Диплом сатып алған азамат әкім болды

01.10.2018, 20:00

169

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Бозыкөл ауылына жаңадан әкім тағайындалды. Осымен екінші мәрте аталмыш елді мекенге сайланған Ақылбек БӨЛЕБАЕВТЫ жергілікті халық жақсы таниды. Өкінішке орай, шенеуніктің аты атқарған игілікті істерімен емес, басы дауға қалған оқиғамен шыққан еді.2013 жылы Ақылбек Бөлебаевтің ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Алаяқтың қолынан диплом сатып алған шенеуніктің құйтырқы әрекеті көпшілікке белгілі болған еді. Әріптестерінен жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған Бозыкөлдің сол кездегі әкімі қызметімен қош айтысқан болатын. Арада 5 жыл өткеннен кейін бұрынғы басшы бұрынғы орнына қайта жайғасты. Әкімді ескі әрі жаңа қызметімен құттықтаған Жас Алаш тілшісі Ақылбек Бөлебаевпен телефон арқылы тілдескен еді.«Мен 2017 жылы Шымкент педагогикалық университетін бітірдім. Мамандығым – музыкант.Маған диплом сатқан адамды тауып, оны жауапқа тарту мүмкін болмады. Бұл қызметке заңға сәйкес тағайындалып отырмын»,  — дейді әкім.Расымен, Ақылбек Бөлебаев әкімдік қызметке тағайындалуында ешқандай заң бұзушылық жоқ екен.«Ақылбек Бөлебаев бұл қызметке депутаттардың сайлау қорытындысымен тағайындалды. Сайлауға қатысқан 11 депутаттың 10-ы осы кісінің кандидатурасын қолдаған. Кезінде осы әкімге қатысты қозғалған тәртіптік іс қысқартылған. Шенеуніктің соттылығы жоқ. Жоғары оқу орнын тәмамдаған. Яғни, заң оған бұл лауазымды қызметті атқаруға мүмкіндік береді»,- дедіҚазалы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Кенжебек МҰХАМБЕТ.Ал, жаңадан тағайындалған әкім жұмысына білек сыбана кіріскелі отырғанға ұқсайды. Алдағы уақытта Ақылбек Бөлебаев ауылдың жолдарын ретке келтіріп, қордаланған мәселелерді шешуді көздеп отыр.Фото: tengrinews.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайна ТӘТТІМБЕТ 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51