі жарымдакүзетшілер бекетіне келгенде, күзетші Бахтияр КАМЗИН алаңсыз ұйықтап жатыпты.Мұны ұялы телефонына түсіріп алған депутат өзіне тиесілі «Интерстройсервис и К» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы Марат БЕКЖАНОВТЫ шақыртқан екен.Нұротандық депутат Бейбіт Досжанов қауіпсіздік қызметінің бастығына  сол жерде «күзетке қойған адамдарыңның түрімынау, сондықтан саған екі айдың жалақысын төлемеймін»деп мәлімдегенін айтады. Депутаттыңпайымдауынша қауіпсіздік қызметінің бастығы күзетші Камзинді ұрып, көлігінезақым келтірген.

«Күзетшілер тұратын бекет бір жақта, менің үйім бөлекжерде тұр. Мен бұл жайтты күзет бастығына айтып үйге демалуға кетіп қалдым. Әріқарай не болғанын, көліктің терезесінің  сынғанын естігенжоқпын. Үйге барып ұйықтап қалдым. Таңертең ерте тұрып итімді қыдыртып жүргендекүзетші Бахтияр Камзин қақпаның әр жағынан шығып «мені жұмыстан шығармаңызшы» депжалынды. Мен оған «бар, сен енді маған жолама» дедім. Оған күзет бастығы «СтройМарт» дүкенінен ақша алып берді деп жатыр. Менің бұған еш қатысым жоқ. Күнібүгінге дейін мені полицияға ешкім шақырып жауап алған жоқ. Күзетшінің әкесіжұбайыма қоңырау шалыпты. Бірақ менің алдыма келіп, ешкім ештеңе түсіндіргенжоқ», — деп мәлімдеді  қалалық маслихатдепутаты Бейбіт Досжанов.  

Оқи отырыңыздар: «Депутатбаламды ұрды»

Еске сала кетсек, 26жастағы Бахтияр Камзин  қалалық  маслихат депутаты Бейбіт Досжановтың өзінесоққы жұмсағанын әрі көлігінің артқы терезесін сындырғаны жөнінде полицияғашағым түсірген болатын.

«Нұр-Отан» партиясыынңмүшесі, қалалық мәслихат депутаты Бейбіт Досжановтың «Интерстройсервис и К»фирмасы бар. Фудмарт, Казмарт, Строй март  дүкен желісінің бас директоры. Депутаттыңайтуынша, компаниясында 1500 адам еңбек етеді.

Оқи отырыңыздар: Депутаткүзетшісін ұрмағанын айтады

Күзетшінің әкесі ТөлегенКамзин жергілікті жерден әділдік таппасам президент Қасым -Жомарт  ТОҚАЕВҚА барып шағымданамын деп отыр.


«Полицияға балам екеуіміз барып сол депутаттың үстіненшағым түсірдік. Сол үйге кірген-шыққандарды түсіп тұратын камера бар. Егер меніңбаламды қауіпсіздік қызметінің бастығы Бекжанов ұрды десе камераға түседі ғой.Онда  камерадағы видеоны алып көрсетсін.Депутат мені осынша әуре сарсаңға салғаны үшін моральдық шығын төлесін. Сосынжұрттың алдында кешірім сұрасын. Өзімнің қан қысымым көтеріліп әзер жүрмін»,- дейдікүзетшінің әкесі Төлеген Камзин «ЖасАЛАШ»тілшісіне.

Фотолар автордікі. 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16