Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың кешенді жоспары

Еркежан АРЫН

04.06.2021, 09:05

1472

Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау мақсатында елде жан-жақты жаппай ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізіліп тұрады. Сол іс-шаралардың негізгі мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және зайырлылық қағидалары, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтары туралы ақпарат беру және дәстүрлі емес, деструктивті діни ағымдар қызметінің қауіптілігі туралы ақпараттандыру. Мәселен, жыл басында елордадағы 40-тан астам ұйымда осындай 60 кездесу өткізілді. Барлық кездесулер санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтай отырып өткізілетінін атап өткен жөн. Сондай-ақ Діндерді зерттеу орталығының Instagram-дағы ресми парақшаларында дін тақырыбында тікелей эфирлер мен онлайн-дәрістер өткізіледі, мұнда әр қатысушы тікелей байланыс форматында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Биыл 20 онлайн-дәріс оқылды. 2018-22 жылдарға арналған ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде діни экстремизм идеяларының таралуын болдырмау мақсатында жоғары білікті мамандардан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері зайырлылықты және қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттауда.

       Жақында ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылған стратегиялық сессиялар шеңберінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшылығымен онлайн-кездесу өткізді. Мұнда ол Ақмола облысының конфессияаралық қатынастарын дамыту туралы, 2020 жылғы дін саласындағы негізгі нәтижелерді тыңдап, 2021 жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Отырысқа комитет қызметкерлері және теологтар, психологтар, Ақмола облысының дінтанушылары қатысты.

         Кездесу барысында 2021-23 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саласындағы қабылданған кешенді жоспардың негізгі бағыттары талқыланды. 2020 жылы мемлекет басшысының жарлығымен 2017 жылы бекітілген 2017-20 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру мерзімі аяқталды. Министрліктің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірге, осы бағдарламалық құжатты жүзеге асыру бойынша діни саланы реттеуде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, конфессиялық негізде ешқандай қақтығыстар жоқ. Бұған діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық орнату және оларды осы саладағы өзекті мәселелерді жедел шешуге тарту арқылы қол жеткізілді. Екіншіден, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылының бірыңғай жүйесі құрылды және жұмыс істейді. Үшіншіден, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамда діни радикализм идеологиясының таралуына жол бермейтін тетіктер жасалды. Десе де, министрлік бұл бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыру қажет деп санайды.

       2021-23 жылдарға арналған діни саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың кешенді жоспарында төрт бөлім, оның ішінде 26 тармақ қарастырылған. Бірінші бөлім «Мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаттарын нығайту» мемлекеттің зайырлы қағидаттарын қоғамда нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды қамтиды. «Азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын жүзеге асыруды және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету» 2-бөлімінің негізгі қызметтері азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуге және мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі қалыптастыруға бағытталады. Үшінші бөлім «Қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету» қоғамда Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңінен таратуға және насихаттауға, конфессияаралық және өркениетаралық қатынастарды қамтамасыз етуде Қазақстанның халықаралық имиджін жақсартуға бағытталған іс-шараларды қарастырады. «Діни саладағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты 4-бөлім қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеологиясын насихаттауға жол бермеуге және қабылдамауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық, ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруды жоспарлайды.

        Қазақстан биыл өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Атеистік кеңес мемлекетінен ел демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды, оның ең жоғарғы құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дін саласындағы теңдестірілген саясатты сенімді түрде жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, еліміз діндер арасындағы бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру және сақтау үшін белсенді мемлекеттік саясатымен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің өзіндік ерекше моделін құрды. Қазақстанда ар-ождан мен діни сенім бостандығы үшін барлық жағдай жасалған.

Тегтер: дін дін істері мемлекеттік саясам келісім жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02