Дінаралық диалогты және діни сауаттылықты арттыру бойынша шаралар қабылдануда

Сайт әкімшілігі

24.09.2020, 15:43

33

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығында болды.

Орталық қызметкерлері министрге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ресми сайтын ұсынып өтті. Сондайқ-ақ, ұжыммен кездесу барысында ХІХ съездің хатшылығының дайындығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін ұйымдастыру мәселелерін қарастыру бойынша Орталық қабылдаған шаралар реті талқыланды. А.Балаева Хатшылық пен конгресс қатысушыларымен бірге халықаралық серіктестікті одан әрі дамытуды, Орталықтың әдістемелік, талдамалық және ақпараттық жұмысының сапасын арттыруды тапсырды.

Кездесуді қорытындылай келе, Аида Балаева Орталықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен өркениетаралық диалогты нығайту жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде насихаттау жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, 21 қыркүйек күні Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-білім беру тобының (бұдан әрі — РАНТ) мүшелерімен жұмыс кездесуіне қатысты.

Отырыста орталық ақпараттық-ағартушылық жұмысын онлайн форматта, оның ішінде заманауи технологияларды қолдану арқылы жетілдірудің өзекті мәселелері талқылаған болатын. Кездесу барысында ел азаматтарының діндарлары арасында діни экстремизм идеологиясының таралуын болдырмау мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстарының бірқатар өзекті бағыттары бойынша пікір алмасулар болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:21
Өткен тәулікте 164 адамнан коронавирус табылды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:16
Пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 09:11
ДДҰ басшысы "аса қиын" кезеңіне дайындалуға шақырды
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 13:27
Қазақстанның бас санитарының жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 11:11
Мысырдан келген астаналықтар ПТР-тест тапсырмай қашып кеткен
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 10:13
Биылғы қыс қазақстандықтарға жайлы бола ма? Қазгидромед жауап берді.

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16