«Диссидент деп атағанды ұнатпаймын»

12.08.2019, 08:29

64

Саясаткер, ұлтшыл диссидент, композитор Қожа-АхметХасен Кәрімжанұлын мерейтойымен құттықтай келіп,  «70 жасқа толған қандай екен?» деп әңгімегетарттық.  Сәл ойланып қалған сұхбатберуші сөзін музыкадан  бастады. Қазақтыңазаттығы үшін күрескен батырмен болған сұхбатымызды оқи отырыңыздар.

Әміре Қашаубайұлы – өз атам, Чайковский – нағашым

– 1957 жылдары Ақсу ауданындағы Қарасуда жалғыз үй, малда тұратынбыз. Мен бесшақырым қашықтағы  Өнім ауылына жаяу барып-келіп1-2 сыныпты оқыдым. Екі әпкем Ақсу интернатында. Солардың өтінішімен әкемгармон сатып алды. Әпкелерім Роза мен Күләш «Елім-ай» әнін ойнауды үйреткенсоң, әрі қарай өзім алып кеткен едім. Сөйтіп, 2-сыныптан бастап мектепсахнасында менсіз концерт өтпейтін болған. Әкем маған қарап: «Әміре ағаматартқан», – дейтін.  Үшінші сыныпты 15шақырымдағы Ақсуда оқығанымда да, сенбіде сабақтан шыға ауылға гармон ойнауғакететінмін жаяулап. Бес қыздан соң көрген тұңғыш ұлы болсам да, әкемеркелетпейтін. Ол кез ауылдарда жүк автокөлігі де аса сирек еді. Кейде арбакезігеді. Кезікпесе жаяулап, түрлі қатерге кезігіп дегендей жетесің, әйтеуір.Он бір жасымда жазғы демалыста аудандағы әпкеме барып, Алматыда музыкаучилищесінде оқитын жігітті кездестірдім. Ол «Капитан Гранттың балалары»фильміне И.Дунаевский жазған увертюрасын (кіріспе) баянмен ойнап берді. Классикалықмузыканың тіліне содан «ғашық» болдым. Ауылға келе, соған ұқсас музыка шығарып,концерттерде орындап жүрдім.

Бір күні «Мәдениет және тұрмыс»журналынан дирижер Фуат Мансұровтың суретін көріп, өнер жолындағы адамныңерекше бейнелі болатынын байқадым. Сол, 11-12 жасымда-ақ өзіме де, өзгелерге демузыка ауылында қалатыным шүбәсіз болған. Алайда соғыстан мүгедек боп оралған әкеммені  механиктің оқуына жібермек еді.Шаруашылыққа бас-көз болса дегені болар.  Бірақ  8-сыныптан соң Алматыға,  П.Чайковский атындағы  музыка училищесіне  алып барды. Оған дейін бірнеше ән, баянға вальстер,марш, билер жазған едім. Арманым – композитор болу. Кейінірек симфониялықоркестрдің, операның дирижері болсам деймін. Бүгінде композитор болған сияқтымын,бірақ дирижерлік пультке жетуге саясатқа араласуым бөгет болды. Бәрі әскерденбасталды.

– «Әкем маған «Әміре ағаматартқан» дейтін» деп қалдыңыз. Әміреге қандай жақындығыңыз бар?

– ӘкемҚожахметұлы Кәрімжан –әйгілі Әміре Қашаубайұлының жақын туысы, нақтылап айтсам– Қашаубайдың қарындасынан туған. Аталарым Қожахмет пен Қашаубай бір руданболғанымен, аталары бөлек, жеті атадан асқандықтан, қыз алысқан. Әкем 1910 жылыАбыралының Дегелең болысынан сегіз жасында Семейге келіп, Әміре ағасының қолында өседі. Той-мерекелердің көркіболған Әміреге еріп жүріп, оның достары: ақын Иса Байзақовты, күш атасыҚажымұқанды көргенін, Алашорда өкіметі кезінде қызметке «пәпкесін қолтықтап»бара жататын Мұхтар Әуезовті сан рет көргенін әңгімелеп отыратын. Мен 1965 жылы Алматыдағы оқуға түскенімде, Әміреніңүлкен қызы Күлән апайдың үйінде жарты жылдай тұрдым. Әкемнің даусы  тенор еді. Таза, қатты шығатын. Қазақтың халықәндерін көп білетін. Сондай-ақ жаңадан шыққан, радиодан айтылған әндерді де тезжаттап, айтып отыратын. Әсіресе Садық Кәрімбаевтың әндерін ұнататын. Ал татаржырларын айтқанда, таусылмайтындай көрінетін. «Әміре ағам «домбыра, гармондыүйрен» деп үйге қамап кетуші еді, бірақ терезенің әйнегінен шығып, Ертіскебалық аулауға кететінмін», – деп өкінішпен әңгімелеуші еді әкем. Сөйтіп,теміржолшы мамандығын таңдапты.

Әкемсондай-ақ кітап оқығанды ұнататын. Өзі бала кезінде арабша сауат ашқандықтан,кирилл әріптерін жылдам оқи алмайтын. Сондықтан 1957 жылы өзі сатып әкелген«Батырлар жыры», «Рүстем-Дастан», В.Янның «Бату» сияқты кітаптарды әпкелерімедауыстап оқыттыратын, олар жоқта маған оқытатын. Әкем мүлікке қызықпайтын,өнерді сүйетін кісі еді. Сондықтан мен де, балаларым да, інілерім де негізіненгуманитарлық оқу орындарын тәмамдадық. Музыка училищесін бітіріп,консерваторияның композиторлық бөлімінде оқыдым.  Кейіннен ҚазҰУ-дың журналистика бөлімінбітірдім. Ал балаларым музыка, тарих, филология мамандары. Алайда бәрі де өзімсияқты – қазақтың халық музыкасы мен классикалық музыканы ғана тыңдайды. Кенжеінім мемлекеттік симфония оркестрінде қызмет етті. Ол сондай-ақ ән салу (вокал)бөлімін де тәмамдады.

Өнерге қызығу қаныңызда болғанымен,классикалық музыкаға құштарлығыңыз анаңыздан дарыған болар?

–Ненітұспалдап отырғаныңды түсіндім. Анам Екатерина да 1933 жылы Алматыда опералықстудияда оқыған, даусы жақсы болатын. Бірақ медицина саласына ауысып кетіпті. Анамныңұлтына келсек, әкесі Ефим Волченко – украиндік (запорожиялық) казактарәулетінен. Орыс деп жүрген композитор П.Чайковский мен жазушы Гоголь де осыұлттан ғой. Ал анасы жағынан поляк ақсүйектері Лисовскийлер әулетінен. Мұнымаған 1990 жылы Польшадан келген журналист, 1994 жылы Польша елшісі де айтты.Поляк, Беларусь, Ресей тарихтарында полковник Александр Лисовскийдің (1575-1616жж.)  әскери бүлікке (еңбекақыларын талапеткен) қатысқаны, Польша королі оны екі рет өлім жазасына кескен соң, өзінің «лисовчиктер»аталған әскерімен 1607 жылы Московияға өтіп, Мәскеу айналасын қатты шапқаныайтылған.


Диссидент деп атағандыұнатпаймын


 – Сонаусовет заманында-ақ «Совет Одағы отарлаушы» деп ашық айтуыңыз, бәлкім, осынағашы апаңыздан қалған шығар?

–  Кім біледі, бірақтарихын білмеген адам өз еліне, өз жұртына араша түсе алмайды. Жоғарыда айттымғой, әкем  «Батырлар жыры»,«Рүстем-Дастан», «Бату» сияқты тарихи кітаптарды оқытатын деп. Ұлт тарихынтүсіне бастасаң, саясатқа да сергек қарай бастайды екенсің.

1970-77жылдар аралығында «Интернационализм және оны орыстардың пайдалануы»,«Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы», «Одақ па, әлде отар ма?»,«Халықтарды ассимиляциялау кімдерге қажет?», «Ұлт мәселесінің тарихи шешімі»т.б. мақалалар жазып, Қазақстанның және басқа елдердің Ресей империясына өзеркімен қосылмағанын дәлелдеуіме тарихқа үңілуім себеп болса керек. Нәтижесінде«ақылдың азабынан», 1977 жылы КГБ тұтқындап, «СССР саясатына жала жапты» деп,екі жылға бас бостандығымнан айырды.

– Жалпы, жұртсізді диссидент деп қабылдайды. Осы атақ өзіңізге ұнай ма?

– Өзімді қазақхалқының құқығын қорғаушысы ретінде санаймын. Диссидент деп әркім әртүрлі айтыпжүр. Біреуі жай анекдот айтса да, диссидент болып шығады. Мен жүйелі түрдетарихты жазған адаммын. Оның барлығын бір сөзбен «диссидент» дей салған дұрысемес. Өзімді олай атағанын да жақсы көрмеймін. Ол бір сөз менің 50 жылғыжасаған іс-әрекеттерімді аша алмайды.

– Ал қазір түрмедеотырған Арон Атабектің диссиденттігі  жайлыне айтар едіңіз?

– Өзім үш ретсотталдым. Одан бөлек, алған ескертулерім бар. Ал Аронның бұрын ондай істіболғанын естіген  жоқпын. Оның басындағыіс – баспана мәселесі – әлеуметтік мәселе. Оны саясиландырып жатқан биліктіңөзі. Диссидент деген – саяси билікті, қоғамды өзгерту үшін талпыныс жасағанадам. Тек баспана, жер  мәселесінеқатысты шуға қарап, олай айта алмас едім. Билік халықты қорқыту үшін жазалағысыкелген адамын жазалады.

–Қалай десек те, заманыңыздаортаға, жүйеге сыймай жүрген жанның бірі өзіңіз болдыңыз. Досыңыз болды ма?

 – Жан досым композитор Жолан Дәстенов еді.1966 жылдың көктемінде Алматыда таныстық. Мен музыка училищесінде, олконсерваторияда бірінші курста оқитынбыз.  Кісіге жақсылық жасағысы келіп тұратын,өзгелерді сөзімен, мінезімен магниті бардай тартатын асыл азамат еді. Музыкалықшығармаларымды жазуда кеңесін беретін. 1979 жылы саяси сотталып, өнерде де, саясатта да жолым кесіліп қалғандаЖолан аға  музыкалық шығармашылыққаоралуыма рух беріп, Композиторлар одағында тыңдау ұйымдастырды. Арамыз алты жасболғандықтан, ол «Жүке деші» деп өтінсе де, мен «Жолан аға» деуімнен танбайқойдым.

Желтоқсанкөтерілісінен бір апта өткенде Жолан Дәстенов, Сағат Әшімбаев үшеуміз Колбинге,КГБ басшысына ата-аналар, еңбек ардагерлерінің атынан «желтоқсаншыларды жазаламауды,кешірімді болуды» сұрап хат ұйымдастырған едік. Мені соттағанда  басшымыз С.Әшімбаев теле-радио қызметкерлеріналты күн бойы менің сотыма қатысуға жіберді. Ал Жолан Дәстенов мені танитынқазақ зиялылары Шона Смаханұлы, Әсет Бейсеуов, Тілес Қажығалиев, ЖоламанТұрсынбаев т.б. ақын, композиторларды бастап алты күн сотыма қатысып, менібосатуды сұрап сотқа, Колбинге хаттар ұйымдастырған болатын. Ол 1991 жылықазаға ұшырап, қабырғамды сөгіп кетті.  Түсімде көремін, өлмеген екен деймін. Досымаарнап Виолончель мен фортепианоға арналған шығарма жаздым.

Жолантаныстырған композитор Тілес Қажығалиев құрдасыммен де арақатынасымыз жарасымдыболды. Ол да қайтыс болғаннан соң, Композиторлар одағына көп бас сұқпайтын болғанмын.Менің 1970-77 жылдар аралығындағы шығармаларымды зерттеп насихаттаған, өзі деаса батыл пікірлер айтатын тарихшы ғалым Қамбар Атабаевтың қазасы даденсаулығыма әсер етті.

Ән жанрындаавторлас ақындарымнан, әсіресе арамыз 18 жас болса да, Марат Ысқақов ағамен,сондай-ақ ақын Серік Тұрғынбекұлымен аса жақын болдық. Кейінгі жылдары БақытТурлиннің өлеңдеріне бірнеше ән жаздым. Соның бірін,  «Самайымды бояйын ба қараға?» деп аталатынәнімізді жуырда замандас бір әншіге орындап беріп едім,  жылап қалғаны… Қазіргі елірме-дырду,жалаңбұт «әншілермен» қатынасым жоқ. Ескі досым, әнші Жұмат Махамбетпен операғабарып тұрамыз. Ол досым 1988 жылы Арқалық түрмесіне маған кездесуге келген.

Тарих,филология, саясат, музыка салаларындағы зерттеулерім көңілінен шыққандықтан, жылылебіздерін айтып, шапағатын тигізіп жүрген заңгер Сабыр Қасымов, ғалымдар ҚайратЗакирьянов, Мәмбет Қойгелді, Талас Омарбек  секілді тағы да басқа азаматтар бар. Жиіараласуға уақыт тапшы болғанымен, оларды досымдай көремін. Өйткені  өзіңнің азапты өмірбаяныңды да өзіңненқызғанатын мерездер бар. Адамның қоғам үшін істеген ерлігін түсініп, бағалайбіліп, жылы лебізін білдірудің өзі де ерлікке пара-пар қасиет.          

Атағандарымелге ірі еңбектерімен белгілі азаматтар. Ал «Желтоқсан», «Азат» сияқты қоғамдықұйымдарда да, әділетті қоғам орнатсақ деген мақсатынан 30 жыл бойына танбайкеле жатқан батыр, адал достарым баршылық.   

– Сіздің өмірбаяныңызғақарасақ, өр мінезді, қызуқанды кісі көз алдымызға келеді. Бала кезден-ақ музыкаға жақынболдым дейсіз. Әдетте ондай балалар әлжуаз келетіндей еді. Студент кезіңізде де тәртіпті болдыңыз ба?

– Иә,тәртіпті болдым.1965 жылы музыка училищесіне оқуға түсісімен, күнде кешкісін операжәне балет театрынан шықпайтынмын.  Оданқалса, театр репертуарында, оқу бағдарламасында жоқ опера, симфония, тағы дабасқа классикалық шығармалардың күйтабақтарын сатып алуға ақшамды аямай жұмсап,өзім аш қалған кездер бастан талай өтті. 1967 жылы анам Алматыға келіп, маған біркиім әпермек болды. Алдырмадым. Киімнің орнына «Дон Карлос» операсыныңкүйтабақтарын алып берші дедім.  Қазір ойласам,сонда дұрыс істеппін. Мамам әперген киім әлдеқашан жыртылып қалар еді. Алсыйлаған сол күйтабағы, міне, 55 жыл өтсе де, жаңа күйінде үйімде сөреде тұр.Баға жетпес қазынам – осы.

Албұзықтыққа келсек, ондайлар да болды енді.  Бірде стипендия алған күні ғой, жатақханадағыесіктің әйнегін сындырып қойдым. Комендант кемпірдің арызымен директорғашақыртты.  Анау-мынау зекулер айтылғаннансоң, директор қандай шара қолданамыз десе, Петренко мұғалім «оқудан шығарукерек» деді. Сонда директор Батыр Амангелдиев: «Ау, бұл студентті күнде кешкеопера театрынан көремін, музыканы соншама сүйетін оны қалайша оқуданшығармақпын!?» деп, 80 тиын ғана төлеттірген. Директордың өзі қосымша, кешкісінтеатрдың оркестрінде тромбонда ойнайтын.

«Халықаспаптары» бөлімінен «Музыка теориясы» бөліміне ауысқанымда, аса қаталұстазымыз Эрнст Феллер менің әлемдік классикалық музыкадан хабарым молдығынатәнті болғандықтан, ауылдан  кешігіпкелетін әдетімді үнемі  кешіретін.

Ал 1974жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға түскенімде,  композиторлық факультет меңгерушісі ҚұдысҚожамияров мені қабылдауға қарсы болып: «Бізге дайын композитор емес, тілалатын оқушы керек», – деді. Сөйтсем, мен оқуға түсуге төртінші курста талапетілетін шығармалар жазып алып келіппін: «Балқадиша» атты симфониялық-вариация,халық аспаптары оркестріне арналған «Кенеке» (Кенесары) поэмасы, виолончель,труба, фортепиано, домбыра аспаптарына ірі пьесалар, романстар т.б.   

Менікомпозитор Ғазиза Жұбанова апай қолдады. Алайда сол жылы Ғазиза апайконсерватория ректоры болып тағайындалды да, мені өз класына ала алмады.Композитор А.Бычков класында оқығанымда, оның шығарманы абстракционистерәдісімен жазуға бағыттағанын мен қабылдай алмадым. Сол кездері «Жас қазақ»астыртын партиясын құруға әрекеттер жасап, қазақты тәуелсіздік күресіне шақырып,үндеу мақалалар жазуға да уақыт қажет болып, өз өтінішіммен 1976 жылдыңжелтоқсанында консерваториядағы оқуды тоқтатқанмын. Алайда әлгі, оқуға түсугеалып келген, Қ.Қожамияров «менсінбеген» шығармаларымның көпшілігі орындалды.Валторнаға 1973 жылы жазған «Қайран далам!» атты пьесам 1977 жылдан осыконсерваторияның, тіпті кейбір Ресей консерваториясының оқу бағдарламасынаеніп, дипломдық концерттерінде орындалып жүр.

Консерваторияданкеткеніммен, Ғазиза Жұбанова ұстазыммен Таутүргендегі шығармашылық үйінде, Есікқаласындағы үйімде кездесіп тұрдық. Желтоқсан көтерілісіне қатысып, тергеудежатқанымда мені түрмеден босатуды сұраған Жолан Дәстенов бас болып, достарымқолдарын қойған хатты алып Күләш әпкем Ғазиза апайдың үйіне барыпты. Сондаапай: «Ой, айналайын-ай! Менің күйеуім Әзірбайжан Мәмбетов алаңда ұсталғаныүшін өзіміз де тергеудің астындамыз, мені ректорлықтан босатты. Сондықтан Хасендіқорғап қойған қолым билікті одан әрі ашуландырмаса, көмегі тие қоймас-ау», –депті. Осындай қорлаудың әсерінен Ғазиза апай екі жыл өтпей қайтыс болды.Желтоқсандықтар осы отбасының да нағыз желтоқсандықтар екенін естен шығарабереміз.

Айтпақшы,Алматы консерваториясында 1996 жылы менің ән кешім өткізілгенде, ректорД.Қасейінов ұйымдастыру шаруаларын Қ.Қожамияровтың қызына тапсырыпты. Бұл дабір Тәңірдің ісі шығар!?.

Өнер жолында жүріп саясатқа өміріңіздіңбіраз бөлігін арнадыңыз.

Уақытым зая кетті дегенөкініштер болмай ма?

– Жартыжылдан кейін, 2020 жылғы 13 ақпан күні, алғаш рет саяси түрмеге қамалуыма 50жыл толады. Қазір біреулер саясатқа депутат болсам, мансапқа жетсем депараласады. Ал менің саясатқа араласуыма 20 жасымда әскерде ұлтыма тіл тигізгенісебеп болды. 1970 жылдары КСРО саясатын да депутат болу емес, жазаға тартыларымдыбіле тұра сынадым. Өйткені көзім көріп тұрған әділетсіздікке үндемей қалуғанамысым жібермеді. Қазіргі шығып жатқан саясатшылардан менің айырмашылығым осында.    

Қазірде «1995 жылы парламент таратылған кезде қабылданған Конституцияны, сайлаутуралы заңдарды  демократияландыруқажеттігін» айтып отырмыз. Қытайдың 51 ірі кәсіпорны елімізге экологиялық, демографиялықапат алып келмей ме деп, ол кәсіпорындар қай жерден ашылады, олардың орналасукартасын халыққа жариялауды талап етудеміз. Шын мәнінде мұны саясат депсанамаймын. Бұл – халқымыздың құқықтарын, елді, жерді, өмірімізді қорғау. Осыныайттың деп, билік маған ауылға көшуіме арендаға жер бермей, ұлт-азаттық күресімтуралы тарихшыларға конференциялар жасатпай, телеарна, газет-журналдарға шығуымдышектеп келеді. Маған халықтың еңбекақысы, зейнетақы дұрыс болса, басқасы керекемес еді. Жетпіс жасқа келгенімде мансап, қызмет іздеп отырғаным жоқ.  Шүкір, жазған, артыма қалдырған музыкалықшығармаларым, кітаптарым, зерттеулерім, танымдық дүниелерім баршылық. Алсаясаттағы еңбегім зая кетті ме? Иә деуге де, жоқ деуге де болар.

Бұрынғыдайбодан ел емеспіз. Тәуелсіздік тізгіні өзімізде. Бірақ...

1972 жылы жазған«Интернационализмжәне оны орыстардың қолдануы» деген мақаламда: «Айналаңа қарасаң, өзіңнің қазақ жерінде тұрғандығыңды сезінбейсің:көшеде, жұмыста… барлық жерде орыс, орыс тілі, орысша жазу», – деппін. Енді,міне, жарты ғасыр өткенде айналама қарасам, әлі сол күйдеміз. Отыз жылдан берібөркімізді көкке атып «тәуелсізбіз» деп алақайлай тұра, отаршылдардың тілінежабысып айырылар түріміз көрінбейді. Бұрын тек орысша болса, енді оған қоса, Қазақеліндегі мекеме, дүкен, тағы да басқалардың атаулары ағылшын,  қытай,  арабтілдерінде.

Сол мақаламда және: «Қазақстанда орыс мектептерінде қазақтілі пәні өтіледі. Бірақ 10 жыл оқып, оқушылар бір ауыз қазақша сөз білмейшығады. Өйткені қазақ тілі әншейін, көзбояу үшін, қалай болса солай өтіледі», –  дегенмін. Содан бергі 50 жылда ел жағдайы жаңармаған. «Сонда мен не үшін пәлен реттүрме азабын тартып, анам мен туыстарымды, бала-шағамды қайғыдан қанжұтқыздым?!» деген ойға қаламын.

–Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбатты жүргізген Әсмира Ермекқызы

Фото: azattyq.org   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11