Динара Құлыбаева Нұр-Сұлтанда жаңа университет ашты

11.09.2019, 16:31

5


Astana IT University жоғарғы оқу орнының  құрылысы 10 айғасозылған екен. Нұр-Сұлтандағы жаңа білім ордасында Қазақстанның барлықаймағынан іріктеліп алынған 600 студент оқитын болады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ білім фонды ақпараттық технологияны заманауи әдіспенүйретуде көшбасшы саналатын Astana IT University-ді таныстырды.  Оқу нысаны ЭКСПО аумағында орналасқан.

Су жаңа ЖОО-ның таныстырылымына фонд директоры Динара КҰЛЫБАЕВА, «Атамекен»ҰКП президиумінің төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен премьер-министрдің орынбасарыБердібек САПАРБАЕВ,  білім, цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкіміАлтай КӨЛГІНОВ қатысты.

Құрылысты жүргізген  BI-Group компаниясы өкілінің сөзінше, аталған оқуорны  қатал академиялық білім нысандарынаұқсамайды. Аратұра, «лаунж-бар немесе ашық кеңсені еске салатынын»айтады. Университетте 680  бөлме бар.Олардың 140-ы оқу аудиториясы. Сондай-ақ, коворкинг-аумағы, жайлы кітапхана,спортзал, Аррle және 1С, Oracle сияқты компаниялардың тематикалық кабинеті бар.

 ЖОО 3200 студентті, яғни, 2600бакалавр және 600 магистрді қабылдай алады. Қаңтар айынан бастап университеттешетел мамандары сабақ бермек. Ал, техникалық мамандықтарды ағылшын тіліндеүйретеді.

Студенттер Astana IT University-де 3 жыл оқитын болады. Оқу орнынтәмамдаған соң, 3 жыл Қазақстанда жұмыс істеуі шарт.

«Сіздер қиынконкурстан өтіп, маңызды жеңіске қол жеткіздіңіздер. Мемлекетіміз сіздергеүлкен мүмкіндік жасап отыр. Назарбаев білім фонды шығармашылық ортақалыптастыру үшін барлық жағдайды жасайды. Ел экономикасын дамытуғабағытталған  IT саласындағыстартап-жобалар  дәл осы жерде жүзегеасатын болады»-деді, Нұрсұлтан Назарбаев білім фондының директоры ДинараҚҰЛЫБАЕВА

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ 4 жылдық оқу бағдарламасынаталған университеттің студенттері 3-ақ жылда аяқтап шығатынын атап өтті.

«2018 жылыЖоғарғы оқу орындарының академиялық еркіндігі туралы маңызды заң қабылданды.Осыған дейін біздің студенттер „Паскаль“, „Дельфи“ сындымаңызы жоқ  программалау тілін оқыпкелді. Алайда, қазір университеттерде еркіндік бар. Олар бірінші кезекте кәсібистандарттарға мән береді. Ал, 4 жылдық бағдарламаны  3 жылда аяқтап шығу мен үшін тыңжаңалық»-деді, министр Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ

Ал, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің елордада кибер-спорттан жарыс өткізутуралы ойланамын деген сөзі студенттерге майдай жақты.

Astana IT University ректоры Қанат ҚОЖАХМЕТ білім алудың тиімділігінарттыру үшін университеттегі жүзеге асатын бірнеше модульдермен таныстырды:

 - Әуелі, университетте студенттер мен оқытушылардың еркін сөйлесуі үшінөзіміздің aitu.net әлеуметтік жүйесін ашуды көздеп отырмыз. Ал, aitu.ask модулістуденттер сұрағына оқытушылар мен өзге тәлімгерлердің жауап жазатын сарапшылықплатформасы болмақ.

Фото: informburo.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:51
Қазақстанда қандай қылмыс жиі жасалынады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.09.2020, 09:34
«Бесоба» синдромы сабақ болмады ма?!
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27