Депутаттар "ағарту министрлігін" құруды ұсынды

06.12.2019, 16:43

27

Реформадан көз ашпайтын білім және ғылым министрлігіндетағы да өзгерістер болуы мүмкін. Кеше ведомства басшысы Асхат Аймағамбетовтықабылдаған сенат депутаттары су жаңа министрлік құруды ұсынды.

Сенаторлардың сөзінше, бала бақша, мектеп жәнеколледждерді жаңа «ағарту министрлігінің» басқаруына беру керек.

«Ағартуминистрлігін қайта құру мәселесін қарауды ұсынамын. Бұл министрлік мектепкедейінгі, орта білім және арнайы орта білім беру жұмыстарымен айналысатын болады»,- деді депутат Еділ Мамытбеков.

Неге екені белгісіз соңғы уақыттары «Нұр Отан»партиясынан бастап, депуттатарға дейін білім, ғылым, ұстаздар жағдайы, оқушыларқауіпсіздігі сияқты мәселелерді жиі айтуда. Бұл бір есептен дұрыс та шығар.Бірақ ел арасында «осыншама жанашырлықтың барлығы алда келе жатқан парламентсайлауына дайындық» деген де қаңқу сөз бар. Бірақ біздің айтайын дегеніміз олемес, біздікі «су жаңа ағарту министрлігін құру қаншалықты тиімді?» дегенсұраққа жауап іздеу.

«QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлыныңпікірінше, Қазақстанның жағдайында жаңа министрлік құрудың қажеті шамалы.Себебі бұл онсызда проблемасы шаш етектен асатын білім саласын одан арытығырыққа тірейді.

«Соңғы 10жылда министрлік құру мен жабудың әлемдік рекордын біз бұзып тастаған шығармыз.Менің ойымша, (жаңа министрлік құрудың –ред)түкке қажеті жоқ. Бізде 7 мың емес, 70 мың мектеп болса мәселе бөлек.Біз сияқты шағын мемлекеттерге бір министрлік болғаны тиімдірек. Шынын айтукерек, бізде бір мәселені бітіру үшін бір министрліктің ішіндегі 4-5департаментті аралап жүріп, мәселеңді айлап, жылдап әрең бітіресің. Екіминистрлік болатын болса, құжат мәселесі тіптен қиындап кетуі мүмкін.Министрлік құру мен қосудан бір нәрсе өзгеретін болса, осы уақытқа дейінөзгеретін еді. Оның үстіне, білім саласында министрлік құрудан да маңыздымәселелер шаш етектен. Бірінші кезекте соларды шешу керек деп ойлаймын», — дедіАхметжанұлы.

Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан беріреформадан көз ашпай келе жатқан салалардың бірі осы білім саласы. Соңғы 28жылда ғылым және білім министрінің креслосын 13 шенді тоздырды. Әр қайсысы өзжаңалығын алып келді. Барлығы реформатор. Бұл реформалардың қаншалықты тиімдіболғанын дөп басып айту қиын. Бірақ жақында PISA халықаралық ұйымы орта білімсаласының әлемдік рейтингін жариялады. Онда 15 жасқа дейінгі қазақстандықоқушылар 77 мемлекеттің ішінде 69 орын алды. Қазақстаннан Коста-Рика, Уругвай,Албания  сияқты мемлекеттер озыпкеткен...

Фото: turantimes.kz






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:16
ПТР тест тапсыру бағасы арзандады
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:52
Коронавирус бойынша ең көп өсім тіркелген өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:34
Жер астероидпен соқтығысуы мүмкін

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30